Ғылыми шыгармашылық қоршаған ортаны танып білуге, оқыту процесін ұйымдастыруға оны өзгертуге және жетілдіруге тікелей бағытталған танымдық іс -әрекет



Дата22.10.2023
өлшемі50,77 Kb.
#120562

Ғылыми шыгармашылық - қоршаған ортаны танып білуге, оқыту процесін ұйымдастыруға оны өзгертуге және жетілдіруге тікелей бағытталған танымдық іс -әрекет.
Ғылыми шығармашылық үш кезең арқылы жүзеге асады
Проблемалық (таным немесе практикалық іс - әрекет кезінде) ситуациялардың пайда болуымен, оны алғаш кезеңдік талдау және проблеманы түйіндеу арқылы сипатталады.
II кезеңі - проблеманы шешу жолдарын іздестіру.
Бұл әрекет бар білімдер негізінде проблеманы детальды талдаумен аяқталады.
Зерттеу объектісіне кажетті болған білімдерді толықтыру, қажетті әдебиеттер көмегімен немесе
тәжірибелік эксперимент арқылы толықтырылады.
Көбінесе, бұл кезеңде - шешім принципті таза логикалы, дәлелді болады.
Шығармашылықтың III кезеңі - проблеманың табылған шешілу принципін жүзеге асыру.
Бұл кезеңде шешім принципі шығармашылықтың белгілі бір анықталған нәтижелері түрінде жүзеге асырылады: жаңа мәселенің шешілуі; конструкция, теория (қағида) т.б.
Дәйектеу және жасау.
Алынған нәтиже, экспериментальды тексеріліп, басқа теориялық мәліметтермен тұжырымдалады.
Брокгауз бен Эфрон сөздігінде «шығармашылық» ұғымы «жаңа нәрсені жасау», кең мағынасында немесе жалпы мағынада «ой әрекетін білдіретін шартты терминнің бір түрі» ретінде түсіндіріледі. «Біздің санамыздан алынған мәліметтерді іске асыруда, жаңғыртуда немесе біріктіруде жаңа формада, абстрактілі ойлауда, көркемдік және практикалық қызмет саласында іске асырылады.»
Пономарев Я.А. Психология творчества.М.Наука,1976
Ғылыми шығармашылық – білімнің ең жоғарғы көрінісі, ғалымның қабілеті, оның зерттеліп жатқан құбылыстардың тереңіне, өзегіне енуге ұмтылысы.
Грязнов В.М.Методология научного творчества.М.изд.РУДН,2000
Ғылыми-зерттеу немесе ғылыми-зерттеу жұмысы үш негізгі құрамдас бөліктерді қамтиды.
мақсатты адам қызметі,
өзекті ғылыми жұмыс,
ғылыми жұмыс және ғылыми жұмыс құралдары тақырыбы
Зерттеу құралдарына түрлі процедуралар, әдістер, тәсілдер, методикалар, жүйелер мен методологиялар кіреді. Бұл түсініктер төмендегі логикалық қатарды құрайды.
Әдіс - зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше метематикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға негізделген түрі.
Процедура – белгілі бір операциялар жиынтығының орындалуын қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің жиынтығы.
Тәсіл – күрделі әдіс болып табылады, ол зерттеу барысындағы бірнеше нысаналы әдістердің жиынтығы.
Методика – бір немесе бірнеше әдістер жиынтығына негізделген зерттеу жолдары, немесе олардың жиынтығына негізделген әдістер.
Методология - зерттеу әдістері, жүйелері мен методтары жөніндегі білімнің жиынтығы.
Жүйе – күрделі құбылыстар мен процестерді зерттеу үшін қажетті техникалық құралдар мен методикалардың жиынтығы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет