62
Басты іс-әрекет – құрбыларымен қарым-қатынас, жаңа мінез-құлық нормаларын меңгеру,
қажет болған жағдайда өзін мойындату, құрбыларын оның өзін құрметтетуге ұмытылуы,
құрбыларының ықыласына бөлену;
Өзін-өзі бағалау мен мінездің қалыптасуы;
Мінез акцентуациясының және мінез-құлықтың дезадаптивті формаларының пайда
болуы мүмкін;
Өз пікірінің қалыптасуы, ересектердің өктемшіліктеріне қарсы келу, референттік топты
өз бетімен таңдау;
Жасанды өзбеттіліктің жоқтығы, құрбыларына жоғары деңгейде сенім тудыру мен
конфоризмнің көрінуі;
Логикалық ойлаудың дамуы;
Өзін өзі бақылау және іс-әрекетті жоспарлаудың
әлде де қиындық тудыруы;
Тәуекелге бел буу, агрессивтілік – өзін-өзі бекітудің бір жолы ретінде;
Жыныстық әуестік (құштарлық) пен қызығушылықтың пайда болуы;
Өзіндік «Меннің», өзіндік сананың қалыптасуы;
Оқудағы таңдау, жалпы және арнайы қабілетті дамытудағы сензитивтілік.
Л.С.Выготский
жеткіншектің басты
қызығушылықтарының
бірнеше
негізгі топтарын атап
көрсеткен, ғалым оларды
доминанта
деп атаған:
-
эгоцентрлік доминанта (жеткіншектің өз жеке басына деген қызығушылығы);
-
қашықтық доминантасы (жеткіншектің жақын, бүгінгі
масштабқа емес, кең де алыс –
үлкен масштабқа ұмтылысы);
-
күш салу доминантасы (жеткіншектің
кейде сотқарлық,
қиқар-лықта көрінетін
қарсыласуы, оны жоюдағы еріктік шиеленіске ұмтылысы т.б.)
- романтика доминантасы (жеткіншектің белгісіздікке,
ерлік жасауға,
тәуелсіздікке
ұмтылысы).
Достарыңызбен бөлісу: