Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері



Pdf көрінісі
бет34/127
Дата22.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#142926
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   127
Байланысты:
конспект лекции (1)

 
Жіктеу (дифференциация) және даралау (индивидуализация), әрбір оқушының 
қабілеттілігін толық анықтау және дамытуға дейін жағдайлар жасау; 

 
Демократияландыру, оқушылар мен педагогтардың белсенділігін, шығармашылығын 
дамыту үшін алғышарттар құру, оқушылар мен мұғалімдердің мүдделерінен туған өзара 
әрекеттесу, жұртшылықтың білім беруді басқаруға кеңінен қатысуы. 
3. Білім беру модельдері

 
Білім беру моделі мемлекеттік-ведомствалық ұйым ретінде
. Білім беру жүйесі 
мемлекеттік билік құрылымындағы халық шаруашы-лығының басқа да салалары сияқты 
өз алдына бөлек бағыт. Оның ведомстволық принцип бойынша қатаң түрде 
орталықтандырылған мақсаты болады. Білім беру мазмұны оқу мекемесінің 
номенклатурасы мен білім беру жүйесінің типіне сәйкес оқу пәндерін анықтаудан 
құрылады. 

 
Дамыта оқыту моделі
(В.В. Давыдов, В.В. Рубцов және т.б.). Білім беруді 
ұйымдастыруды білім беру жүйесінің әртүрлі ранг, тип және деңгейлерінде кең түрде іс-
әрекет кооперациясы арқылы жүзеге асырылатын ерекше инфрақұрылым ретінде 
қарастыруды мегзейді. Осындай құрылым білім беру қызметінде халықтың қажеттілігін 
қанағаттандыра алмақ және тез арада білім беру міндеттерін шешіп, білім беру спектрін 
кеңейтуді қамтамасыздан-дырмақ.

 
Дәстүрлі модель 
(Ж.Мажо, Л.Кро, Ж.Капель, Д.Равич, Ч.Финн т.б.) Жүйелі академиялық 
білім беру моделі мәдениеттің әмбебап (универсалды) элементтерін тасымалдау тәсілі 
ретінде қарастыры-лады. Дәстүрлі концепцияға сәйкес білім беру жүйесі базалық білімді, 
іскерлік пен дағдыны қалыптастыру міндетін шешуі тиіс.

 
Рационалистік модель
(П.Блум, Р.Ганьэ, Б.Скиннер т.б.) Білімді іскерлікті, дағдыны 
меңгеруді қамтамасыз ету арқылы қоғамға жас ұрпақты практикалық түрде бейімдеуді 
ұйымдастыруды шамалайды. Аталған модель аймағында жас ұрпаққа ауыртпалықсыз 
қоғамдық құрылымға енуге мүмкіндік беретін мәдени құндылықтарды тасымалдау- 
меңгерту жүзеге асырылады.

 
Феноменологиялық модель 
(А.Маслоу, А.Комбс, К.Роджерс және т.б.) Оқытудың 
тұлғалық сипаты білім алушылардың индивидуалдық-психологиялық ерекшеліктерін 
ескеруді, олардың қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне мұқияттылық пен құрметпен 
қарауды болжайды. Оның өкілдері мектепке «білім беру конвейері» деп қарауды теріске 
шығарады. Білім беруді гуманистік тұрғыда қарастырады.

 
Институционалдық емес модель (
П.Гудман, И.Иллич, Ж.Гудлэд, Ф. Клейн, Дж. Холт, Л. 
Бернар және т.б.). Білім беруді әлеуметтік институттардан, соның ішінде мектеп және 
ЖОО тыс ұйымдас-тырудың қажеттігіне бағытталған, демек білім беру «табиғатта», 
Internet көмегімен, «ашық мектеп» жағдайында, дистанттық оқыту және т.б. жүзеге 
асырылады деген қағиданы ұстайды.

 
Білім беру жүйесінің негізгі компоненттері (И.П.Раченко бойынша): 
2.
Жүйенің қызметін анықтайтын мақсаттар мен міндеттер; 
3.
Оқыту мен тәрбиенің мазмұны; 
4.
Педагогикалық кадрлар; 


30 
5.
Ғылыми кадрлар; 
6.
Оқушылар; 
7.
Материалдық-техникалық жабдықтау; 
8.
Жүйенің қаржымен қамтамасыздандырылуы және оның тиімділік көрсеткіштері; 
9.
Жағдайлар (психофизиологиялық, санитарлық-гигиеналық, эстетикалық және 
әлеуметтік); 
10.
Ұйымдастыру және басқару.

Білім беру жүйесінің негізгі компоненттері (Ф.Г.Кумбс бойынша): 
1. Жүйедегі әрекетті анықтайтын мақсаттар мен алғашқы міндеттер; 
2. Оқушылар;
3. Жүйедегі әрекетті үйлесімді басқару, жетекшілік жасау және бағалау;
4. Оқу уақытының құрылымы мен бөлу, әртүрлі тапсырмаларға сәйкес оқушылардың бөлінуі; 
5. Мазмұн; 
6. Оқытушылар;
7. Оқу құралы; 
8. Оқу процесіне қажет ғимарат;
9. Технология;
10. Білімді тексеру және бағалау; 
11. Ғылыми - зерттеу жұмысы;
12. Жүйе тиімділігінің көрсеткіші, шығыны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет