Педагогикалық практиканың жұмыс жоспар-кестесі


М.О. Түркістан облысы Келес ауданы №28 “Мақташы” жалпы орта мектебінің 8 «А» сыныбына Мінездеме



бет8/9
Дата26.05.2022
өлшемі384,85 Kb.
#35705
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1есеп Диникул Фариза

М.О.

Түркістан облысы Келес ауданы


№28 “Мақташы” жалпы орта мектебінің
8 «А» сыныбына

Мінездеме

Мен, Диникул Фариза Динмуханбетқызы педагогикалық іс-тәжірибе барысында 8 «А» сыныбына сынып жетекшілік қызметін атқардым. Сыныпта 27оқушы оқиды. Оның ішінде барлығы 14 қыз,13 ұл. Барлық оқушылар 2007-2008 жылы туылған.


Сынып оқушыларының оқу әрекетіне, тәрбиелік шараларға қатысу белсенділіктері жас ерекшеліктеріне сай жақсы деп айтуға болады. Оқушылардың мұғалімге қарым-қатынастары жақсы, педагогикалық талаптарға бағынады. Сынып оқушыларының мектеп мотивациялары оң, сабаққа қызығушылықпен келеді, көңіл-күйлері көтеріңкі. Сыныптың әлеуметтік деңгейі: Ұжымда оқушылар жақсы қарым-қатынаста. Сайланған көшбасшы – Аман Назерке. 6 сынып белсенділері Жолдас Ақмарал, Сеит Заңғар. Шеттетілген бала жоқ. Сыныптағы психологиялық ахуалды қолайлы деп айтуға болады. Сынып оқушылары ұйымшыл. Сонымен қатар сыныпта шығармашылыққа бейім оқушылар бар. Жалпы сыныптан тыс шараларға, сабақтарға қатысуға тырысады. Сынып белсенділері – сынып басшысы, тазалық, спорт мүшелері өз жұмыстарын тиянақты атқарады. Оқушылардың бәрі де сыныптан тыс «математика әлемі», «шахмат» үйірмесіне қатысады. Оқушылардың еңбек қатынасына деген ынта – жігері орташа. Сыныптағы оқушылардың бір біріне деген қарым – қатынасы жақсы, бір – бірімен тату, қиыншылық кезде бір-біріне қол ұшын беруге әзір тұрады. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете біледі. Ұл бала мен қыз балдардың өзара қарым – қатынастары да айтарлықтай жақсы. Сабаққа деген қызығушылықтары орташа. Ата – аналарға келетін болсам, олар сынып өміріне белсенді қатысып отырады. Мектептен қатынастарын үзбейді, көмектерін аямайды. Еш себепсіз сабақ қалдырмайды.
Сынып жетекшісі – Кулдашева Фарида. Ол кісі оқушылар арасында беделді, әр балаға жеке қарым-қатынас жасайды. Оқушылардың кез-келген әрекетін тез ұйымдастырады. Сол арқылы оқушының жеке мәселелерімен жұмыс жасайды. Оларды түсінуге тырысады, асқан мейірімділігімен және төзімділігімен қыздардың еркелігін көтереді, оқуға деген ынтасын арттырады. Кулдашева Фарида өз сыныбының оқушыларын, ал оқушылары өз сынып жетекшісін жақсы көреді, сыйлайды, тыңдайды. 8 “А” сынып оқушыларының алар асулары биік, елдің жарқын болашағы болатынына сенемін!

Сынып жетекшісі: Диникул Ф.Д.


Түркістан облысы Келес ауданы


№28 “Мақташы” жалпы орта мектебінің
8 «А» сыныбының
оқушысы Сеит Заңғар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет