7«А», 7«Б» сыныбында сабақ өткіздім.Сабақ тақырыбы «Ағзалардың жеке дамуы түсінігі. Өсімдіктер мен жануарлардағы онтогенез кезеңдері.»
9«А», 9«Б» сыныбында сабақ өткіздім.Сабақ тақырыбы «Шылым шегу, есірткі мен ішімдіктің адам ұрығының дамуына тигізетін әсері»
21.04.2023ж
7«А», 7«Б» сыныбында зертханалық сабақ өткіздім.Зертхана тақырыбы «Жылдық сақинаны санау»
Практика базасынан пән мұғалімінің «Жүйке жүйесінің типтерін салыстыру» сабақтар талдауы Биология пәнінен 7 «А» сыныпқа «Жүйке жүйесінің типтерін салыстыру» тақырыбында ашық сабақ өткізіп жақсы деңгейде бағаланды.Ең алдымен сабақ басталмас бұрын ұйымдастыру жасады.Сабақ өткізу кезінде оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамыту өзіндік жұмыстарды орынды пайдалана білді.
Дана сабақ өткізу кезінде оқушылардың ойлау қабілеті мен пәнге деген қызығушылықтарын өзіндік жұмыстарды орынды пайдалана отырып,өзінің ұшқырлығын көрсете білді.Оқушылардың ойлау белсенділігін арттыру үшін жеке дара, топпен оқыту әдістерін қолдана отырып, жан-жақты ізденіп, өзінің теориялық білімін практикамен ұштастырып сабақты нәтижелі өткізді.
Практика кезінде мектеп жағдайымен және де педагогикалық әр түрлі ережелермен танысты, берілген тапсырмаларды уақытында тиянақты орындауға тырысты.
Дана сабақ өткізу барысында сабақ жоспарларына бір жүйелі дайындалып, заман талабына сай ҚМЖ жасап үйренді.Білімін жетілдіру мақсатында тәжірбиелі шығармашылық жетістіктермен жұмыс істейтін мұғалімдердің сабақтарына қатыса отырып,сабақ өткізу кезінде тиімді пайдаланылатын әдіс тәсілдерді меңгерді.Сабақ өткізу барысында пәнаралық байланыстарды ескере отырып, көрнекілік құралдар, дидактикалық материал, тест тәсілдерің сабақта қолдана білді.
Күні________ қолы_________ ТАӘ________________