Педагогикалық психология – ғылыми білімнің пәнаралық саласы. Қазіргі заман ғылымының дамуында оның ғылыми салалар, пәндер мен проблемалық салалардың


ООқыту межесі -1)Оқыту өзгеріспен қатар жүреді



бет2/3
Дата17.10.2022
өлшемі2,1 Mb.
#43611
1   2   3
Байланысты:
1-4 сурак жауап пед псих

ООқыту межесі -1)Оқыту өзгеріспен қатар жүреді
2)оқыту уакыт өтсе де жалғаса береді
3)оқытуға тәжірбие арқылы қол жеткізіледі


Оқыту – санадағы ақпаратты қайта жаңғырту. Яғнибақылау, есту, дәм тату немесе жанасу арқылықабылданған ақпаратты идеядан гөрі шикізат деп санауғаболады. Ақыл санада туа қалыптасады және сезіммүшелері арқылы жеткен ақпаратқа мағына үстейді .
Оқытуды психологиялық тұрғы данзерттеу негіздері
Вундттың психологиялық зертханасы.
Психологиялық зертхананы ашудың маңыздылығы аса жоғары еді, өйткені ол философиялық теориядан эксперименттік және инструменттік әдіске көшуге жол ашты (Evans, 2000). 
Оның ойынша, психологиялық әдіс физиологиялық әдістен кейін орын алуы керек. Зерттелуі қажет процесті эксперименттік тұрғыдан шартты тітіркендіру мен оған жауап беру кезеңіне сәйкес жүргізген жөн.
Вундттың зерттеушілері түйсік, тітіркендіруге жауап беру уақыты, вербалды ассоциация, зейін, сезім және көңіл күйі сияқты құбылыстарды да зерттеді. 
Вундттың зертханасы айтарлықтай психологиялық жаңалықтар ашып, сыни эксперименттер жүргізбегенімен, ол психологияны жеке пән ретінде, ал экспериментті білім алу мен жетілдірудің тәсілі ретінде қалыптастырып кетті.

Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.
«Даму» ұғымы сөздікте «... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы,»-деп түсіндіріледі. (11.141)
«Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. 

Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С. Выготский. (12. 128)
Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды. 
1.Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері. 
2.Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері. 
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады. 

И.Я.Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады. (13.56.) 
Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу. (14.67.) 
В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді. (15.46)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет