Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері


Бала туралы ғылым теориялық қана емес, практикалық та болуы тиіс.  



Pdf көрінісі
бет25/127
Дата22.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#142926
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   127
Байланысты:
конспект лекции (1)

 
Бала туралы ғылым теориялық қана емес, практикалық та болуы тиіс. 

 
Баланы, оның үнемі даму үстінде екендігін ескерген кезде ғана түсінуге болады.
Генетикалық принцип дамудың динамикасы мен тенденциясына зейін қоюды білдіреді. 
 
ІІІ кезең. 
ХХ ғ. 50-60-90 жылдары.
Б.Ф. Скиннер, Л.Н.Ланда, В.Оконь, М.М.Махмутов, 
П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, Д.Б.Эльконин, В.В. Давыдов және т.б.
Оқытудың психологиялық теорияларының, яғни 
педагогикалық психологияның 
теориялық негізін қалау
кезеңінде 1954 жылы Б.Ф.Скиннер бағдарламалық оқыту 
идеясын ұсынса, 60-жылдары Л.Н.Ланда алгоритмдеу теориясын ұсынды, 70-80 жылдары 
В.Оконь, М.М.Махмутовтар проблемалық оқытудың тұтастай жүйесін құрды. Ол бір 
жағынан Дж. Дьюидің оқыту проблеманы шешу арқылы жүргізілуі қажет деген жүйесін 
жалғастырушы болса, екінші жағынан – О. Зельц, К.Дункер, С.Л.Рубинштейн, 
А.М.Матюшкиндердің 
ойлаудың проблемалық сипатының
, оның кезеңдерінің, 
проблемалық жағдайда әрбір ойдың пайда болу мүмкіндігі (П.П.Блонский, 
С.Л.Рубинштейн) туралы көзқарастарымен байланыста болды. 
1957-58жж. П.Я.Гальпериннің, 70-жылдардың басында Н.Ф.Талызинаның 
ақыл-ой 
әрекетінің кезеңдеп қалыптасу
теориясының
негізгі позициялары жарық көрді, онда 
педагогикалық психологияның негізгі жетістіктері мен өрістері көрсетілгенді. Осы 
кезеңде Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтардың еңбектерінде 
дамыта оқыту теориясы
да 
пайда болды.
Қазақстанда педагогикалық психологиядан тұңғыш рет еңбектер жазып, педагогикалық, 
психологиялық ғылымдар саласында ғылыми қызметкерлер даярлауға үлес қосқан 
қазақтың тұңғыш психолог-ғалымы, жоғары және арнаулы орта білім Министрлігінің 
педагогика және психология саласыңдағы ғылыми - әдістемелік кеңестің төрағасы болған 
және т.б. қоғамдық жұмыстар атқарған, Қазақ ССР Ғылым Академиясының академигі, 
профессор Т.Т.Тәжібаев (1910-1964). Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы 
саласында адамның сөйлеу, ойлау және рефлексивтік іс-әрекетін кең тұрғыда зерттеген 
ғалым-зерттеуші, психология ғылымдарының докторы М.М.Мұқанов. Әл-Фараби 
атындағы Казақтың Ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының 


23 
докторы, 2003 жылы «Қазақ психологиясының дамуы мен қалыптасуы» атты 
психологиядан докторлық диссертация қорғаған психология ғылымдарының докторы 
Қ.Б.Жарықбаев. Әлеуметтік – психологиялық жағдайларды және оқыту процесіндегі 
танымдық іс-әрекеттің тиімділік механизмдерін зерттеумен; полиэтностық орта 
жағдайындағы этностық нанымдардың, стереотиптер мен құндылық бағдарлардың 
қалыптасу және даму механизмдерін кешенді зерттеумен; адамдардың бірлескен іс-
әрекетіндегі, соның ішіндегі моноэтностық және полиэтностық өзара әрекет пен қарым-
қатынастағы мағына-, мотив-, және мақсатқұрылым механизмдерін зерттеумен кең 
көлемде айналысушы психолог- ғалым С.М.Жақыпов. Қазіргі психологияның өзекті 
мәселелерімен айналысушы ғалымдар психология ғылымдарының докторлары 
Ж.Ы.Намазбаева, Х.Т.Шерьязданова, және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет