«Педагогикалық технология» ұғымына жалпы түсінік. Бүгінгі заманда жаңа компьютерлік технологияларды енгізумен бірге «технология»



бет3/3
Дата25.11.2023
өлшемі26,7 Kb.
#126590
1   2   3
Байланысты:
Мектепте қолданылатын педагогикалық технологияларды iрiктеу

Иновациялық оқыту: оқушының мүмкіндігі мен шамасына қарай мәселенің байыбына барып, үлгі көрсетер өнегелеріне еліктеп, тағылымдық жолдарын қабылдау, оған шығармашылық тұрғыдан пайымдау жасауға үйрету.

Қазіргі кезде білім беру кеңістігінде инновациялық үрдістердің бағыттарының бірі – мектепке бағдарлау болып табылады. Оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттері толық ескеріліп, сол қажеттілікке сай тиімді жағдайлар жасалып, білім беріледі. Оқыту мәселелерін бастамас бұрын, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге ерекше мән беру керек.


Сабақ – оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы. Ендеше сабақтың мәнді өтуі мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Инновация – оны жеке түсініп, оқу үрдісіне енгізу – оқушылардың саналы да сапалы білім алудың бірден бір шарты. Саралап оқыту – оқушылардың туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке дамуының жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі.
Оқушылардың пәнді игеруге қызығушылығын арттыру мақсатында оқытудың дәстүрлі емес сабақ түрлері мен жаңа әдіс-тәсілдерін, сабақтарда пайдаланатын негізгі әдістер оқушылардың көңіл күйіне, ынтасына, қабілетіне қарай, топпен, жеке оқушылармен жұмыс істеу, ойын элементтерін пайдалануға болады.
Оқу процесіндегі негізгі инновациялық технологиялар :
1.Кейс –технология
2. WEB технология
3. Коммуникациялық технология
4. Ақпараттық технология
5. Интерактивтік әдіс технологиясы
6. Мультимедия технологиясы
7. Телекоммуникация немесе электронды оқыту технологиясы.

Бүгінгі таңда мультимедиялық үйретуші бағдарламалар, электрондық оқулықтар білімді ақпараттандырудың негізгі факторларының бірі болып саналады. Технологияның тиімділігі, оның болашағы маманның психологиялық ерекшелігіне, іскерлігіне байланысты. Бұдан шығатын басты талап субъектінің мән бере оқуы, жеке бастың даму диагностикасы, жағдайларды жобалау, ойлы ізденістер диалогы, оқулықтағы тапсырмаларды өмірмен байланыстырып беру. Оқытушы көбінесе оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолданғаны жөн.Оқыту технологиялары оқу процесіне, сабақ түріне байланысты жан-жақты: проблемалық оқыту, ойын арқылы оқыту, тірек сигнал арқылы оқыту, компьютерлік оқыту, электронды оқыту, коммуникативтік технологиялар, инновациялық оқыту, жаңа технологиялар бойынша оқыту.


Инновациялық оқыту дәстүрлі дидактикамен қатарласа жүргенімен, оның өзіндік айырмашылықтарымен өзгешеліктеріне мән беруге тура келеді.
Мәселен, оқытудағы ұстаным мектептегі оқыту бағдаламасында көсетілген нұсқауды орындап, ондағы мағлұматтарды беру, оны қайталап пысықтап менгерту болса, инновациялық оқытудағы мақсат-іс-әрекет барысында оқушының қабілетін оятып, түрлі жағдай жасау арқылы олардың өзінше әрекеттенуіне бағдар беріп, шығармашылыққа талпындыру.  
Нақты айтқанда, оқушыға үнемі жол сілтемей, өзінше әрекеттене алуына бейімдеу. 
Мұның нәтижелік көрсеткіші сол: оқушының білімді мағлұматты жәй ғана, бір сәттік тұрғыда қабылдап қана қоймай, саналы да тиянақты игеруіне ықпал ету.
Жаңа коммуникациялық  технологияларды пайдаланудың басты  мақсаты – оқушылардың оқу  пәнін толық меңгеруі үшін оқу  материалдарының практикалық жағынан  тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Ақпараттық-коммуникациялық технология оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдаланып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасауға болады.
Сонымен қатар, білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу Интернет, электрондық пошта, телеконференция, бейнеконференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда. Интернет жүйесінде жұмыс істеу оқушыларымыздың әлемдік білім мен ғылым жетістіктерінен хабардар болып, оларды игеруіне шексіз мүмкіндіктер алатыны хақ. Заман ағымына қарай күнделікті сабақта бейне, аудио қондырғылары мен интерактивті тақтаны, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде.
Әр сабақта  міндетті түрде проекторды қолданып, Microsoft Power Point бағдарламасында жасалған презентацияларды, интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін, AсtivInspire бағдарламасында жасалған флипчарттарды, Интернеттен алынған қызықты бейнефильмдерді көрсету.Сонымен қатар, сыныптағы компьютерлерде информатикадан 7,8,9,10 сыныптарға арналған электрондық оқулықтар мен әр түрлі қызықты білімді бақылауға және бағалауға арналған бағдарламалар орнатылған. Әр оқушының жұмысын қадағалау үшін NetOP School бағдарламасын пайдалану керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет