«Авиценна атындағы жоғары медициналық колледжі» ЖШС 2022-2023 оқу жылы Педагогикалық шеберлік мектебі Педагогикалық шеберлік мектебінің жұмыс жоспары жасалған, бекітіліп алынған.
Мақсаты: Кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы білім алушыларды ойлауға, талқылауға, синтездеуге үйрету мақсатында жаңартылған бағдарлама бойынша сабақтың мазмұнын жақсарту.
Міндеті: Жас мамандарды оқытудың жаңа технологияларын сабаққа енгізе отырып кәсіби шыңдауға бағытталған маман дайындау.
Шығармашылық топ мүшелерін бекітілді. Осы жұмысты санаты жоғары, білікті педагогтардан тұратын шығармашылық топ мүшелері жасақталды.
Жас мамандарға көмек ретінде «Сабақ типтері» атты семинар өткізілді. Тәжірибелі оқытушылардың сабақтарына жас мамандарды қатыстыру, сабаққа талдау жасауға бағыт берілді.
Педагогикалық шеберлік мектебінің тәжірибелі оқытушыларының үлгілі сабақтарына жас мамандар қатысып сабақ талдауға тәжірибе алмасуға бағыт бағдар берілді.
Жас мамандар мектебі Жас мамандар мектебінің жұмыс жоспары жасалынып, тәлімгерлер бекітілді.
- 2022-2023 оқу жылындағы жас мамандарға оқу әдістемелік құжаттарды толтыру ережелерімен таныстырылды.
- Жас оқытушыларға тәлімгерлік көмек ретінде «Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша сабақ өтудің әдістері» атты семинар өткізілді.
- Сабақтың мақсатын қою, мазмұнын анықтау бойынша әдістемелік жұмыстар жүргізілді, ҚМЖ жасаудың үлгілерімен таныстырылды, сабақ түрлерімен таныстырылды.
- Жас мамандарға оқытушылардың портфолиосын жүргізу және оны толтыру ережелерімен таныстырылды
- Педагогикалық шеберлік мектебінің тәжірибелі оқытушыларының сабағына қатыстыру және сабақ талдау үйретілді.
Әдістемелік орталық «Авиценна атындағы жоғары медициналық колледжі» ЖШС 2022-2023 оқу жылы Оқу бөлімінің нормативтік оқу құжаттарын ҚР БжҒМ талабына сәйкес дайындау, құру (оқу процесінің кестесі, оқу-жұмыс жоспары)
Жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкес семинар өткізу.
«Жаңартылған білім берудің жаңашылдығы»
Жас мамандарға арналған семинар: «Пән мен тілді кіріктілік оқыту. CLIL» - үштілдік оқыту бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді әдісі.
Оқу пәндерінің оқыту сапасын бақылауды іске асыру.
Оқытуда АКТ пайдаланудың әдістемелік материалдарын құру: мультимедиялық таныстыру, слайд-дәрістер, бейне дәрістер және бейнефильмдер
Пәндер бойынша ағымдағы және қорытынды бақылауларды тест түрінде құрып, енгізу.
Білім сапасын көтеру мақсатында оқытушылардың сабақтарына қатысу, анализ жасау.
Практикалық сабақтың өтуін тексеру
Ашық сабақтардың өту әдісіне жаңа технологияларды пайдалана отырып өтуге кеңес беру.