Педагогикалық шеберлік және педагогикалық шығармашылық


Тікелей қарым қатынасты ұйымдастыру



бет4/7
Дата23.04.2023
өлшемі354,5 Kb.
#85862
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ораз А сож 4

Тікелей қарым қатынасты ұйымдастыру

  • Топпен бастапқы байланыс жасау кезеңі тікелей қарым қатынасты ұйымдастыру деп аталады. Тәжірибеде және жүргізілген зерттеулерде қарым қатынастың бұл кезеңінің ерекше маңызды екендігі аңғарылады. Қарым қатынас инициативасын табысты болған жағдайда мұны шартты түрде “коммуникативттік шабуыл” деп атауға болады.
  • Сабақта оқушылардың танымдық әрекетін және оны тәрбиелеуді меңгеру ең алдымен қарым қатынасты ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

Қарым қатынасты меңгеру

  • Мұнда педагог шартты түрде педагогикалық байланысы бар толып жатқан коммуникативті міндеттерді шешеді. Қарым қатынас барысында оқу тәрбие ақпаратын нақтылаудың оны педагогикалық үрдістің өзгермелі жағдайына ыңғайлай білудің, білімгерлердің дербес ерекшеліктерін ескерудің айрықша маңызы бар

Жүзеге асырылған қарым қатынасты талдау

  • Педагогикалық қарым қатынастың төртінші кезеңі жүзеге асырылған қарым қатынасты талдау. Оқытушы қарым қатынастың осал жақтарын да айқындай білуге, білімгерлермен өзара әрекет жасаудағы байланысына қаншалықты қанағаттанғандығын талдап, ұжыммен алдағы болатын қарым қатынас жүйесін жоспарлауы тиіс.

Педагог актер

  • Педагог актер
  • Арнайы жоспарлы түрде тәрбиелік іс әрекетті атқармайды.
  • Өзі процеске тікелей қатысады.
  • Педагог режиссер
  • Жалпы бір мақсатқа жетуге жұмылдыра алады.
  • Өзі процеске тікелей қатыспай басқарушы, үйлестіруші, реттеуші қызметін атқарады

Педагогикалық шеберлiк

  • ол мұғалiмнiң шығармашылығында, адамды оқытып, тәрбиелеп дамыту өнерiн үнемi жетiлдiруiнде көрiнiс табатын педагогикалық iс-әрекеттiң ең жоғары деңгейi. Педагогикалық шеберлiк– педагогикалық қызметтiң жоғары деңгейде меңгерiлуi; педагогтiң оқушылардың оқу-танымдық iс-әрекетiн пәрменді басқарып, мақсаткерлiк педагогикалық әсер мен өзара әрекеттестiктi жүзеге асыруына мүмкiндiк беретiн арнаулы бiлiмдерiнiң, бiлiктерi мен машықтарының, тұлғалық кәсiптiк маңызды қасиеттерiнiң кешенi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет