Педагогикалық үрдістің мәні, оның компоненттерінің құрылымы


Оқушы педагогикалық үрдістің субъектісі ретінде



бет2/3
Дата27.02.2023
өлшемі26,56 Kb.
#70387
1   2   3
Байланысты:
Ïåäàãîãèêàëû? ?ðä³ñò³? ì?í³, îíû? êîìïîíåíòòåð³í³? ??ðûëûìû

2. Оқушы педагогикалық үрдістің субъектісі ретінде
Субьектілік - адамның ерекше сапасы. Оқушылардың субьектілігін дамыту үшін оларды әртүрлі пән аясында белсенді іс-әрекетке жұмылдыру қажеттіліктері туындайды. Елбасымыздың жолдауында «XXI ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда. Оның өзі мазмұны жөнінен стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады» - деп сапалы білім беруге оқушылардың субьект ретінде тәрбиеленуіне ерекше назар аударылып отыр екен. Соған орай мектептегі білім беру жүйесінде жаңа білім беру стандарты енгізілді. Ол бойынша қоғамның барлық талаптары мен сұраныстарына орай оқушы өз өмірінің субьектісі(жасаушысы), болашақта өзін-өзі дамыта алатын дербес шешім қабылдай алатындай тұлға қалыптастыру міндетке қойылды. Осы талап бойынша субьектіліктің алғашқы бастауы- әрбір оқушыны жеке тұлға деп бағалау . Жеке тұлға түсінігінің мәнін ашу үшін педагог К.Д. Ушинскийдің мына сөзіне сүйенуге болады: «Біз жан-жақты жеке тұлға тәрбиелегіміз келсе, ол тұлғаны жан-жақты зерттеп білуіміз керек» . Субьект үшін жеке тұлғалықтың мәні-оның қажеттілігі мен қызығушылығын қанағаттандыруға, баланың өзіне ғана тән тұлғалық сапаларын, өзінді даму траекциясын анықтау, педагог пен оқушы арасындағы және субьекті мен субьекті арасындағы өзіндік қарым –қатынасты қалыптастыруда көрінеді.
Субьект болу үшін 24 қасиетті дамыту керек. Оқушы субьектілігін қалыптастырып дамытуда да осыған негізделген. Олар мыналар:
1. Белсенділік;
2. Бірлестік, тұтастық, ықпалдастық;
3. Психологиялық қасиеттерінің жүйелігі;
4. Дербес автономды;
5. Саналы;
Баланың балалық шақта қалыптасуы, мектеп жасында субьектілік рольін атқаруы тәрбиемен оқу үрдістеріне тікелей байланысты. Тәрбиелік ортаға сінісіп кеткен жеке тұлғада субьектіліктің 24 қасиетінің барлығын анық белгілеп алуға болады. Яғни, отбасы, балабақша, мектеп, спорт секциялары мен үйірмелер оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда, ата-ана мен қоғам және мектепте тиімді қарым-қатынас жасауға, қоғам өміріне субьект болып үлес қосуына жәнеде өз өмірінің авторы болуына кепіл береді. Жалпы алғанда оқушы субьектілігінің дамуы балалық шақтан басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет