Педагогикалық практиканың бағдарламасы



бет5/6
Дата11.04.2023
өлшемі1,36 Mb.
#81576
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Жеке тапсырма
1. Жоспар құрастыру:
а) практикант – студенттің жеке жоспар жұмысы (ұйымдастырушылық, ғылыми - әдістемелік, тәрбиелік, ғылыми – зерттеу жұмыстары);
б) күнтізбелік, тақырыптық жоспар немесе қарастырылып отырған бөлім мен тақырыптың технологиялық картасы;
с) тәрбиелік жұмыстардың жоспары, пән бойынша өткізілетін және сыныптан тыс өткізілетін жұмыстар (пән мұғалімі және сынып жетекшісінің жоспарлары бойынша);
2. Тақырып бойынша сабақ конспектісін құрастыру;
3. Сыныптан тыс конспектісін құрастыру;
4. Нақты тақырып бойынша зерттелген әдістеменің есебі;


Теоретикалық тапсырмалар

1. Мектептегі оқу – тәрбиелік процестердің жоспарлау типтері, формалары және түрлері;


2. Сабақты сараптаудың формалары мен әдістері;
3. Биология (анатомия, морфологиялық, физиологиялық) және химия бойынша оқу материалының мазмұнын іріктеу;
4. Оқу материалының мазмұнына сәйкес сабақ өткізілуінің ерекшеліктері;



Практика кезіндегі экскурсиялар:

  1. Мектеппен танысу;

  2. Кабинетпен таныс: биология, әдістемелік;

  3. Мектеп мұражайымен танысу;

  4. Мектеп маңайы мен мектеп теплицасымен танысу;



Есеп беруге қойылатын талаптар:

  1. Сабақ конспектісіне;

  2. Сыныптан тыс шараның конспектісіне;

  3. жеке жоспарға;

  4. Күнделікке



Әдістемелік нұсқаулар

Педагогикалық практика кезеңіндегі жеке жоспардың үлгісі:

Жұмыстың негізгі бағыттары

Студенттермен өткізілетін шаралар

Өткізілетін кезеңнің күнтізбесі

Өткізілген шараның белгісі















Жұмыстың негізгі бағыттары:

  1. Практиканың бірінші аптасындағы оқушыларды және сыныпты зерттеу; өз сабағынды өткізу кезінде, сынып жетекшісінің сабағында, басқа пәндерде, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстар кезінде оқушыларды бақылау;

  2. Жұмысты жоспарлау:

  • Пән мұғалімінің (биолог) жұмыс жоспарын зерттеу;

  • Сынып жетекшісінің жұмыс жоспарын зерттеу;

  • Практика өту кезеңіндегі өзінің оқу – тәрбиелік жұмыстарын жоспарлау (мұғалім және сынып жетекшісімен сәйкес);

  1. Оқыту жұмысы:

  • Басқа практикант – студенттердің жұмыстарына қатысу;

  • Өздігімен сабақтарды өткізу (әр сабақтың тақырыбы мен өткізілу мерзімі);

  1. Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстар:

  • сыныптан тыс іс – шараларға қатысу;

  • өздігімен сыныптан тыс іс – шараларды өткізу (экскурсиялар, кружоктағы сабақтар және т.б.)

  • кабинетте жұмыс атқару (көрнекілік құралдарды жөндеу және жасау, т.б.)

  • үлгерімдері төмен оқушылармен қосымша сабақтар өткізу;

  1. сынып жетекшісі ретінде оқушылармен өткізілетін тәрбие жұмыстары:

  • сол кездегі тәрбие жұмыстарына қатысу (сыныптағы кезекшілік, сенбілік өткізу, табиғатқа серуендеу, кештер және т.б.)

  • өздігімен тәрбие сағаттарын өткізу (тақырыпты көрсету, орны және уақыты);

  1. Ата – аналармен жұмыстар (ата – аналар жиналысын дайындығына, өткізілуіне дайындық және жиналыста сөз сөйлеу);

  2. Әдістемелік және зерттеу жұмыстарына қатысу:

  • сынып жетекшілерінің семинарларында, пән пұғалімдерінің әдістемелік кеңесінде, студенттер семинарларында

  • курстық және дипломдық жұмыстар тақырыптары бойынша оқушылармен тәжірибелік жұмыстарды өткізу;

Практикант – студенттің күнделігінің формасы

Студенттің күнделігінде мектепте қандай іс – шара атқарылғаны толықтай көрсетілуі керек.
Күнделік:
- мектептегі қоңырау кестесі;
- бекітілген сыныптың сабақ кестесі;
- студент – практикант өткізген сабақ тақырыптары, пән мұғалімінің бағасы;
- тәрбие сабақтарының тізімі мен сынып жетекшісінің бағасы;
- студент – практиканттың жеке жұмыс жоспары;


Практикант – студенттің мысал ретіндегі есеп беру схемасы

Есеп

Студенттің практика бойынша ______________________ тобы _____________________


факультеті____________________ № мектептегі _________________
кезеңінен _______________ осы кезеңге дейін__________________________


1. Педагогикалық практика жоспарын орындау. Жоспардан қандай ауытқулар болды, неліктен және жоспардан тыс не істелінді, практиканың ерекшеліктері;
2. Өткізілген сабақтар саны. Қай сабақтар жоғары дәрежеде өтті, қандай қиындықтар туындады, неге?
3. Практика өту барысында қандай дидактикалық мәселелер шешілді? Қандай нәтижелер алынды?
4. Жұмыстың алғашқы практикасы қалай ескерілді және қолданылды (алдында болған оқыту элементтер, аға ұстаздардың жаңа әдістеру, ОТЖ және т.б.)? Нақты мысалдар келтіріңдер. Осы жұмыстан қандай қанағаттандыратындай сезім алдыңыз және қандай қиыншылықтармен кесдестіңіз?
5. Практика өту барысында қандай тәрбиелік мәселелер шешілді? Белгіленген сынып оқушылармен тәрбие жұмысын өткізгенде қандай тәрбие жүйелер формаларын қолдандыңыз?
6. Практика өту барысында оқушылармен тіл табысу қалай өтті?
7. Практика өту барысында қандай біліктілікті және дағдыны қалыптастырдыңыз?
8. Практика бойынша жалпы қорытынды. Практиканы ұйымдастыру және жоғары дәрежеге жеткізу үшін сіздің көзқарасыңыз.


Сабақ сараптамасының мысал ретіндегі схемасы

1. Сабақ тақырыбы. Сабақ жүйесінде бұл тақырыптың алатын орны.
2. Сабақтың мақсаты мен оның білімдік – тәрбиелік мәселелері.
3. Сабақты ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа келуі және олардың сабаққа дайындығы. Оқушыларды ұйымдастыру (олардың зейіндерін қалыптастыру, жұмыс орындарын дайындауға қойылатын талаптар және т.б.) Кабинеттің сабаққа дайындығы.
4. Білімді тексеру әдіс мен мазмұны, оқушылардың біліктілігі мен дағдылары. Фронтальді және жеке сұрау үшін сұрақтардың мазмұны, практикалық тапсырмалар, өздік жұмыстары, деңгейлік тапсырмалар. Оқушылар жауабының сапасы. Сыныптың белсенділігі. Білімді тексеруінің қорытындысын шығару. Оқушылардың жауабын бағалау.
5. Жаңа білімді зерттеудің мазмұны мен әдісі. Оқу материалының ауызша тақырыбы мен мазмұны. Мұғалім материалының беретін білім көлемі мен жүйесі, жеткізу әдістемесі. Материалдың ғылыми және идеялық бағыты, өмірмен байланысы, тәрбиелік мәні. Материалды жеткізудің жүйесі және реті, өтілген тақырыптармен байланысы. Оқушылардың өздігімен қарастыратын оқу материалының тақырыбы мен мақсаты. Оқушылар алдына проблемалық сұрақтарды қоюы, танымдық мәселелерді, логикалық тапсырмалардың құрастырылуы. Оқушылардың танымдық іс - әрекетінің белсенділігі, жеке кезеңдерде оқушылардың қызығушылықтары мен зейіндерін тұрақты ұстау әдістері. Жаңа материалды түсіндіру кезінде, оны жақсы меңгерулері үшін оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу. Көрнекілік материалдардың, кестелердің, кинофильмдердің және басқа құралдардың сабақ барысындағы орны. Тақтаны дұрыс пайдалану және дәптерге жазғызу. Жаңа материалды оқу барысында оқушылардың өздік жұмыс істеуінің ролі мен орны, оқулықпен, анықтамалармен және қосымша әдебиетпен жұмыс істей білуі. Жаңа материалды өту барысында оқушылардың білімін есептеу.
6. Өткен материалды бекітудің мазмұны мен әдісі. Бекітудің мазмұны мен тақырыбы. Бекіту әдістемесі. Өздігімен орындайтын деңгейлік тапсырмалар және жаттығулар.
7. Үй жұмысының мазмұны мен әдістемесі. Үй жұмысының көлемі және түрі. Орындау туралы түсініктемелер. Жеке оқушыларға берілетін қоысмша тапсырмалар.
8. Оқушылардың танымдық іс - әрекеттерінің сипаттамасы.


Бақылаудың формасы мен әдістемесі

  1. Ауызша бақылау:

  • практикант – студенттің жеке жоспарына сәйкес, сараптамасы және бағасы бар сабақтарға қатысу;

  • сараптамасы және бағасы бар сыныптан тыс шараларға қатысу;

  • қосымша жеке және топтық сабақтарды өткізу.

  1. Жазбаша бақылау:

  • жоспарланған жұмыстарды бақылау (жеке, күнтізбелік, сабақ жоспарлары);

  • оқыту – тәрбиелік процесін өткізудегі конспектіні тексеру;

  • форма бойынша есеп беруді тексеру;

  • шығармашылық тапсырмаларды орындау есеп беруді тексеру (оқу - әдістемелік және ғылыми - әдістемелік);





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет