3.Педагогикалық үрдістің қозғаушы күштері. «Педагогикалық процесс» деген термин ғылыми айналымға XIX ғасырдың екінші жартысында енгізілгенімен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс-әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болды.
Педагогикалық процесс-білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған мұғалім мен оқушы арасындағы өзара ықпалды қызметті атқарады, яғни педагогикалық процесс-бұл арнайы оқу мен тәрбиенің бірлігін қамтамасыз ету жолымен кең мәндегі тәрбиені іске асыруды көздеген біртұтас процесс. Өз күшіне деген сенімділікті оқушы педагогикалық процеске басқа да қатысушылар мен бірлескен іс-әрекет барысында жеткен жетістіктері арқылы алады. Бұл оқушы тұлғасының қалыптасуы ол жүйе болатын коллективтің дамуымен тығыз байланыстылығымен анықталады.
Баланың өзіндік дамуына әсер ететін негізгі фактордың бірі-өзара қарым-қатынас жасау іс-әрекеті. Сөйтіп, оқыту процесі-мұғалімнің баламен үнемі рухани қарым-қатынаста, ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етеді. Оқыту процесінде бала тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана емес, оның оқу іс-қимылы мен өзінің психикалық процестерін басқару, ұйымдастыра білуі (іс-әрекетін білуі, бағалауы, өзін-өзі басқаруы) оқытудағы субъекті екенін айқындайды. Оқыту процесі-білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана-сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды .
Оқыту процесінде бала логикалық ойлау болмысының жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес шығармашылық әрекет жасауға дағдыланады. Бұдан шығатын қорытынды: оқыту-баланың рухани жағынан жетілуін қамтамасыз етеді.
4.Негізгі ұғымдар: «педагогикалық үрдіс», «педагогтар-оқушылар», «субъект-объектік қатынастар», «субъект-субъектік қатынастар» жүйесі 2. Педагогиканың негізгі қарастыратын мәселесі жеке адамның дамуы мен оның арасында болған заңдылықты байланыстарды зерттеу және оның негізінде оқыту процесі мен тәрбиелік жұмыстардың теориялық және әдістемелік проблемаларын шешу, яғни арнайы ұйымдастырылған үрдіс сиаптындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін айқындайды.
Ғалымдардың педагогикаға деген көзқарастарын үш түрлі концепцияларға бөліп қарастыруға болады:
1 бағыттың өкілдері - педагогиканы адамзат білімінің пәнаралық пәні деп қарастырады. Бұл бағыт бойынша педагогиканы жеке ғылым саласы екненін жоққа шығарады.
2 бағыт өкілдері педагогиканы қолданбалы ғылым деп анықтап, ол басқа ғылым салаларынан жинақталған білімдерді өзіне қолданып, білім беру мен тәрбие саласында туындаған қиыншылықтарды шешуге бейімдеп қолданады деп көрсетеді. Педагогикаға бұл концепция тұрғысынан қарау педагогикалық тәжірибенің қызмет етуі мен оны қайта қарауда біртұтас фундаментальды негіздерін қамтамасыз ете алмайды.
3 бағыт концепциясының өкілі ғалым В.В.Краевскийдің анықтауынша педагогика жеке ғылым саласы, оның жеке зерттеу объектісі мен пәні бар деп қарау дұрыс.
Педагогиканың пәні - индивидтің өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибесін меңгеру процесі, яғни біртұтас педагогикалық процесс. И.В.Сластениннің анықтауынша педагогиканың пәні арнайы әлеуметтік институттарда (отбасы, білім беру және мәдени- тәрбиелеу мекмелері) мақсатты түрде ұйымдастырылған шынайы біртұтас педагогикалық процестегі білім беру ісі болып табылады.
Педагогиканың объектісі - объективті шындықтағы педагогикалық іс-әрекет. И.В. Сластенин педагогиканың объектісін индивидтің дамуына жағдай жасайтын объективті құбылыстағы шынайылық жатады деп көрсетеді. Ал бұл құбылыс білім беру деп аталады. Педагогика білім беруді зерттейді.
Педагогика педагогикалық процестегі адамды өмір бойы дамыту құралы мен факторы ретінде қарастырылып, оның мәні, заңдылықтары, тенденциялары, даму перрспективаларын зертейтін ғылым саласы. Бұл негізде педагогика педагогикалық процесті ұйымдастырудың теориясы мен технологиясынын, педагогтың іс-әректін жетілдіру формалары мен әдістерін және оқушылардың әр түрлі іс-әректтері мен оларды ұйымдастыру тәсілдерін зерттейді.
Сонымен, педагогика тәрбие теориясы мен әдістемесін нақтылай отыра, жеке адамды арнайы ұйымдастырылған процестерде қоғам қойған талаптарға сай, әлеуметтік сапаларды меңгерген тұлға ретінде қалыптастыру процесін зерттейді (Ж.А.Әбиев).
Педагогиканың атқаратын функцияларын оның зерттеу пәні анықтайды. Педагогика жеке ғылым ретінде төмендегідей функцияларды атқарады: теоретикалық және технологиялық функциялар.