Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері



Pdf көрінісі
бет73/127
Дата22.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#142926
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   127
Байланысты:
конспект лекции (1)

Қолданылған әдебиеттер: 
1.
Столяренко Л.Д. Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов – на - Дону, 
2004, - 256, С. 89- 108. 


64 
ІІІ БӨЛІМ. ТӘРБИЕ ПСИХОЛОГИЯСЫ
10 - СҰРАҚ. ТӘРБИЕ ПСИХОЛОГИЯСЫ 
 
1.
 
Тәрбиенің психологиялық және педагогикалық мәселелері 
2.
 
Тәрбие парадигмасы 
3.
 
Тәрбие түрлері 
4.
 
Тәрбие әдістері, құралдары
 
1.
 
Адам
– қоғамдық-тарихи прогрестің жер бетіндегі материалдық және рухани мәдениеттің 
субъектіс
і, генетикалық жақтан өмірдің басқа формаларымен байланысты және ол 
формалардан еңбек құралдарын өндіру қабілетінің арқасында бөлініп шыққан түсінікті сөйлей, 
ойлай алатын, 
саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі

Тәрбиесіз адамзат тіршілігін елестету мүмкін емес, тіпті тәрбие – жинақталған білімнің, 
тәжірибенің келер ұрпаққа тасымалдануы. Тәрбиесіз адамзат прогрессі мүмкін емес. Тәрбиесіз 
онтогенезде адамның дамуы да мүмкін емес. Міне, сондықтан да 
тәрбие жалпыадамзаттық, 
мәңгілік категориялар
құрамына енеді.
Тәрбие адамзат қоғамымен бірге дамиды: тәрбие мақсаты, мазмұны, құралдары, әдістері 
қоғамның дамуына байланысты өзгеріп отырады. Ертеде «тәрбие» сөзі «тамақтандыру» 
емізуді аңғартты. Бірақ, адамзат адам баласының тамақтанып қана қоймай, демек физикалық 
(дене) материалдық қана емес, рухани азықтың да қажеттілігін түсінген. Сондықтан да тәрбие 
материалдық емес, рухани мәнге ие
.
«
Тәрбие
– адам жанының жетілуі. Тәрбиеде адам табиғатын жетілдірудің ұлы құпиясы 
жатыр» (
Кант
). 
«
Тәрбие
кімді тәрбиелейміз, солардың жүрегіне әсер ету. Тәрбие – бір адамның 
тәрбиеленушілерге белгілі адамгершілік әдеттерін меңгерту мақсатында әсер етуі» 
(
Л.Н.Толстой
). 
«
Тәрбиелік әрекет
адамның ақылды, саналы әрекет аймағына жатады, ал тәрбие ұғымы 
тарихтың жемісі, табиғатта ол жоқ…»
 (К.Д.Ушинский).
«
Тәрбие
– кең мағынада үнемі толығу мен жаңарудың көпқырлы процесі» (
Сухомлинский 
В.А.
). 
«
Тәрбие
– мақсатқа жетуге бағытталған, тәрбиеші мен тәрбиеле-нушінің бірлескен жеке 
басты және ұжымды қалыптастыру мен дамытуға ықпал ететін іс-әрекет процесіндегі 
қарым-қатынас» (
Н.И.Болдырев
). 
«
Тәрбие
– өскелең ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені, диалек-тикалық-материалистік 
көзқарасты, жоғары моральды, терең идея-лықты, қоғамдық белсенділікті, ақиқатқа 
шығармашылық қатынасты, жоғары еңбек және мінез-құлық мәдениетін тасымалдау 
әрекеті» (
Қысқа психологиялық сөздік
(1985). 
«
Тәрбие
– адамдарды еңбекке және қоғамға пайдалы әрекетке, әр түрлі әлеуметтік 
функцияларды орындауға даярлайтын объективті заңды процесс»(
1988 жылы шыққан 
«Пропагандистің қысқа педагогикалық сөздігі»
). 
«
Тәрбие
– қоғамдық маңызы бар әлеуметтік тәжірибені меңгеру» (
Г.Нойцер 
). 
«
Тәрбие
– мақсатты түрде жеке бастың дамуын басқару процесі» 
 (Х.Й.Лийметс). 
«
Тәрбие –
кәсіби машықтанған педагог тарапынан баланы қазіргі қоғам мәдениетінің 
ұшар басына шығару, оның қоғамда өмір сүруге қабілеттілігін дамыту және адамзатқа 
тән саналылық пен өз өмірін құруға үйрету» (
Н.Е.Щуркова
).
 
«
Тәрбие–
адам дамуына жағдай жасайтын мақсатты әрекетке мегзейтін әлеуметтендіру 
процесінің педагогикалық компоненті» (
М.И.Рожков
)
 
«
Тәрбие –
баланың субъектіленуіне, мәдени идентификациялан-уына (теңестіру), 
әлеуметтенуіне, өмірлік өзін-өзі анықтауына педагогикалық жәрдемдесу процесі» 
(
Е.В.Бондаревская
). 


65 
«
Тәрбие – 
педагогтың оқушының базалық қажеттілігін қанағат-тандыруға бағытталған 
психологиялық-педагогикалық жағдай жасаудағы іс-әрекеті» (
В.П.Созонов
).
 
«
Тәрбие –
жеке тұлғаның дамуын мақсатты басқару процесі» (
Л.И.Новикова
).
 
«
Тәрбие – 
жеке тұлғаның әлеуметтік ролдер жүйесін меңгеруін мақсатты реттеуде жүзеге 
асатын тану процесі» (
Н.М.Таланчук
).
 
«
Тәрбие
деп үлкендердің кішілерге азаматтық қасиетін қалып-тастыруға тигізетін әсерін 
айтады. Тәрбиенің өзі неше түрлі саладан, айталық, моральдық, интеллектуалдық, 
эстетикалық және еңбекке үйретуден, дене шынықтырудан құрстырылады» (
М.М.Мұқанов
).
«
Тәрбие –
қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды 
мақсат етіп қойған жеке адамды қалыптастырудың жүйелі процесі» (
Қазақ кеңес 
энциклопедиясы
). 
«
Тәрбие
– тәлім , үлгі-өнеге» (
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
). 
Бүгінде педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде 
тәрбиеге
5 түрлі түсінік беріледі
 

1)
Адамға әлеуметтік құрылым мен қоршаған ортаның әсері. 
2)
Ұрпаққа жинақталған қоғамдық-тарихи тәжірибелерді тасымалдау. 
3)
Білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие процесі. 
4)
Белгілі сенім мен көзқарас жүйесін қалыптастырудағы арнайы тәрбие жұмыстары. 
5)
Адами сапалардың қалыптасуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет