Педагогикалық кеңестің Бекітемін: №1 2023 жылғы



бет1/5
Дата15.10.2023
өлшемі28,72 Kb.
#115426
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ішкі тәртіп


Педагогикалық кеңестің Бекітемін:
№ 1 2023 жылғы 31.08. Мектеп директоры:

хаттамасында қаралып ________ Ж.А.Сабиров
бекітілген 2023.ж. "_31_"___08___

№6 Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі кмм




МЕКТЕПТтің ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕСІ МЕН
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТӘРТІБІ
Мектеп қауымдастығында бір-біріне құрметпен қарау маңызды:
педагогті «мұғалім» немесе аты-жөні бойынша атауы;
педагогтің білім алушыны аты-жөнімен атауы;
мұғалімдер бір-бірін аты-жөні бойынша атауы.

Қазақтың мақалында: «Сәлем-сөздің анасы», - делінген.


«Сәлеметсіз бе!»
«Қайырлы таң!»
«Қайырлы күн!»
«Қайырлы кеш!»
«Сау болыңыз!»
«Сау бол!»
сөздерін қолдана отырып, білім алушылар мен педагогтер арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыру маңызды.
Мектепте оқу үрдісінің ұйымдастыру тәртібі
1. Мектеп сабақтары мектеп директоры бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі.
2. Сабақ ұзақтығы 45 минут.
3. Қоңырау ұзақтығы санитарлық нормаға сәйкес мектеп директоры бұйрығымен анықталады. 
4. Қоңырау бойынша оқушылар сабаққа кіріп, дайындалады.
5. Мектепте сабақтар 8 сағат 00 минуттан басталады.
6. Қоңырау кестесі
7. Күшейтілген мектепішілік кезекшіліктер (мектеп дәліздері мен ауласы, бастауыш мектеп ғимаратына қарасты жол кезекшілігі, мобильді топтың кезекшілігі)


Мектептегі оқушылардың сабақтарға қатысуы және сыртқы келбетке қойылған талаптар

  1. Оқушы жолдан абайлап өтіп, жол жүру ережелерін ұстануы қажет.

  2. Міндетті мектеп формасы талаптарын сақтау. (түсі, ұзындығы, діни атрибуттардың болмауы, адам денсаулығына және өміріне қауіп төндіретін заттардың қосылмауын назарда ұстау)

  3. Оқушы мектепке сабақ басталуына 15-20 минут қалғанда келіп, таза әрі ұқыпты киінуі тиіс.




  1. Сыртқы киімнің қалталарында ұялы телефон, ақша, кілттер, басқа да құнды заттардың болуына тыйым салынған.

  2. Оқушы мектепте ұқыпты және шамданбаған шаш үлгісін ұстанып, өзімен таза қол орамалы мен тарақ болуы қажет.

  3. Оқушы жеке гигиенаны сақтауы қажет.

  4. Сабақтан қалып қойған оқушыларды кезекші әкімші немесе мұғалім тіркеп, күнделікке қалып қойғаны жайында жазады. Қалып қойған оқушылар тек кезекші әкімшінің рұқсатымен ғана сабаққа кіре алады.

  5. Жүйелі түрде сабақтан қалатын оқушылар мектеп әкімшілігіне түсіндіру үшін шақырылады.

  6. Оқушыларды сабақтан жіберу тек мұғалімнің келісімімен мектеп директоры немесе кезекші мұғалімінің бұйрығымен жүзеге асырылады.

  7. Оқушылардың оқу кезінде мектептен шығуы тек сынып жетекшінің немесе кезекші әкімшінің жазба рұқсатымен жүзеге асырылады. 

  8. Бөтен тұлғалардың мектепте болуы тек мектеп күзеті мен кезекші әкімшінің рұқсатымен ғана бола алады.

  9. Сыныптан тыс шаралар жоспарланбаса, сабақтар аяқталған кезде оқушылар 20 минуттан кейін мектептен кетулері тиіс. 

  10. Оқушы сабақтан қалса, сынып жетекшіге медициналық анықтама немесе ата-анасының түсініктемесін тапсыруы қажет.

  11. Оқушы себепсіз 3 күн сабақта болмаса, онда ол тек мектеп директоры атына ата-анасының жазба түсініктемесі негізінде ғана сабаққа келе алады. 

  12. Егер де мұғаліммен басқа келісімі болмаса оқушы босатқан сабақтарды барлығын бір аптаның ішінде өздігінен меңгеруіне жауапты.

  13. Оқушы сабақты босатса да мұғалімге босатқан сабағының есебін тапсырады және үй жұмысын орындайды.

  14. Оқушыны сабақтан босату үшін ата-ананың бірі мектеп директоры атына (3 күннен кем емес) өтініш білдіруі қажет. Осы кезде сабақтан қалған уақытты компенсациялау қажет, ол не өздік жұмысын жасап, не болмаса мұғаліммен қалған уақыттан бұрын немесе одан кейін қосымша сабаққа баруы тиіс. Босатқан сабақтар үшін оқушы тиісінше бақылау жұмыстарын орындайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет