Педагогикалық практикада студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру
Аталған тұжырымдарды басшылыққа ала отырып, төмендегідей тиімді ұсыныстарды
атап өтуді жөн көрдім:
- кәсіби білімін қамтамасыз етуге бағытталған студенттер мен өндірістік оқыту шеберлері,
оқытушылар басшылыққа алатын әдістемелік нұсқаулар шығару;
-
институттың, университеттің кәсіптік мектептерде студенттердің
педагогикалық
практикасын өту базасымен ынтымақтастығын жетілдіру;
- болашақ кәсіптік оқыту педагогтарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру үшін қажетті
іскерліктер мен дағдылар жүйесін қалыптастыруды педагогикалық
практика кезеңдеріне сай
бөліп, студенттерде іскерліктер мен дағдылардың қалыптасу деңгейін анықтайтын бақылауды
әрбір курс соңында жүргізіп отыру қажет.
- педагогикалық практика студенттердің кәсіби маман ретінде қалыптасуының негізі десек,
келешекте әрбір практиканыңғ түріне байланысты арнайы ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу
қажет
- Кәсіптік практика және студенттік мансап бөлімі әр мамандық бойынша педагогикалық
практиканы жүргізуде алдын ала кеңес беру апталығын өткізіп, сауалнамалар тарату;
- Университетіміздің тәжірибелі педагогтары басқа ЖОО-ның мамандарымен бірлесе
отырып, ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистранттарға шеберлік класстар өткізілсе;
Практиканы меңгерту
жүйесі
Тәлім-тәрбиелік
және практикалық
материалдарды пайдалану.
Техникалық
құралдарды
пайдалану
Ақпарат
құралдарын
пайдалану
Заңдық-құжаттық
материалдарды пайдалану
Дидактикалық
материалдарды
пайдалану
Озық тәжірибелерді
пайдалану
Аталмыш тақырып бойынша әр ұсынылған ой-пікірлеріміз жүйеленген, педагогикалық
практиканы ұйымдастырудың жаңаша үлгідегі бағдарламасы жасақталса деп санаймын.
Жасалған зерттеу жұмысы жоғары оқу орны үшін шешуі көкейкесті, күрделі болып
табылатын тәрбие сферасымен ғана шектелді. Сондықтан күрделендірілген
кешенді
тапсырмаларды педагогикалық практикада бүкіл оқу процесін қамти отырып жүзеге асыру әрі
қарайғы тереңдетілген ғылыми ізденісті қажет етіп отыр.
Қорыта келгенде, бүгінгі заман талабына сай, жоғары білімді маманды дайындауда тек озық
технологияларды ғана меңгеру емес, сонымен қатар,
олардың сөйлеу мәдениетін, ойын анық
жеткізе алу, іскерлік қарым-қатынаста белсенділік танытып, жұмысты ұйымдастыра білу қабілетін
шыңдай түсу басты мақсат болмақ. Маманның жан-жақты қалыптасуы үшін, маңызды
педагогикалық
білімдерді пайдалану арқылы, оның кәсіптік іс-әрекетпен байланысын тиімді
ұйымдастыра білу қажет.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, білімді де ілімді, қауқары найзағайдай жарқылдап, қара
бұлтты қақ жарған жан-жақты дамыған маман тәрбиелеу – бүгінгі уақыт еншісіндегі енжарлықты
көтермейтін ең басты қоғамдық міндет деп санаймын.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Болашақ мамандарды кәсіби даярлаудағы жаңа технологиялардың ролі // Білім
кілті. – Алматы, 2008. - №5. - Б. 42-43.
2.
Болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың өзекті мәселелері // Ғылыми-практикалық
конференция.- Семей, 2009., II том,- Б.39-41.
3.
Қалыбекова, Ә.А., Ысқақов, Ж.Ы., Әлсатов, Т.М.
Мұғалімдердің педагогикалық
сөздігі мен анықтамалары / Ә.А. Қалыбекова, Ж.Ы. Ысқақов, Т.М. Әлсатов. – Алматы, 2002. – 25-
27б.