Талдықорған қаласы. Барлыбек Сырттанов атындағы №25 орта мектебі
Сыныпқа мінездеме
Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицей 4б-сыныбында 29 оқушы 16 қыз және 13 ұл бар. Сынып оқушыларының оқу әрекетіне, тәрбиелік шараларға қатысу белсенділіктері жас ерекшеліктеріне сай өте жақсы. Оқушылардың мұғалімге қарым-қатынастары жақсы, педагогикалық талаптарға бағынады. Сынып оқушыларының мектеп мотивациялары оң, сабаққа қызығушылықпен келеді, көңіл-күйлері көтеріңкі. Сыныптың әлеуметтік деңгейі: Ұжымда оқушылар жақсы қарым-қатынаста. Шеттетілген бала жоқ. Сыныптағы психологиялық ахуалды қолайлы деп айтуға болады. Сынып оқушылары ұйымшыл. Сонымен қатар сыныпта шығармашылыққа бейім оқушылар бар. Жалпы сыныптан тыс шараларға, сабақтарға қатысуға тырысады. Сынып белсенділері – сынып басшысы, тазалық, спорт мүшелері өз жұмыстарын тиянақты атқарады. Оқушылардың бәрі де сыныптан тыс «математика әлемі», «шахмат» үйірмесіне қатысады. Оқушылардың еңбек қатынасына деген ынта – жігері жоғары. Сыныптағы оқушылардың бір біріне деген қарым – қатынасы өте жақсы, бір – бірімен тату, қиыншылық кезде бір-біріне қол ұшын беруге әзір тұрады. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете біледі. Ұл бала мен қыз балдардың өзара қарым – қатынастары да айтарлықтай жақсы. Сабаққа деген қызығушылықтары жоғары деңгейде. Ата – аналарға келетін болсам, олар сынып өміріне белсенді қатысып отырады. Мектептен қатынастарын үзбейді, көмектерін аямайды.Еш себепсіз сабақ қалдырмайды.
Талдықорған қаласы.Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицей КММ
Мінездеме
Оқушы туралы мәлімет: Жанатбекқызы Шакизат. Әлеуметтік жағдайы жақсы. Үйден барып - келіп оқиды. Сырт бейнесі өте тартымды, жарасымды. Мектеп талабына сай киінеді. Үнемі таза жүреді. Дене дамуы өзінің жасына, ортасына сәйкес келеді. Денсаулық жағдайы жақсы.
Оқу материалын қабылдайды, заттар мен құбылыстарды ажыратады. Еске сақтау қабілеті, шығармашылық қиялы жоғарғы деңгейде дамыған. Сөздік қоры жас ерекшелігіне сай. Сауатты, таза жазады, жазу дағдысы жақсы қалыптасқан. Негізгі қолы оңқай. Пәндер ішінде математика, қазақ тілі, еңбек пәндеріне қызығушылығы мол
Мінезі тұйық, көңіл – күйі тұрақты. Өзіне – өзі қызмет ете алады. Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай. Эмоциялары: мазасыз емес, сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі. Үзілісте де жүгіру, шулау, қатты сөйлеу деген сияқты жаман қылықтарды көрсетпейді.
Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен тіл табыса алады, сыныптағы балалармен қарым - қатынасы жақсы, кішіпейіл. Тәртібі жақсы.