Педагогикалық жоғары оқу орны мен білім беру ұйымдары



Pdf көрінісі
бет1/66
Дата28.01.2017
өлшемі8,33 Mb.
#2877
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 



ҚОСТАНАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ 

ҚОСТАНАЙ Қ. «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ» ББМ ФИЛИАЛЫ 

 

 

 



 

 

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ МЕН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ 



ТОҒЫСЫНДА ИННОВАЦИЯНЫҢ ТƏЖІРИБЕГЕ ЕНГІЗІЛУІ» 

АТТЫ АЛТЫНСАРИН ОҚУЛАРЫ 

 

 

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ 



КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ  

МАТЕРИАЛДАРЫ

 

 

IІ КІТАП 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

ІІ КНИГА 

 

МАТЕРИАЛЫ  

 РЕСПУБЛИКАНСКОЙ 

НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ 

 

 



АЛТЫНСАРИНСКИЕ ЧТЕНИЯ 

 «ИНТЕГРАЦИЯ ПЕДВУЗА И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ 

ПО ВНЕДРЕНИЮ ИННОВАЦИЙ В ПРАКТИКУ» 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

12 ақпан 2016ж., Қостанай қ. 

г.Костанай, 12 февраля 2016 г. 


 

ƏОЖ 37.0 



КБЖ 74.00 

П 23 


РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ 

РЕДАКЦИОННАЯ КОЛЛЕГИЯ 

 

  Баймырзаев  Қуат  Маратұлы,  Қостанай  мемлекеттік  педагогикалық  институтының  ректоры,  география 

ғылымдарының докторы, профессор, (ұйымдастыру комитетінің төрағасы); 

  Əбіл  Еркін  Аманжолұлы,  ғылыми  жұмыс  жəне  шетелмен  байланыс  жөніндегі  Қостанай  мемлекеттік 

педагогикалық институтының проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор; 

  Ахметов  Төлеген  Əлмұханұлы,  тəрбие  жұмысы  жəне  əлеуметтік-экономикалық  мəселелер  жөніндегі 

проректор, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент; 

  Онищенко  Елена  Анатольевна,

  Қостанай  қаласындағы  ББМ  "Педагогикалық  шеберлік  Орталығы" 

филиалының директоры;

 

  Мырзагалиева  Арилана Ермекқызы,  Қостанай  қаласындағы  ББМ  "Педагогикалық  шеберлік  Орталығы" 



филиалының аға менеджері; 

  Ардабаева  Балқадиша  Каримқызы,  Қостанай  қаласындағы  ББМ  "Педагогикалық  шеберлік  Орталығы" 

филиалының аға менеджері; 

  Тажигулова Гульмира Олжабайқызы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор; 

  Айдналиева Назгүл Аманжолқызы, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының психологиялық-

педагогикалық факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент; 

  Өтегенова  Бибігүл  Мазанқызы,  Қостанай  мемлекеттік  педагогикалық  институтының  педагогика 

кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент; 

  Шумейко Татьяна Степановна, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент. 

 

П 23  «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ЖОҒАРЫ  ОҚУ  ОРНЫ  МЕН  БІЛІМ  БЕРУ  ҰЙЫМДАРЫ  ТОҒЫСЫНДА 



ИННОВАЦИЯНЫҢ 

ТƏЖІРИБЕГЕ 

ЕНГІЗІЛУІ» = «ИНТЕГРАЦИЯ 

ПЕДВУЗА 

И 

ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ  ОРГАНИЗАЦИЙ  ПО  ВНЕДРЕНИЮ  ИННОВАЦИЙ  В  ПРАКТИКУ». – 

Қостанай, 2016. – 457 б. 

 

ISBN 978-601-7839-09-3 

 

Республикалық  ғылыми-практикалық  конференцияға  жоғары  оқу  орындары  мен  колледждер 

оқытушыларын,  ПШО-ның  тренерлерін,  сертификатталған  мұғалімдерді,  тірек  жəне  пилоттық  мектеп 

мұғалімдерін,  ААҚ  «Назарбаев  Зияткерлік  мектебін»,  жоғары  оқу  орындарының студенттері  мен  магистрлері 

жəне  докторларын  (автордың  жетекшілігімен),  сонымен  қатар,  барлық  қарастырылатын  мəселелер  бойынша 

қызығушылық танытқандарды

 

шақырамыз. 



Конференция  қорытындысы  бойынша  конференцияның  мақалалар  жинағы  электронды  форматта 

жарияланады. Жарияланатын мақала жинағы тиісті ISBN басылымы индиксі мен кітапхананың УДК жəне ББК 

индиксіне сəйкес.  

Конференцияға  қатысушыларға  əр  автордың  конференцияға  қатысуын  растайтын  ұйымдастыру 

комитеті мөрiмен расталған жəне қол қойылып бекітілген формасы түрінде тіркелеген сертификат табысталады. 

 

Для участия в республиканской научно-практической конференции приглашаем преподавателей вузов, 



колледжей, тренеров ЦПМ, сертифицированных учителей, учителей пилотных и опорных школ, учителей АОО 

«Назарбаев  Интеллектуальные  школы»,  докторантов,  магистрантов,  студентов  высших  учебных  заведений  (в 

соавторстве с руководителем), а также всех, проявляющих интерес к рассматриваемой проблематике. 

По  итогам  конференции  будет  издан  сборник  статей  конференции  в  электронном  формате. 

Выпускаемый сборник имеет соответствующие библиотечные индексы УДК и ББК, печатный книжный индекс 

ISBN.  


По  результатам  участия  в  конференции  каждый  автор  получит  именной  сертификат  утвержденной 

формы с печатями и подписями оргкомитета, подтверждающий участие в конференции. 

 

ƏОЖ 37.0 



КБЖ 74.00 

 

 

 

ISBN 


978-601-7839-09-3 

    


© 

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, 2016 

 

 

 



 

 

 © Костанайский государственный педагогический институт, 2016 



 

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ЖƏНЕ МЕКТЕПТЕРДЕГІ 



ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ: ТАЛДАУ,  

ЖОБАЛАУ ЖƏНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 

 

ИННОВАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ В ВУЗЕ И ШКОЛЕ:  

АНАЛИЗ, ПРОЕКТИРОВАНИЕ И РЕАЛИЗАЦИЯ

 

 

 



Айдарова Ақмарал Зияшевна 

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ аға оқытушы 



Абдуллина Ақжүніс Гафуровна 

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ оқытушы, география магистрі 

Ақтөбе қаласы 

 

ЖОБА ƏДІСІ – ҚАЗІРГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ РЕТІНДЕ 



 

АННОТАЦИЯ 

Мақалада жоба əдісінің міндеттері, жобалар классификациясы жəне аталған əдістің 

қазіргі білім берудегі маңызы туралы қарастырылған.  

Түйінді  сөздер:  технология,  жоба  əдісі,  жоба  типологиясы,  жобалау  іс-əрекетінің 

кезеңдері, шығармашылық белсенділік. 

АННОТАЦИЯ 

В  статье  рассматриваются  задачи,  которые  решает  проектная  деятельность, 

классификация проектов и место данного метода в современной педагогике. 

Ключевые слова: технология, метод проекта, типология проектов, этапы проектной 

деятельности, творческая активность 

АBSTRACT 

 The article considers the problem to be solved by the project activity , the classification of 

projects and place this method in modern pedagogy. 

 Keywords: technology, project method, the typology of projects, phases of project activity, 

creative activity 

 

Қазіргі  заманғы  білім  беру  жүйесінің  алдындағы  міндет  білім  беру  процесі  сапасын 

көтеру үшін түрлі тəсілдерді жан-жақты қарастыруды талап етеді. 

Білім  беру  процесіне  қандай  да  бір  əдістемелерді  енгізуде  маңызды  фактор  болып 

қоғам  дамуының  белгілі  бір  кезеңінде  білім  беру  жүйесінің  алдына  қойылған  міндеттер 

болып табылады. 

Оқыту əдістерінің көптеген классификациясы бар, олардың əрқайсысында зерттеушілік 

əдіс бар. Яғни, студенттерге танымдық мақсатта тапсырма беріледі, оны студент өз бетінше 

қажетті  əдістерді  жəне  педагог  көмегін  пайдалана  отырып  шешеді.  Жоба  əдісін  де 

зерттеушілік  типке  жатқызуға  болады.  Мұнда  студенттер  жеке  белгілі  бір  қойылған 

проблема бойынша айналысады.  

Жоба  əдісінің  мақсаты  студенттерге  түрлі  дерек  көздерінен  өз  бетінше  білім  алуға; 

танымдық  жəне  практикалық  тапсырмаларды  шешу  үшін  алынған  білімдерін  пайдалануға; 

түрлі  топтарда  жұмыс  жасай  отырып,  коммуникативті  іскерлікті  меңгеруге;  зерттеушілік 

іскерлігін  (проблеманы  анықтау  іскерлігі,  ақпарат  жинау,  бақылау,  эксперимент  жүргізу, 

талдау, болжам жасау, қорытындылау) дамытуға; жүйелі ойлауды дамытуға жағдай жасау. 

«Жоба» терминін алғаш болып 1908 ж. АҚШ-ғы ауыл шаруашылығы мектебінің тəрбие 

бөлімі  меңгерушісі  Д.Снедзен  пайдаланған. 19 ғасырда  фермерлердің  өмір  сүру  жағдайы 

олардың балаларының тұрақты мектепке баруына мүмкіндік бермеді. Себебі олар күз жəне 

көктем  маусымдарында  ауыл  шаруашылығының  жұмыстарына  тартылған  болатын. 


 

Американдық  педагогтар  практикалық  оқыту  болашақ  фермерлерді  оқытудың  негізі  деп 



есептеді.  Оқушылар  мектепте  үйде  орындау  үшін  жалпылама  атауы  «үй  жобасы»  деп 

аталатын бірқатар тапсырмалар алды. Осылайша жоба əдісі пайда болған. Ал, 1911 ж. АҚШ 

тəрбие Бюросы «жоба» терминін заңдастырды.  

Осылайша  жобалап  оқыту  технологиясы  өткен  ғасырдың  басында  АҚШ-та  дүниеге 

келген. Оны проблемалар əдісі деп те атаған. Американдық философ, əрі педагог Дж. Дьюи 

жəне оның оқушысы У.Х. Килпатрикті жобалау əдісінің негізін салушылар ретінде танимыз 

[1].  

Американдық педагогтар жоба əдісін оқытудың барлық сатыларында пайдаланды.  



Жоба  əдісін  пайдалану  оқушылардың  болашақтағы  кəсіби  іс-əрекеттерін  өз  бетінше 

анықтауға  мүмкіндік  береді.  Сонымен  қатар  американдық  педагогтар  жоба  əдісін 

пайдалануда қолайлы нəтижеге жету үшін төмендегідей міндетті жағдайларды атап көрсетті:  

1. Педагогтардың сəйкес біліктілігі; 

2. Кластағы балалар саны. 

Жобалап  оқыту  технологиясы  орыс  педагогтарының  да  назарын  аударған.  Жобалап 

оқыту идеясы Ресейде Америка педагогтарымен қатар келген. 

Ресейде 20 ғасырдың  басында  жоба  əдісіне  көп  көңіл  бөлген  С.Т.  Шацкий  болды.  Ол 

1905 жылы оқу үрдісінде жобалап оқыту технологиясын пайдаланды.  

Кейін  Совет  үкіметі  тұсында  бұл  əдіс  кең  қолданылған,  бірақ  қалай  пайдалану  керек 

екендігі  аяғына  дейін  ойланып,  ұйымдастырылмады. 1917 жылы  жас  Кеңес  үкіметінің  өз 

проблемалары: экспроприация, индустриаландыру, ұжымдастыру, т.б. болды. 1931 жылы ЦК 

ВКП(б)  қаулысымен  жобалап  оқыту  технологиясы  сынға  алынып,  қолдануға  тыйым 

салынған. 

Осы жоба негізінде 1990 жылдары Жапония өз экономикасын көтеруге мүмкіндік алды. 

Уақыт  өте  келе  жоба  əдісі  кейбір  эволюцияға  ұшырады,  бірақ  оның  мəні  өзгермей 

қалды. Бұл əдістің əлемнің көп елдерінде кеңінен қолданылу себебі оқушылардың əр түрлі 

пəндерден алған білімін проблеманы шешу кезінде біріктіруге көмектесуінде, алған білімді 

практика жүзінде қолдана алуында, ол кезде жаңа идеялар пайда болады. Жоба əдісі белсенді 

əрі  жетістікпен  АҚШ,  Ұлыбритания,  Бельгия,  Израиль,  Финляндия,  Германия,  Италия, 

Бразилия, Нидерландия жəне т.б, көптеген елдерде нақты проблеманы шешуде қолданылып, 

теориялық білім мен оның практикада қолданылуын қамтамасыз етті.  

Жоба əдісі басқа əдістер сияқты оқытудың көптеген əдіс-тəсілдері арқылы жүзеге асуы 

мүмкін, cоның  ішінде  жаңа  ақпараттық  технологияны  қолдануға  да  болады.  Оған: 

компьютерлік  телекоммуникация,  электрондық  база  мəліметі,  виртуальды  библиотека, 

мультимедиялық  құралдар,  аудио-  жəне  видеоконференциялар  т.б.  Сондықтан  жоба  əдісі 

бүгінде екінші рет өмірге қайта келді десек те болады. 

Жобаның типологиясы 

Жобаның  бірыңғай  ортақ  типологиясы  жоқ.  Əр  түрлі  əдебиеттерде  түрлі  авторлар  өз 

нұсқаларын  келтірген,  сондықтан  да  көптеген  деректер  негізінде  жалпылама  берілген 

нұсқасын беруге болады. 

Мазмұны бойынша жобалар былай бөлінеді: 

1.  Интеллектуалды  (зерттеушілік).  Мұндай  жобалар  толығымен  зерттеу  логикасына 

бағынады,  ғылыми  зерттеуге  негізделген  құрылымы  болады  (жоба  тақырыбының 

өзектілігінің дəлелденуі; зерттеу проблемасын анықтау, оның пəні мен объектісі, міндеттері, 

əдістері,  ақпарат  көздері;  проблеманы  шешудегі  гипотезалар  жəне  оны  шешу  жолдары; 

соның  ішінде  экспериментальды,  тəжірибелі  алынған  қорытындылар  мен  нəтижелерді 

талқылау;  зерттеу  нəтижелерін  рəсімдеу;  əрі  қарай  зерттеу  жүргізу  үшін  жаңа 

проблемаларды іздеу). 

2.  Материалдық – бұл  жобаларға  мысал  ретінде  білім  алушылар  жинақтаған 

гербарилерді,  тау  жыныстарының  коллекциясын  рəсімдеуді,  басқа  да  техникалық  жəне 

қолөнер  шығармашылықтарының  (динамикалық  плакаттар,  моделдер,  қабырға  стендтері, 

көрмелер, сабақтарға арналған таратпа материалдар, т.б.) нəтижелерін жатқызуға болады. 



 

3. Экологиялық. Бұл жобада білім алушылар қоршаған ортамен; табиғат ресурстарын, 



қалдық  материалдарды  (орман,  орман  шаруашылық  өнімдерін,  су  қоймаларын  тазалау, 

пайдаланған  шикізатттарды  жинау  мен  пайдалану)  тиімді  пайдаланумен  байланысты 

проблемаларды шешумен айналысады.    

4. Сервистік. Ақпаратты жинақтау, рəсімдеу жəне көрсету; оқу аудиторияларын, басқа 

да ғимараттарды жөндеу, т.б. жұмыстар жүргізу; қызмет көрсетудің барлық түрін көрсету.  

 5.  Əлеуметтік.  Бұл  жобалар  белгілі  бір  əлеуметтік  топтардың  жəне  барлық  қоғамның 

проблемаларын шешумен байланысты.  

6. Кешенді. Мұндай жобалар жоғарыда аталғандардың бірнешеуін біріктіреді.  

Ұзақтығы бойынша жобалар: 

- қысқа мерзімді (1-2 апталық); 

- ұзақ мерзімді (екі аптадан бірнеше айға, кейде тіпті жылға дейін созылады) [2]. 

Жоба əдісімен оқытудың артықшылықтары: 

- Топта жұмыс жасау дағдысы; 

- Қарым-қатынас дағдысы; 

- Жобаға қатысушылардың жеке дағдысының дамуы; 

- Жеке пікірімен жұмыс; 

  Жобалау іс-əрекетін бір ЖОО да мынадай бағыттарда жүргізуге болады: 

- Жалпы жобалар (олимпиада, байқаулар); 

- Тəрбие жұмысындағы жобалау (жорықтар, экскурсия, аудиториядан тыс аралар); 

- Оқу  процесіндегі  жобалау  (практикалық  жəне  студенттің  өзіндлік  жұмыстарының 

тапсырмалары түріндегі жобалар); 

Халықаралық жобалар (түрлі елдердің студенттерінің біріккен шығармашылығы)  



Жобаны дайындау жəне жүзеге асыру кезеңдері 

Жоба əдісі қазіргі уақытта оқытуда кеңінен таралған. Оны кез-келген оқу пəнін оқытуда 

көлемді  тапсырмаларды  шешуде,  əсіресе 2 жəне 3 курс  студенттері  үшін  пайдалануға 

болады. 


Жобаның жүзеге асуын төмендегі кестеге сəйкес бөліп көрсетуге болады: 

1-кесте 


Кезеңдері__Жұмыс_мазмұны__Студенттің__іс-__əрекеті'>Жобаны жүзеге асыру кезеңдері 

Кезеңдері 

Жұмыс мазмұны 

Студенттің 

іс-

əрекеті 

Оқытушының 

іс-

əрекеті 

1.Ұйымдастырушылық-дайындық кезеңі 

Мотивация жəне 

мақсатты 

тұжырымдау 

кезеңі 

- тақырыпты анықтау;  



бір 


немесе 

бірнеше 


проблеманы анықтау;  

-  соңғы  нəтиженің  мақсатын 

нақтылау;  

- жұмыс тобын таңдау. 

Ақпаратты 

нақтылайды. 

Тапсырманы 

талқылайды. 

Проблеманы 

айқындайды. 

Жобаның 

мақсатын 

қоюға 

көмектеседі. 



Бақылайды. 

Жоспарлау 

кезеңі 

-  проблеманы  талдау,  болжам 



ұсыну, əр болжамды негіздеу; 

-  ақпарат  көздерін  анықтау,

оларды  жинау  жəне  талдау 

тəсілдері;  

-  міндеттің  қойылуы  жəне 

нəтижені  бағалау  критерийін 

таңдау;  

- топтағы рольдерді бөлу. 

Проблеманы  шешу 

болжамдарын 

ұсынады, 

міндеттерді 

айқындайды. 

Ақпарат  көздерін 

анықтайды.  

Талдау  жасау  мен 

жинақтауда 

(синтездеуде) 

көмектеседі. 

Бақылайды.  

Шешім 

қабылдау кезеңі 



-  қабылданған  болжамдарды 

тексеру  əдістерін  талқылау 

(«миға шабуыл» т.б.); 

-  тиімді нұсқаны таңдау; 

Тексеру  əдістерін 

талқылайды.  

Тиімді 

нұсқаны 


таңдайды.  

Бақылайды. 

Консультация  береді. 

Өтініш 


бойынша 

кеңес  береді.  Жанама 



 

Кезеңдері 



Жұмыс мазмұны 

Студенттің 

іс-

əрекеті 

Оқытушының 

іс-

əрекеті 

-  нəтижені  көрсету  тəсілдерін 

анықтау; 

-  ақпарат  жинау – сұхбат, 

сауалнама, 

бақылау, 

тəжірибелер. 

Ақпарат  көздерін 

нақтылайды.  

басқарып отырады. 



2.Технологиялық кезең 

Жобаны 


орындау кезеңі 

Болжамды 

куаландыратын 

немесе  теріске  шығаратын 

қажетті 

ақпаратты 

іздеу. 

Жобаны орындау. 



Ақпаратпен жұмыс 

жасайды.  Зерттеу 

жүргізеді.  Идеяны 

синтездейді  жəне 

талдайды.  Жобаны 

рəсімдейді. 

Оқытушы бақылайды, 

Преподаватель 

наблюдает,  тексереді, 

консультация береді. 



3.Жалпылау (рефлексивті) кезең 

Жобаны  қорғау 

кезеңі 

-  баяндаманы  даярлау  жəне 



рəсімдеу;  

- процесті негіздеу, жобалау; 

алынған 


нəтижелерді 

түсіндіру; 

- жобаны ұжымдық қорғау. 

Жобаны қорғайды. Бақылайды. 

Қорғау 

процесін 



бағыттап 

отырады 


(қажеттілігіне орай). 

Қатардағы 

қатысушылар  ролінде 

сұрақтар қояды.  

Тексеру 

жəне 


нəтижені 

бағалау кезеңі  

жобаның 


орындалу 

нəтижесіне 

талдау 

(жетістіктері жəне сəтсіздігі); 



қойылған 

мақсаттың 

жетістігіне талдау; 

-  нəтижені  бағалау,  жаңа 

проблемаларды айқындау. 

Жобаны 

ұжым 


бойынша 

өзіне 


талдау  жасау  жəне 

өзін-өзі бағалау. 

Ұжымдық 

талдауға 

жəне  жоба  нəтижесін 

бағалауға қатысады.  



 

Жоба əдісі көбінесе бір ғана аудиториялық сабақпен шектелмейді (бірнеше сабақтарға 

созылуы  мүмкін)  жəне  студенттердің  аудиториядан  тыс  ауқымды  жұмыстарын  да  қажет 

етеді [3]. 



Жоба əдісінің тұлғаның шығармашылық белсенділігін арттырудағы ролі. 

Егер  шығармашылық  белгілі  бір  өзіндік  ерекшелігі  бар  жəне  жаңаға  қол  жеткізу 

ретінде  түсіндірілетін  болса,  креативтілік  адамның  ішкі  ресурсы,  əлеуеті  ретінде 

қарастырылады. 

Креативтілік – адамның  конструктивті,  қалыптан  тыс  ойлау,  сонымен  қатар  өз 

тəжірибесін түсіну жəне дамыту қабілеті. 

  Креативтілік  бірнеше  алуан  түрде  көрініс  табады.  Креативтілікті  анықтайтын 

категориялар: 

- шапшаңдық; 

- икемділік; 

- нақтылық; 

- өзіндік ойлау; 

- еркін қиял; 

- əзілді түсіне білу; 

- жоғары эстетикалық құндылық; 

проблеманы талдау дəрежесі.  

 

Бұл қабілеттерді жетілдірудің жағдайы бұл өз-өзін ұстауы жəне өзіне деген сенімділік. 



Креативтіліктің  көрінуінің  маңызды  бөлігі  ойлау  ерекшелігіне  байланысты.  Тəжірибе 

жүзінде  негізделген  шығармашылық  жетістіктерге  жетуге  мүмкіндік  беретін  ойлау 



 

ерекшеліктерін  Дж.  Гилфорд  ұсынған.  Ол  шығармашылық  үшін  конвергентті  (логикалық, 



бірізділік,  бір  қалыпты)  жəне  дивергентті  (біртұтас,  интуициялық,  релятивті)  ойлаудың 

интеграциясы қажет деп санады [4].  

Ол ойлау интеграциясының нəтижесін мынадай ерекшеліктермен көрсетеді: 

- Шапшаңдық көптеген идеялардың туындауына; 

- Икемділік кең ауқымдағы алуан түрлі идеялардың туындауына себеп болады; 

- Ерекшелік қайталанбас идеялардың туындауына; 

- Нақтылық ойлаудың аяқталған өнімін көрсетуге мүмкіндік береді.  

Шығармашылық – бұл  қайталанбас,  жаңаның  бастамасы,  бұл  əрқашан  қандайда  бір 

шеңберден  шығу,  түсіну  мен  көріністің  жалпы  қабылданған  тəсілдері.  Шығармашылық 

тұлғаның ғылыми, көркемөнерлік сияқты бейімделмеген белсенділігі. 

Бейімділік  жұмыс  жасау  барысында  мақсат  пен  нəтиженің  келісімінен,  сəйкестігінен 

көрінеді.  Бейімделмеушілік  тұлғаның  белсенділігінің  мақсаты  пен  нəтижесінің  арасында 

қарама  қарсы  қатынас  қалыптасады:  мақсат  іс-əрекетімен,  түпкі  ойы  нақты  көрсетуімен, 

талаптары қорытындымен сəйкес келмейді. Бейімделмеушілік ерекше мақсатты тұжырымдау 

процесімен сипатталады. Мақсатты тұжырымдау негізіне таным, рефлексия жатады. 

Ақпараттық  технология  қоғамы  немесе  «постиндустриалды  қоғам»  ХХ  ғасырдың 

аяғындағы  индустриалды  қоғамнан  айырмашылығы  оның  азаматтары  өз  бетінше,  белсенді 

əрекет етуге, шешім қабылдауға, өмірдің өзгермелі жағдайларына тез бейімделуге қабілетті 

болуы керек. 

Осылайша  қазіргі  ақпараттық  қоғамда  барлық  оқу  орындарының  алдына,  əсіресе 

мектепке төмендегідей қабілетті түлектерді шығару міндеті қойылып отыр: 

- Өзгермелі өмір жағдайларына тез, əрі оңай бейімделу, қажетті білімді өз бетінше алу 

жəне оны практикада түрлі проблемаларды шешуде тиімді пайдалану; 

- Өз  бетінше  сыни  ойлау,  пайда  болған  проблемаларды  көре  алу  жəне  қазіргі 

технологияларды пайдалана отырып, оларды шешудің тиімді жолдарын табу; 

- Жаңа идеяларды ұсынуға қабілетті болу, шығармашылық ойлауға икемділік; 

- ақпаратпен сауатты жұмыс жасау; 

- ой өрісін, адамгершілігін, мəдени деңгейін дамыту үшін өз бетінше жұмыс жасау; 

- коммуникабельді  болу,  түрлі  облыстармен  байланыса  отырып,  түрлі  жағдайларда 

жəне əр түрлі əлеуметтік рольдерде жұмыс жасай алу. 

Осылайша,  білім  берудің  жаңа  оқушы – пəндік-ақпараттық  орта – мұғалім 

парадигмасының қажеттілігі туындайды. 

Осы  тұрғыда  жобалау  іс-əрекетінің  студенттер  үшін 2-кестедегідей  оң  жақтарын 

ерекше көрсетуге болады. 

 

Жобаны орындау барысында қадам бойынша студенттерде 



қалыптасатын іскерліктер мен дағдылар: 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет