Этикет (этикет француз тіліндегі «etiquette» – мінез-құлық мәнері деген мағынаны білдіретін сөзден шыққан термин) – нақты бір мезет-те нақты бір жағдайға байланысты нақты адамдардың өзін-өзі белгілі бір ортада ұстау әдебі. Ол қоғамда қабылданған құрмет білдіру, сыпайылық және төзімділік ұғымдарын да қамтиды.
Педагогикалық этикетөз ішіне педагог пен тәрбиенелуші, педагог пен ата-ана, педагог пен педагог арасындағы қарым-қатынаста тәр-биеленушіге, ата-анаға, кәсіптесіне құрметті көрсететін, қарым-қаты-настан жағымды әсер алуға әрекет етуін тәртіпке салушы мінез-құлық ережелерінің жиынтығы.
Педагогикалық этикет оқытушының кәсіптік имиджінде, сөйлеу мәнерінде, мінез-құлқында көрініс табады.