Педагогикалық менеджменттің қандай әдістерін білесіз
Басқару әдісі-педагогикалық менеджмент оның негізгі функцияларының іске асыруындағы қойылған мақсаттарының іске асуы. Педагогикалық менеджмент әдістерінің төрт түрі. Ынталандырудың экономикалық әдістері. «Әркімнің қабілетіне,әркімге еңбегіне қарай» маңызды ұстаным. Педагогикалық қызметкерлердің санға және еңбек сапасындағы сәйкестіктеріне орай экономикалық ынталандыру әдістерін жетілдіру. Әкімшілік әдістер. Орындау қызметіндегі уақыттың шектелуін нұсқаулау, бұйрықтар талаптар және т.б. түрлеріндегі орындаушыларды инструкциялау және нормаға келтіру. Басқарудың автократиялық стилін қалыптастыру. Психология – педагогикалық әсерлердің әдістері.
Педагогикалық басқару əдістері көзделген мақсаттарға жету жəне басқару қызметтерін іске асыру құралдары ретінде қарастырылады. Басқару əдістерінің негізгі топтары төмендегідей:
- педагогикалық қызметкерлерді экономикалық тұрғыдан қызықтыру (еңбек саны жəне сапасына орай, категориялары мен атақ-дəрежелеріне сəйкес жалақы беру);
- əкімшілік – ұйымдастыру əдістері (орындаушылар қызметтерінің шек-өлшемін белгілеу, көрсетпелер, нұсқаулар, бұйрықтар беру жəне т.б.);
- психологиялық – педагогикалық ықпал жасау (кеңес, өтініш, тілек білдіру, алғыстар жариялау) жəне əсерлендіру (шуақты психологиялық климат қалыптастыру, шығармашылық пен ынталылық сезімдерін көтеру, білім мекемесінің əлеуметтік даму болашағы жөніндегі болжамдармен таныстыру);
- қоғамдық ықпалдарды пайдалану (педагогтар мен оқушыларды білім мекемесін басқаруға араластыру);
- қоғамдық əсер əдістері (ұжымда демократияны нығайтып, басқалармен қатынаста шыдамдылық сақтау, мекеме қызметкерлерінің беделі мен мəртебесін ұлықтау).
Соңғы жылдары мектепте психологиялық қызметтің қалыптасуымен жаңа басқару əдістері пайда бола бастады. Оқу-тəрбие ақпараттарымен жұмыс жүргізуші қызметкер оларды жинау, өңдеу, сақтау жəне пайдалану тəсілдерін жақсы білгені жөн. Мектеп басшысы, менеджер өз қызметінде бақылау, анкетті сауалнама жүргізу, тестілеу, нұсқау жəне əдістемелік материалдармен жұмыс жасау əдістерін белсенді қолдана білуі шарт. Мектеп əкімшілігінің күш-қуаты басқарудың мектепішілік ақпараттық технологиясын нақтылап, тəжірибеге ендіруге жұмсалуы тиіс. Бұл технологиялар басшыларға да, əр мұғалімге де таныс болуы міндетті.
Басқаруды ұйымдастыру формалары əрқилы құрылым жəне бағыттарда болуы мүмкін: нұсқау-əдістемелік, теориялық семинар, оқушылар ұжымының отырыстары, педагогикалық кеңестер, əдістемелік бірлестіктер, ұстаздық, мектеп конференциялары, педагогикалық оқулар, ата-аналарды педагогикалық жаппай сауаттандыру. Əлеуметтік –психологиялық əдістерді іске асыру формалары мектептің ішкі тəртіп Ережелерінде көрсетіледі немесе мектеп Жарғысына ендіріледі.
Сонымен, мектеп басқарымын ұйымдастырудағы маңызды жағдай– педагогикалық басқару жүйесінің қалыпты күйге келіп, əрекетшеңдік жағдайында болуы жəне оны іске асыру жолдарын əрбір басшының жіті білуі.
Ақпараттық- аналитикалық функцияның деңгейлерін бөліп көрсетіңіз.
Ақпараттық - аналитикалық функция білім беру мекемесін басқарудағы маңыздыларының бірі болып табылады. Оның негізгі мәні басқарушы мен педагогикалық кадрлардың жүйелі жұмыстарынан тұрады. Демек басқарудың негізгі құралы ретінде ақпараттық-аналитикалық жүйені қалыптастыру жалпы білім беретін мектептің іс-әрекетін үнемі жаңартумен байланысты. Әрбір басқарушы мен басқарылушы үшін ақпараттың үш деңгейі бөліп көрсетіледі. Бұл мектеп үшін:
- әкімшілік басқару деңгейі (директор, оқу-тәрбие жұмысының орынбасарлары, мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстар жөніндегі орынбасары, әкімшілік-шаруашылық бөлім бойынша орынбасары, т.б.);
- ұжымдық - коллегиальды басқару деңгейі (мектеп кеңесі, педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, қоғамдық ұйымдар);
- оқушылардың өзін-өзі басқару деңгейі.
Мектепішілік менеджмент ұғымына анықтама беріңіз.
Мектепішілік басқару – тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қажет нәтижені алуға бағытталған, оның объективтік заңдылықтарын тану негізіндегі мақсатты саналы өзара іс-әрекеті. Процеске қатысушылардың өзара іс-әрекеті кезекпен, өзара байланысқан әрекеттердің немесе функциялардың (педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу) тізбегі ретінде құралады.
Мектепішілік басқару өз алдына мақсатқа жету, педагогикалық жүйені жалпылама танып білу, нысана заңдылықтарын қарастыру арқылы барынша оңтайлы шешім қабылдау болып табылады. Педагогикалық процесс қатысушыларының жүйесі тізбе сияқты бірінен кейін бірі келесі функцияларды атқарады: педагогикалық талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу. Мектепішілік басқаруды дəстүрлі жүйеде түсіндіретін болсақ, ол субъектінің белгіленген нысанаға басқарушылық жүргізуі; сапаны жақсарту мақсатында басқарушылық жүйенің тигізетін əсері, педагогикалық еңбекке байланысты ғылыми элементтерді енгізу болып табылады.
Ю.А.Конаржевскийдің мектепішілік менеджменттегі заңдылықтарын атап көрсетіңіз
Ю.А.Конаржевкий педагогикалық жүйені басқаруда «оның жүйелік мəнін терең ұғынбай, жүйе туралы білімдерден хабарсыз бола отырып, күрделі жүйе құрылымымен жұмыс істеу, оны дамыту, басқару, жобалау мүмкін емес» деген болатын. Əр жүйеде сол жүйені құратын, басқа құрылымдарды біріктіріп тұратын алдыңғы құрылым болады. Педагогикалық жүйеде ондай құрылымды коммуникациялық құрылым орындайды. Педагогикалық жүйе келесі компоненттерден тұрады: мақсаттың болуы - мазмұнының толықтығы - ұйымдастыру (əдістер, формалар)- ынталандыру (мотивация)- күтілетін нəтиже.
Педагогикалық жүйенің осы құрылымдары басқарудың жеке обьектісі болып саналады.Педагогикалық менеджменттің басты мəні осы құрылымдарды өзара байланыста қарастыра отырып, оларды жоғары тиімді нəтижеге ортақ қол жеткізуге бағыттау. Əр жүйенің өзінің менеджменті бар: жүйе неғұрлым үлкен болса, басқару деңгейі де соғұрлым жоғары болады. Менеджер қызметінде жетістікке жету мүмкіндіктерін тежейтін факторлар : көп жағдайда өзін басқара алмауы, уақытын тиімді пайдалана алмайды, күш қуатын мардымсыз нəрселерге жұмсайды, бойындағы стресс жағдайларды жеңе алмайды, қарамағындағылармен жиі кикілжіңге келеді, кейде тіпті қызбалыққа салынады;жеке құндылықтарын жайып жіберу, өзінің жеке касиеттері мен істің мақсатын дұрыс түсінбеу, жеке мақсаттарын жете түсінбеу, жеке басының ісіне, мақсатына деген түсінігінің жоқтығы; өзін- өзі дамытуды тоқтату, түрлі өзгерістерге құлқының жоқтығы, бейімделуге əрекеттенбеуі, мəселеге тірелу сəттерінде дұрыс шешім қабылдай алмауы, күрделі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдауға стратегиялық мүмкіндігінің
төмендігі, педагогикалық басшылык жасауда қабілетінің жетіспеуі;творчестволык мүмкіндігінің жетімсіздігі, жаңа идеяларды іске асырудағы қабілетінің жетпеуі, өздігінен жүзеге асыра алмауы;адамдармен тіл табысуы қиын, қоршаған адамдарға əсер ете алмайды, олардың шешімдеріне мəн бергісі келмейді;баскару жұмысының ерекшеліктерін жеткілікті дəрежеде ұғынбауы, авторитарлық, өктемшіл əдіспен басқару шырмауынан шыға алмайтын, қарамағындағыларды жаңа жағдайда жұмыс істеуге жұмылдыруға қабілетсіздігі;басшылық дағдысының жеткіліксіздігі, қарамағындағылардың кызметі мен іс-əрекетін баскаруда тəжрибе мен икемділіктің жетіспеуі;үйретуге қабілетсіздігі, тиісті талап тұрғысында үйретуге, көмек беруге жоқтығы; ұжымды қалыптастыру қабілетінің төмендігі, педагогикалық ұжымды тиімді басқару мен дамытуға дəрменсіздігі; педагогикалык жəне əкімшілік басқару кабілетінің жоқтығы, басқару,оқыту мен тəрбиелеу ісінен мүлдем бейхабар, кездейсоқ тағайындалған қызметкер.
Басқарудағы жүйелілік пен тұтастық қағидасы ұғымын қалай түсінесіз
«Жүйе» түсінігі тұтастық, оның жекелеген бөліктерін немесе компоненттерін жіктеу мүмкіндігі туралы ұғымды білдіреді. Кез келген жүйенің (әлеуметтік, биологиялық, педагогикалық) тұтастығы оның интегративтік қасиеттерінің тұрақтылығымен анықталады.
Жүйе күрделі бірлікті құрайтын бір-бірімен өзара байланысты объектінің жиынтығы немесе кешені белгілі бір жоспарға сәйкес реттелінетін, бірнеше білімнен тұратын тұтастық.
Жүйе тұтастай құрылымды құрайтын жаңа сипатқа ие болған өзара әрекеттесетін элементтердің жиынтығы. Бүкіл жүйені шартты түрде үш түрге бөлуге болады: техникалық; биологиялық; әлеуметтік – экономикалық. Белгілі бір шамада дербес жұмыс істейтін және жүйедегі дербес жұмыс істейтін бөлімдер болып табылады. Әлеуметтік – экономикалық жүйе ең күрделі динамикалық дамитын, өзін-өзі басқаратын жүйе саласына жатады.
Кез келген жүйеде элементтер өзара тығыз байланысты әрі белгілі бір әдістерімен өзара әрекеттеседі. Бұл жүйедегі құбылыстар арасындағы байланыс арқылы көрінеді, ал олардың өзі заттық немесе ақпараттық болуы мүмкін. Мысалы, кез келген жүйе білім беру мекемесі (кәсіпорын) жекелеген элементтің ұйымдастыру бірлестігін, ал оның ерекше бірлескен бөлігі жаңа сапаға ие болатын бірыңғай тұтас құрылымды құрайды. Әрбір элемент өзіне тән функцияны орындайды. Оның жүйеге қатысты өзара тәуелділігі, өзіндік орны болады. Жүйенің жалпы сапалық белгісі оның иерархиялығы, яғни жүйедегі элементінің дербестігі және керісінше элементтердің жүйеге енуі. Әр деңгейде жүйе өзінің белгілерімен ерекшеленеді.
Әлеуметтік жүйеге сапалық белгілер тән. Ол оның дербестігі және өзін – өзі басқаратындығы, бұл жүйенің белгілі бір заңдарға негізделген өздік басқару органы және өз бетінше өздігімен даму сипатын көрсетеді.
Жүйенің ашық және жабық түрі бар. Ашық жүйенің ерекшелігі оның сыртқы ортамен және одана енетін объектілер (экономикалық, саяси бәсекелестік) тығыз байланыстылығы, энергия, мәліметтер, материалдар алуы. Жабық жүйенің белгілерінің нақты шекарасы болады. Оның іс- әрекеті қоршаған ортаға тәуелді, ашық жүйе өзін-өзі қамтамасыз ете алмайды. Оның өмір сүруі сырттан келетін мәліметтерде және материалдарға тәуелді болады.
Басқарудағы жүйелілік пен тұтастық басқарушы мен басқарылушының, яғни педагогикалық ұжым іс-əрекетіндегі функциялардың өзара байланысы мен өзара əрекетін білдіреді.
Тұтастық пен жүйелілік ұстанымы түрлі табиғи құбылыстар сияқты адамзат баласының ақыл-ойы бөлшектеп алуға келмейтін біртұтас құрылым ретінде ұғынылатын алуан түрлі микроқатынастардан (заттар мен құбылыстарға, адамдарға, оқиғаларға, үдерістерге т.б.) және макроқатынастардан (табиғатқа, адамзат баласына, отанға, еңбекке, өз-өзіне, т.б.) тұратын күрделі жүйе.
Жеке тұлғаның біртұтастығы мен жүйелілігі оның өмірінің әрбір кезеңдеріндегі басты ерекшеліктеріне ықпал ететін көптеген факторларға байланысты болып келеді.
Басқарудағы жүйелілік пен тұтастық ұстанымы мектепті басқаруда басқарушыға мектепті жүйе ретінде, оның негізгі белгілерін терең білуге мүмкіндік береді. Бұл ұстаным басқару іс-əрекетінің тізбекті, логикалық құрылымды, өзара пайдалы жəне оның барлық функцияларының тең дəрежеде маңызды екенін көрсетеді.
Басқарудағы жүйелілік педагогикалық үрдістің табиғатын түсінуге мүмкіндік береді және басқару тиімділігін арттырады. Мектепті басқаруда оның бөліктерін бақылап ғана қоймай, олардың арасындағы қатынастың пайда болуын анықтау қажет, сонымен бірге әрбір компоненттің əсерін, сапасын, болашақтағы дамуын көрсету керек. Мектеп пен қоршаған ортаның қатынасы екі түрде іске асырылады. Біріншісі, мектептің қоршаған ортаға үйренуі, ал екіншісі мектептің көздеген мақсатына жетуі үшін қоршаған ортаны өзіне бағындыруы. Мектепті басқарудағы жүйелілік екіжақты қозғалыс, ол басқарудағы басшылық пен педагогикалық ұжымның атқаратын қызметін анықтайды. Бұл қағиданың іске асуы басқарудағы біржақтылықтың болмауын қамтамасыз етеді. Осы қағидаға негізделе отырып, басқарушылық қызметтің айқындылығын, дұрыстығын, пайдалылығын ашуға болады.
Менеджменттегі біртұтастық құрылымның басқаруда ғана емес, мұғалімнің мен оқушының өз әрекеттерін белсенді ұйымдастыра алуына негіз болып, танымдық ынталандыруға қол жеткізетінін ашып көрсетеді. Менеджмент негізіндегі басқарудың жаңа сипаты адам тұлғасына бағытталғандықтан, оның жүзеге асырылуы басқару мазмұнына дәстүрлі көзқарастарды өзгертумен бірге тұлғаға бағытталған басқару қызметінің ерекшеліктерін айқындауы қажет.
Педагогикалық жүйелерді басқарудағы демократизациялау мен ізгілендіру қағидасын талдаңыз.
Педагогикалық жүйелерді басқару теориясы мен практикасында бірқатар төмендегі негізгі ұстанымдар бөліп көрсетіледі:
Педагогикалық жүйелерді басқаруды демократияландыру жəне ізгілендіру ұстанымы, мұнда алдымен жариялылық қарастырылады, себебі, мектепті басқарудағы жариялылық ақпараттың ашықтығы мен қолжетімдігіне байланысты. Əкімшіліктің жүйелі есеп беруі, мұғалімдердің, оқушылардың шешім қабылдауға қатысуы демократияландырудың көріністері болып табылады.
Субъект-субъектілік қатынастардың қалыптасуы, монологтан диалогқа өту педагогикалық үдерісті ізгілендірудің нақты формалары болып табылады. Басқаруды ізгілендіру бұл тұлғаға бағытталу, адамның адамгершілік сапасын құрметтеу жəне оған сенім білдіру.
Ізгілік ұстанымы әрбір жеке тұлғаның құндылығын мойындау, оқыту мен дамыту диагностикасын ғана емес, білім беру үдерісінің субьектілеріне психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік, материалдық көмек көрсету мен қолдауды қамтамасыз етеді.
Менеджмент негізіндегі басқару білім беру үрдісіне қатысушылардың субъектаралық қарым-қатынастарына бағытталған әрекеттер арқылы жүргізіледі. Ізгіліктік сипаты адамды құрметтеу, оған сенім арту, оларды дамыту бағытын ұстануы тиіс.
Мектеп ашық, диалогтық әрекеттер ұйымдастыра алады.
Басқарудың қағидаларын бөліп көрсетіңіз.
Мемлекеттік басқару қағидаларының теориялық және тәжрибелік маңызы. Басқару қағидаларын олардың мәні, байланыс сипаты және басқару тәжрибелеріне қарай сыныптау. Қазақстан Республикасының констиутциялық қағидалары және олардың әлеуметтік қызметі (ҚР Конституциясының 2 б., 1 т.).
Мемлекеттік басқарудың негізгі қағидалары: мемлекеттік билік пен басқарудың біртұтастығы; заңдылық; азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің мемлекет мүддесі алдында басымдылығы; азаматтардың мемлекет ісін басқаруға қатысу теңдіктері; қоғамдық пікірді есептеу және мемлекетті басқарудағы жариялылық; аумақтық-салалық; мемлекеттік басқаруды орталықтандыру және орталықсыздандырудағы үйлесімділік; халықаралық қауымдастық. Олардың сипаттамасы.
Мемлекеттік басқарудың салалық қағидалары, олардың ерекшеліктері. Мемлекеттік басқарудағы констиутциялық (негізгі) және салалық қағидалардың өзара байланыстары мен өзара әрекеттері. Мемлекеттік органдарды ұйымдастырушылық-техникалық қағида бойынша құрастыру: салалық; функциональдық; салалық-функциональдық. Олардың ерекшеліктері.
Орталықтандыру мен деорталықтандыру дың өзара байланысын көрсетіңіз
Орталықтандыру және орталықсыздандыру екі қарама-қарсы қойылған, басқару мен бақылаудың екі моделіне сілтеме жасайтын терминдер және бұл ұйымда, бөлімде немесе саяси жүйеде сол немесе басқа түрде қолданылуы мүмкін.
Өз тарапынан орталықтандыру көрсетеді шоғырландырушы биліктің әрекеті, атап айтқанда, шешім қабылдау белгілі бір адамға немесе адамдар тобына байланысты немесе орталықтандырылған, ұйымның немесе әкімшіліктің жұмыс жүйесін оңтайландыру мақсатында.
Екінші жағынан, орталықтандыру термині мемлекеттік мекемелердің әкімшілігімен және мемлекеттік басқарумен де байланысты. Бұл жағдайда барлық шешімдерді үкіметтің жоғары лауазымды адамы қабылдайды және басқа ведомстволар немесе ұйымдар оларды орындайды.
Мысалы, жергілікті өзін-өзі басқару органдары ұлттық үкіметтің бұйрықтарын орындайды және оларға тәуелді болады.
Мектеп және педагогика тарихы шамадан тыс орталықтандырудың әкімшілік басқаруды күшейтуге әкеліп соғатындындығына талай рет көз жеткізді.
Басқаруды орталықтандыру төменгі буындағы жетек-шілердің, мұғалімдер мен оқушылардың бастамалығын шектеп, оларды өздерінің қатысуынсыз қабылдаған шешімдерді жай ғана орындаушыларға айналдырады. Біржақты орталықтандыру жағдайында басқару қызметінің қосарлануы, уақыт шығыны басшы мен орындаушы-лардың жұмыс бастылығы сөзсіз орындаушылардың жұмыс бастылығы орын алады.
Соған сәйкес орталықсыздандыруға шамадан тыс мән беру педагогикалық жүйе қызметінің тиімділігін төмендетеді.
Орталықтандыруды орталықсыздандыруға пайдасына жығып беру тұтастай басқару мен әкімшіліктің рөлін төмендетіп, басқарудың талдамалық және қадағалаушылық қызметін жояды. Мектеп тәжірибесі көрсетіп отырғандай демократиялық ойындар және орталықсыздандыруға әсуестенушілік ұжымының қызметі мен өміріне елеулі нұқсан келтіріп, педагогикалық ұжымда түсініспеушілік пен жанжалға негіз болып, әкімшілік пен қоғамдық басқару орындарының бір-біріне қарсы тұруына жол берді.
Сондықтан да мектепшілік басқаруды қамтамасыз етуде орталықтандыру мен орталықсыздандыруды үйлестіру әкімшілік және қоғамдық органдар басшыларына бүкіл мектеп ұйымының мүддесін ескеріп, кәсіптік деңгейде шешім қабылдауға мүмкіндік беріп, педагогика-лық жүйенің барлық құрылымдық бөлімдердің қызметін жоғары деңгейге көтеруге жағдай туғызады.
Педагогикалық жүйені басқаруда ақпараттың толықтылығы мен жан-жақтылығы қағидасын сипаттаңыз.
Педагогикалық жүйені басқарудың тиімділігі көбіне анық жəне қажет ақпаратқа байланысты болады. Ақпараттың толық жəне жан-жақты болуы үшін, оған тексеру жүргізіліп, талдау жасалуы қажет. Əлеуметтік-педагогикалық ғылымда ақпаратты ұстаз бен оқушылардың арасындағы қатынас не қоршаған орта туралы мəлімет болып есептеледі. Басқару жүйесінде көбіне ақпараттың жеткіліксіздігіне байланысты қиындықтар туындайды. Мектепішілік басқаруда осы ақпараттың жетіспеушілігі шешім қабылдауда қиындықтар туғызады. Педагогикалық жүйеде ақпараттың жетіспеушілігі көбіне тəрбиелеу саласында қатты байқалады. Оқу-тəрбие процесінде біз көбіне қатысушының үлгерімі, білім сапасы туралы ақпаратты көбірек аламыз, ал оның жеке басы, мінез- құлқы, қасиеттері туралы ақпараттар аз болып келеді. Мектепішілік ақпаратпен жұмыспен тұлғаға осы ақпаратты қалай жинауды, сақтауды, қолдануды білу керек. Мектеп басшысы, менеджер өз қызметінде тексеруді, сауалнаманы жиі ұйымдастыруы тиіс. Қазіргі кезде компьютердің жəне техникалық құралдардың енуіне байланысты ақпараттың жиналуы жəне оның реттелуі барынша азайды. Мектеп басшылығы өз қызметінде техникалық мектепішілік ақпаратты енгізуге жəне оның басшылық қызметкерінің ұстаздардың қолдануына мүмкіндік жасауы тиіс. Педагогикалық жүйеде ақпарат қажет, бірақ ең маңыздысы басқарушылық ақпарат, ол басқару жүйесіне байланысты тиімді ақпарат алуға көмектеседі. Басқарушылық ақпарат түрлі қасиеттер бойынша реттелуі мүмкін, олар: уақыт бойынша күнделікті, айлық, тоқсандық, жылдық; басқару жүйесі бойынша — талдамалық, бағалық, ұйымдастырушылық; түсу көздеріне байланысты — мектепішілік, ведомостволық, ведомостводан тыс; анықталуы бойынша — таныстырушылық, кеңестік жəне т.б.
Басқару ұстанымдары ұғымын талдаңыз.
Педагогикалык менеджменттің ұстанымдары:
Адамды сыйлау және оған сенімділікпен қарау.
Адамдарға тұлға ретінде қарау қағидасы.
Ынтымақтастық әрекеті немесе басқарудан қарым-катынасқа көшу.
Үздіксіз кәсіптік білімін көтеру. Мұғалімге ықпал жасау кағидасы.
Мұғалім жұмысын бағалау қағидасы (1-сурет).
Педагогикалық жүйені басқаудың қандай ұстанымдарын білесіз? Бірнешеуіне тоқталып, толық ақпарат беріңіз.
Синергетикалық ұстанымға тән қасиеттерді сипаттаңыз.
Синергетикалық ұстаным. Бұл тұрғыдан алғанда, адамдар, әлеуметтік ұйымдар -ашық және өзгеретін, сыртқы ортамен қарым-қатынасы арқылы өзін-өзі дамытуға өзіндік мүміндігі бар жүйе. Осындай сапаларын атай отырып, педагогикалық жүйенің барлық деңгейлерінің де синергиялық қасиетін көруге болады. Жобалау әрекеті өзінің мүмкіндіктері, ресурстары арқылы білім алушылар мен педагогтардың өзіндік дамуы мен өзіндік білім алуын ұйымдастыратын синергиялыққа негізделеді. Сөйтіп, жобалауда синергетикалық принциптің сақталуы педагогтардың, білім алушылардың, шығармашылық топтардың, сыныптың, білім беру ұйымының, т.б. өзін-өзі басқару негізінде дамуын қамтамасыз етеді.
Мақсаттық- бағдарлылық ұстанымына түсінік беріңіз.
Мақсаттық - бағдарлылық ұстаным жобалаудың белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталуын, сонымен қатар жүйенің барлық компоненттеріндегі өзгерістер жалпы жүйе мақсатына сәйкес ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді қажет етеді. Бұл принцип сонымен қатар мақсат қою барысындағы ізденушілік пен зерттеушілік әрекеттер негізінде жобалау алды талдау қызметін де қамтиды.
Басқарудағы құзіреттілік ұстанымын талдау жүргізіңіз.
Құзыреттілік ұстанымы жобалауға қатысушылардың мақсатты орындауға мүмкіндік беретін құзыреттіліктері болуын қажет етеді. Жобалау – ақпараттық, коммуникативік, рефлексиялық әрекеттер арқылы жүзеге асырылады, өйткені, жобалау барысында қамтылатын педагогикалық талдаулар мен шешімдер, болжау мен жоспарлау қызметтері негізінен оған қатысушылардың құзыреттіліктеріне байланысты. Бұл құзыретіліктер адамдарға өз тәжірибесінен байыптай, зерттей отырып, проблемаларды талдау, бағалау, арқылы нәтижелі қызмет жасауға мүмкіндік береді.
Басқарудағы кері байланыс ұстанымына тоқталып, мысалдар келтіріңіз.
Басқарудағы нәтижелілік ұстанымын қалай түсінесіз?
Ғалымдардың «инновация» ұғымына берген бірнеше анықтамаларын жазыңыз және талдаңыз.
“Инновация” деген сөз – латынның “novus” жаңалық және “in” енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы “жаңару, жаңалық, өзгеру” деген мағынаны білдіреді.
Т.И.Шамова, П.И.Третьяковалардың еңбегінде “Инновация дегеніміз – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз – тек қана жаңалық енгізу, қалыптастыру, яғни, инновация үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал “жаңаша” деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс- тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз” делінген. Энциклопедиялық сөздіктерде “инновация”әр түрлі анықталады. Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым “жаңаша білім беру” деп түсіндіріледі.
Ал А.И.Кочетов “инновация” ұғымына төмендегідей анықтама береді: “Көрсетілген деңгейге апаруды қамтамасыз ететін теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы”. Алайда Р.Масырова мен Т.Линчевская мұндай анықтамамен келіспейтіндігін білдіреді. Олардың тұжырымдамасында, “Егер баратын деңгей” алдын-ала көрсетілген болса, ол қандай инновация” делінген. В.Кваша мен В.Латинаның пікірлері бойынша “инновация”- бұл жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс- әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі болып табылады.
Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдары кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. ” Масырова Р., Линчевская Т - “Жаңару” (новшество) дегенімізді былай деп түсіндіреді: “Жаңару – белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея.
Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу- тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын) .
Мектеп басшысының инновациялық процестің жетекшісі ретіндегі қызметіне нелерді жатқызамыз?
Қоғамның, мәдениеттің және білімнің қазіргі даму жағдайындағы педагогикалық іс-әрекеттің инновациялық бағытқа өзгеруге қажеттілігі қандай жағдайлармен анықталады?
Инновация даму барысында өтетін сатыларын сипаттаңыз.
Инновацияның қандай түрлерін білесіз? Анықтама беріңіз.
Инновацияның мынадай түрлері болады:
Жаңалығына байланысты:
базистік инновациялар, олар ірі зерттеулерді жүзеге асырады;
жақсарту инновациялары, кіші және орташа зерттеулерді іске асырады;
жалған инновация, техника мен технологияның ескірген бөліктерін біртіндеп жақсартуға қолданылады.
Қолданылуына байланысты:
өнімдік инновациялар ─ жаңа өнімдерді шығарып, қолдануға бағытталған;
технологиялық инновациялар ─ жаңа технологияларды шығарып, қолдануға бағытталған;
әлеуметтік инновациялар, жаңа құрылымдарды құруға бағытталған;
нарықтық инновациялар, жаңа нарықтардағы өнімдер мен қызмет етуді тұтынуды іске асыруға бағытталған.
Шығу көздеріне байланысты.
ғылым мен техниканың дамуынан пайда болған инновациялар;
өндірістің қажеттілігінен пайда болған инновациялар;
нарықтың қажеттілігінен пайда болған инновациялар.
Қайта өндіру процесіндегі рөліне байланысты:
тұтыну инновациялары;
инвестициялық инновациялар.
Масштабына байланысты:
күрделі инновациялар;
жай инновациялар.
Инновациялық іс-әрекет қандай талаптарға сай болуы керек? Талдаңыз.
«Педагогикалық процесс» ұғымының мәнін ашып көрсетіңіз.
Педагогикалық процесс педагогикалық жүйенің барлық құрамдас бөліктерін біріктіруші басты жүйе ретінде сипаттама беріңіз.
Жаңалық, жаңашылдық және жаңалықты ендіру: даму ерекшеліктері мен кезеңдерін жазыңыз.
Жаңашылдық (новация) – бұл шығармашылық ғылыми – зерттеу немесе өндірістік қызметтің өнімі, кез – келген құбылыс, оны пайдалану адам өмірінің нақты өмір сүру сферасында белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді. Жаңашылдық – бұл ерекше сипаты болып қоғамға бұрынырақта белгісіз болған өнімдерді тұрақты іздеу мен жасап шығару болып табылатын, шығармашылық қасиеті бар тұлғалар қызметінің қорытындысы. Жаңашылдық болып мыналар табылуы мүмкін: бұйым түрі, техника мен технология, ұйымдастырушылық нысан, тәжірибелік құрал, идея, қызмет түрі, материалды объект, өнертабыс, және т.б. Инновация – қандай дар бір тиімге қол жеткізетін, адам өмірінің барлық сфераларына енгізілген жаңашылдық.. «Инновация» термині, көптеген зерттеушілердің пікірінше, XV ғасырдың бірінше жартысында ағылшынның «innovation» сөзінен пайда болған, ол сөз «қайта жаңғырту» немесе «бұйымдарды жасаудың жаңа жолы» дегенді білдіреді.
Педагогтерді инновациялық өзгерістерге әкелетін іс-әрекеттерге талдау жүргізіңіз.
Мұғалімнің инновациялық даярлығының репродуктивті деңгейін сипаттаңыз
Педагогикалық инновациялық іс-әрекеттің негізі мақсаты – мұғалім оқушы арасындағы шығармашылық қарым-қатынас субъектісін анықтау; педагогикалық процесс кезеңіндегі оқушының жеке басының шығармашылық дамуын қамтамасыз ету.
Жаңалықты енгізуге дейінгі алғашқы кезеңде мұғалім жаңа білімді меңгеру әдістерін таңдайды: қандай педагогикалық технологияны пайдалану керек, оны қалай қолдану қажет және т.б. мәселелерді шешеді. Бұл кезең мұғалімнің инновациялық даярлығының репродуктивті деңгейімен анықталады.
Мұғалімнің инновациялық даярлығының репродуктивті деңгейі – мұғалімнің өзін-өзі кәсіби жетілдіруі: мұғалім инновациялық педагогикалық технологияларға тұрақты көзқарас танытып, оқыту мен тәрбие беруде баламалы технологиялардың қажеттілігін түсінеді, мемлекеттік білім стандарты көлемінде жаңа шешім табуға ізденіс жасайды, оқу-әдістемелік кешендеріне аздаған өзгерістер енгізу арқылы өз тәжірибесінде пайдалануымен сипатталады.
Инновациялық іс-әрекеттің жүру кезеңінде мұғалімнің педагогикалық инновацияны өз тәжірибесінде пайдаланады, жаңалықты педагогикалық процесте пайдаланудың әдістерін анықтайды. Бұл кезең мұғалімнің инновациялық даярлығының екінші эвристикалық деңгейіне сәйкес келеді. Эвристикалық деңгей мұғалімнің оқу-тәрбие процесіне жаңалықты бергілі бір мақсатпен жүйелі ендіруімен сипатталады: мұғалім педагогикалық міндеттерді шешу үшін жаңа әдістерін іздестірумен айналысады, мұғалімнің инновациялық іс-әрекетті қамтамасыз етуде рефлексия басты орын алады
.
Мұғалімнің инновациялық даярлығының эвристикалық деңгейін сипаттаңыз.
Инновациялық іс-әрекеттің жүру кезеңінде мұғалімнің педагогикалық инновацияны өз тәжірибесінде пайдаланады, жаңалықты педагогикалық процесте пайдаланудың әдістерін анықтайды. Бұл кезең мұғалімнің инновациялық даярлығының екінші эвристикалық деңгейіне сәйкес келеді. Эвристикалық деңгей мұғалімнің оқу-тәрбие процесіне жаңалықты бергілі бір мақсатпен жүйелі ендіруімен сипатталады: мұғалім педагогикалық міндеттерді шешу үшін жаңа әдістерін іздестірумен айналысады, мұғалімнің инновациялық іс-әрекетті қамтамасыз етуде рефлексия басты орын алады
К. Фрейдің жобалап оқыту жүйесін ашып көрсетіңіз.
«Жүйе» түсінігіне анықтама беріңіз. Негізгі қасиеттерін атап көрсетіңіз.
Ресейлік ғалым В.П.Беспалько мен қазақстандық ғалымдар Ж.А.Қараев пен Ж.У.Кобдикованың зерттеулеріне сүйене отырып, педагогикалық жүйенің мағынасын ашып көрсетіңіз
В.П.Беспалько педагогикалық технологияның төмендегідей белгілерін көрсеткен: 1) оқытудың, тәрбиелеудің анық, жүйелі педагогикалық, дидактикалық дайындығы; 2) меңгеруге тиісті ақпаратты құру, реттеу; 3) оқытудың және бақылаудың дидактикалық, техникалық, оның ішінде компьютерлік құралдарды кешенді қолдану; 4) оқыту және тәрбиелеудің диагностикалық функциясын арттыру; 5) оқыту сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету.
Педагогикалық технологияның төмендегідей түрлері бар: локалды (модульдік), дербес әдістемелік (пәндік), жалпы-дидактикалық.Пәндік технологияларға дамыта оқыту технологиясы, программаланған оқыту технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы және т.б. жатады. Педагогикалық технология мен оқыту әдістемесі ұғымдарын айыра білу керек. Педагогикалық технология – оған қойылған педагогикалық мәселені шешетін, оқу-тәрбие үдерісінің жоғары сапасына және педагогикалық әрекеттердің жетістігін анық кепілдейтін амал. Әдістеме оқу-тәрбие үдерісінің нәтижесінің қажетті сапасына кепіл бола алмайды. Онымен қатар әдістемені технологияның деңгейіне жеткізуге болады. Мысалы, білімді бағалаудың белгілі әдістемесі бар. Егер ол әдістеме әділ, сенімді, дәйекті, шындыққа сәйкес болса, оны педагогикалық технология деп атауға болады.
Педагогикалық жүйе ұғымына анықтама беріңіз.
Мектептің мақсаты не болып табылады?
Педагогкалық жүйенің функционалдық компоненттеріне нені жатқызамыз? Оларға сипаттама беріңіз.
Педагогикалық жүйенің жүйе бөлімшелерін атаңыз. Оларға анықтама беріңіз.
Педагогикалық жүйенің дидактикалық бөліміне сипаттама беріңіз.
Педагогикалық жүйенің тәрбиелік бөліміне сипаттама беріңіз.
Мектептің әкімшілік жүйесін талдаңыз.
Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз не?
Педагогикалық іс-әрекеттің компоненттерін жіктеңіз.
Педагогикалық диагностика нені қарастырады?
Педагогикалық диагностика ұғымына анықтама беріңіз.
Педагогикалық диагностикалау қандай әдістер арқылы жүргізіледі?
Педагогикалық диагностиканың 3 үндеуін жазыңыз.
Педагогикалық диагностиканың құрылымын тізбектеңіз.
Педагогикалық диагностика қандай қызметтер атқарады?
Педагогикалық диагностиканың бағыттарын көрсетіңіз
Ғалым Н.Д.Хмель бойынша педагогикалық процестің негізгі сипаттамалары мен олардың көрсеткіштеріне нелер жатады? Түсіндіріңіз.
Педагогикалық процестің «оқушылардың үлгерімі» сипаттамасының көрсеткіштерін атаңыз.
Педагогикалық талдау дегеніміз не? Оның мақсатын айқындаңыз.
Педагогикалық талдаудың қандай міндеттері бар?
Ю.А.Конаржевский педагогикалық талдаудың қандай принциптерін бөліп көрсетті? Оларға сипаттама беріңіз.
Педагогикалық ақпарат дегенімізді қалай түсінесіз? Ақпараттың негізгі қандай түрлерін білесіз?
Басқару ақпаратын қандай топтарға топтастыруға болады? Мысалдар келтіріңіз.
Білім беру сапасы дегеніміз не? Бірнеше ғалымның анықтамасын келтіріңіз.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың анықтамасы. Бағалауда қандай бақылау әдістері қолданылады. Оларды түсіндіріңіз.
Бақылау дегеніміз не? Оны кезеңдеріне жіктеңіз.
Бақылаудың қандай түрлері бар? Оларға сипаттама беріңіз.
Тест дегеніміз не және оның қандай артықшылықтары бар?
Тесттің түрлерін жазыңыз, оларға сипаттама беріңіз.
Жоспарлау дегеніміз не? Жоспарлауды қызметінің мерзіміне байланысты жіктеңіз.
Стратегиялық менеджмент. Стратегияларды әзірлеу қажеттігінің алғышарттарын тізбектеңіз.
Стратегиялық менеджмент тарауларын талдаңыз.
Стратегиялық басқарудың негізгі 3 кезеңіне сипаттама беріңіз.
Жоспарлаудың объектілерін атаңыз. Оларды түсіндіріңіз.
Мотивацияға дегенді қалай түсінесіз? Білім беру саласы қызметкерінің еңбегін ынталандырудың қандай тиімді әдістерін білесіз?
Білім беру қызметі жобасының сапасы. Сапа менеджменті комитетінің негізгі міндеттеріне тоқталыңыз.
Мекеменің миссиясы ұғымына түсінік беріңіз. П.Котлер мен К.Фокстың пікірінше, білім беру мекемелерінде миссияның мән-мағынасын қандай сұрақтар мен оның жауаптары құрайды?
Мектепті басқару мәселесіне байланысты ғалымдардың бірнеше анықтамаларын жазыңыз және өзіңіз қандай анықтама берер едіңіз?
Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптарды жазыңыз, талдаңыз.
Мектеп жоспарының түрлерін ашып көрсетіңіз.
Мазмұнының ауқымдылығына бойынша жоспар түрлерін атап, сипаттама беріңіз.
Жоспарлау кезеңінің ауқымдылығына байланысты жоспар түрлерін анықтап, талдаңыз.
Оқушылар ұжымында тәрбие жұмыстарының қандай жоспарлары құрастырылады? Түсіндіріңіз.
Модельдеу дегеніміз не? Оны қандай топқа бөліп қарастырамыз?
Сыныптағы тәрбие жоспарына қойылатын талаптарды анықтаңыз.
Перспективалық жоспар дегеніміз не? Ол қалай құрылады?
Жылдық жоспар қалай жасалады?
Сынып жетекшісінің қызметін түсіндіріңіз.
Мектеп құжаттарын тізбектеңіз.
Құзыреттілік ұғымына сипаттама беріңіз.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі қанадй қасиеттер арқылы анықталады?
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің сбъектілік, нысандық, пәндік түрлерін ашып, талдаңыз.
Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі түрлерін атап көрсетіңіз. Олраға сипаттама беріңіз.
Мектепті басқарудың әдістемелік негіздері, заңдылықтарын атаңыз. Оларға мысалдар келтіріңіз.
Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру талаптарын ашып көрсетіңіз. Оларды түсіндіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |