Педагогикалық технология ұғымының мәні



Дата17.10.2023
өлшемі2,01 Mb.
#117304
Байланысты:
қазіргі білім беру технологиялары. Амангелді Мерейлім (1)

Педагогикалық технология ұғымының мәні.

Орындаған: Амангелді Мерейлім


«Педагогикалық технология» термині ХХ ғасырдың 60-шы жылдары АҚШ пен Англияда қалыптасып, қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүниежүзі елдеріне таралып, білім беру саласында кең өріс алуда. Соңғы кездерде білім берудің жаңа даму бағытын қамтитын оқытудың 50-ден астам жаңа технологиялары практикаға енгізіліп, кеңінен пайдалануда.
Білім берудегі педагогикалық технологиялар «жаңа технология», «озық технология», «оқыту технологиясы» т.б. терминдермен аталуда. Ал аталған ұғымдардың бір-бірінен айырмашылығы, өзіндік ерекшелігі жайлы ғалымдар арасында қызу пікірталас бар. Жалпы ғалымдар «технологияға» шеберлікпен өнім алу, нәтижеге жету, белгілі бір жоба, модельмен оқыту сияқты түрлі анықтамалар берген.

Ғалымдардың көзқарастары


М.М.Левин: «педагогикалық технологияның негізгі қызметі – оқу үрдісінің білім беру мақсатын іске асыру және жеке тұлғаны дамыту».
Г.К.Селевко: «оқыту технологиясы − оқытудың тиімді жолдары мен үдерісінде қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар».
Б.Т.Лихачев: ”Педагогикалық технология – оқыту тәсiлдерi мен тәрбие құралдарын, оқытудың түрлерiн жинақтап, арнайы бiрiктiрудiң жолдарын анықтайтын психологиялық-педагогикалық установкалардың бiрлiгi, сондықтан да ол – педагогикалық процестiң инструментарийi болып саналады”.
Отандық ғалымдардың ой-пікірлері
Ғ.М.Құсайынов педагогикалық технологияны «мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеу жолындағы мақсаттар мен нәтижеге жету және сабақ беру үрдісіндегі ұжымдық оқыту әдісі. Себебі ұжымдық оқыту әдісі қазіргі заман талабына сай жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеп шығуға мүмкіндік береді. Педагогикалық оқу жоспарлары мен бағдарламаларында берілген оқу материалын оқушылардың өздері бірін-бірі оқыту арқылы меңгеру үрдісі» деп санайды.
Ж.А.Қараевтің пікірінше: «Технология дегеніміз – әдістемелік жүйе мен сәйкес дидактикалық үрдістер кешенінің тәжірибиеде жүзеге асырылатын жобасы, ал педагогикалық жағдаяттарға сай қолданылатын әдістер, тәсілдер оның құрамды бөлігі болып табылады.
1
2
3
Педагогикалық технологияның басты ерекшілігі - оқу үдерісінің қойылған мақсатқа жетуге кепілдік беретіндігінде. Педагогикалық әдебиеттерде «педагогикалық технология» ұғымы үш бағытта қолданылады:
Жалпы педагогикалық денгей–белгілі бір аймақтағы, оқу орнындағы білім беру үдерісін сипаттайды;
Жеке пәндік-әдістемелік деңгей–жеке пән әдістемесі ретінде қолданылады;
Элементтік (бөлімді) модельді деңгей-оқу-тәрбие үдерісінің жекелеген бөлігінің технологиясы ретінде қарастырған.
Педагогикалық технологияға тән белгілер:
Жүйелiлiгi (құрылымдық элементтерiнiң бiртұтастығы);
Тиiмдiлiгi (қысқа мерзiмде аз шығынмен жоғары нәтижеге қол жеткiзу мүмкiндiгi).
Басқарылмалылығы (оқыту процесiн бастан-аяқ жоспарлап, нәтижесiн тесеруге болатындығы);
Негiздiлiгi (кез келген технологияның өзiндiк философиясы, өзiндiк тұжырымдамасы болуы шарт);

Назарларыңызға рақмет!

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ж.Қобдикова. Орта мектепте білім алуды технологияландыру. - Алматы, 2002. 2. Педагогикалық технология ұғымының мәні мен әдіснамалық сипаттамасы. //Бастауыш мектеп. 1999. - №8,9. 3. Педагогика. Педагогические теории, системы, технологии. Под ред. С.А.Смирнова. 3-е изд. - М.: Академия, 1999. 4. Хуторской А.В. Современная дидактика. - Спб: Питер, 2001. 5. Педагогика. - Алматы, 2003.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет