18. Мұғалімнің рұқсатынсыз кабинеттерден кілтті алу, сыныптарда жабылып, өз бетінше әйнектерді ашуға.
Оқушылардың тәртібіне қойылатын жалпы талаптар 1. Мектеп оқушылары үлкендерге сыйластықпен қарау қажет, педагогтарға «Сіз» деп және толық аты мен әкесінің атын атауға міндетті.
2. Оқушылар үлкендерге, үлкен оқушылар кішілерге, ұлдар қыздарға жол берулері тиіс.
3. Оқушылар мектептен тыс өзін дұрыс ұстап, мектеп атына кір келтірмеулері қажет.
4. Мектеп оқушылары сөйлеу мәдениетіне назар аударып, ана тілі тазалағын сақтаулары қажет.
5. Оқушылар мектеп мүлкін ұқыпты ұстап, өзінің мүлкімен қоса, өзгенің де мүлкіне ұқыптылықпен қараулары тиіс.
6. Оқушылар есіктерді қатты жаппай, ойнамай, ұқыпты қараулары жөн.
7. Оқушылар Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң түрде сақтаулары міндетті.
8. Мектеп бойынша кезекшілерге немесе мектеп қызметкерлері ескертулеріне дұрыс жауап беру керек, мектеп бойынша кезекші немесе мұғалімнің бірінші талабы бойынша тегі мен оқитын сыныбын айтулары қажет.
9. Үлкендермен сөйлескен кезде дөрекі мінез-құлық танытпай, қолын қалтада ұстамай, дұрыс сөйлеуі қажет.
10.Оқушылар мектеп мүлкін бұзғанға жауапты (соның ішінде ата-аналар арқылы материалдық жауапкершілікке тартылады)
Тәртіптік бұзушылықтар Тәртіптік бұзушылықтар деп мектепте оқушылар Тәртіп ережелерін бұзу әрекеті есептеледі.
Тәртіптің дөрекі бұзушылықтары деп ауыр жағдайға әкеліп соғатын нәтижесі есептеледі, олар:
- оқушылардың, қызметкерлердің немесе мектепке келген адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келген жағдайда;
- мектеп, оқушы, қызметкерлер және мектепке келген адамдардың мүлкіне зиян тигізген жағдайда;
- оқу үрдісін үзген жағдайда, мектеп жұмысының білім мекемесі ретінде шырқын бұзған жағдайда.
Мектеп мұғалімдеріне қойылатын талаптар 1. Мектепте де, мектептен тыс та моральдық норманы сақтап, тәртіп жағынан үлгі болу.
2. Жұмысқа сынып жетекші болса да, болмаса да сабаққа 20 минут қалған кезде келу.
3. Ереже мен нұсқаулықтарға сәйкес қарастырылған қауіпсіздік техникасы бойынша, өндірістік тазалық сақтау және өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын қатаң түрде сақтау, жарақаттанған кезде және басқа да жағдайлар жайында жедел түрде әкімшілікке хабарлау.
4. Вахтерден оқу кабинетінің кілтін уақытында алып, сабақ аяқталғаннан кейін қайтарып беру.
5. Сабақ уақытындағы білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 6. Сабақты қоңыраумен бастап, қоңыраумен аяқтау, оқу уақытын дұрыс пайдалану.
7. Бүкіл оқу жылына күнтізбелік-тақырыптық жоспар, онда өткізілетін күні мен сабағы көрсетілуі тиіс, оқу күні кестесі бойынша әрбір сабаққа, сонымен қоса арнайы курсқа және сынып сағаттарына күнделікті сабақ жоспары болуы тиіс
8. Мұғалімдерге және оқушыларға арналған жоспар бойынша барлық шараларға сабақ кестесіне қарамастан қатысу.
9. Мектеп директоры орынбасарларының бұйрықтарын нақты және мерзімінде орындау.
10. Мектеп директорының барлық бұйрықтарын орындау, бұйрықпен келіспеген жағдайда еңбек дауы бойынша комиссиясына арыз беру.
11. Ауырып қалған жағдайда мұғалім әкімшілікті оқу күні басталмай жатып ескерту, емделіп болғаннан кейін оқу күні аяқталмай, жұмысқа шығатын күннен бұрын ескерту, жұмысқа бірінші күні шыға сала, уақытша жұмысқа қабілетсіз екендігі жайында қағаз көрсету.
12. Сынып жетекші оқушыларды қарсы алу керек, оқу үрдісіне дайындықты өткізу (кезекшілік ету, сабақ кестесінде өзгертулерді нақтылау, болмаған оқушыларды және олар не үшін болмағаны жайында анықтау).
13. Сынып жетекші тәрбие жұмысы жоспары мен кестеге сәйкес тәрбие іс-шарасын және сынып сағаттарын өткізу.
14. Тәрбие жұмысы жоспары бүкіл оқу жылына бір рет құрастырылады.
15. Сынып жетекші тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес сыныптан тыс тәрбиелік жұмысты атқарады, сонымен қатар оқу жылында төрт рет сынып сағаттарын өткізеді.
16. Сынып жетекші аптасына бір рет күнделік тексеруге және күнделікке баға қоюға міндетті.
17. Сабақ сайын электрондық журнал ЭОЖ-ны толтыру, оқушыларға баға қою
18. Мұғалім киім формасы мектеп жарғысында көрсетілген талаптарға сай болуы тиіс.
19. Жұмыс орнын, жиһазын, жабдықтар мен құралдарды таза әрі ұқыпты ұстау, мектеп мекемесінде тазалықты сақтау.
20. Мектеп мүлкін сақтау, материалдарды ұқыпты қолдану, электроэнергияны, жылу мен суды рационалды шығындау.