Педагогикалық технология негізінде киберпедагогика курсының оқыту формалары. Жаңа педагогикалық технологияларды қолданудың жетістіктері


Оқыту процесіндегі технологиялық процесс



бет2/2
Дата07.06.2023
өлшемі13,42 Kb.
#99464
1   2
Байланысты:
Тараз 2022 Жоспар I. Кіріспе-emirsaba.org

Оқыту процесіндегі технологиялық процесс
Жаңа педагогикалық технологиялар. Ойын технологиясы.
Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз – педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.

Проблемалық оқыту технологиясы

Проблемалық оқыту – мұғалім басшылығымен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.

Коммуникативтік байланыс технологиясы

Коммуникативтік байланыс технологиясы – шеттілдер мен байланыс негізінде оқыту. Ол сабаққа іскерлік бағдар береді. Сабақтың практикалық жағына бағытталады. Сөйлеу жаттығулары арқылы лексика мен грамматикалық ұғымдар кең көлемде бірқалыпты, және тез мөлшерде жинақталады. Коммуникативтік оқыту қарым-қатынас жағдайларын құруға мүмкіндік береді:

Қызығушылығын коммуникативтік тұрғыдан арттыру, коммуникативтік мотивация;


Дұрыс бағытта сөйлеу;
Өзара қатынастың қалыптасуы;
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Қорытынды

Қорытындылай келе, білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

XXI ғасырда әлемдегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарламар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.

Оқушы қызметін белсендіру негізіндегі педагогикалық технологиялар тиімді қолдануға тиістіміз.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Ж.Қобдикова. Орта мектепте білім алуды технологияландыру. - Алматы, 2002.

2. Педагогикалық технология ұғымының мәні мен әдіснамалық сипаттамасы. //Бастауыш мектеп. 1999. - №8,9.

3. Педагогика. Педагогические теории, системы, технологии. Под ред. С.А.Смирнова. 3-е изд. - М.: Академия, 1999.

4. Хуторской А.В. Современная дидактика. - Спб: Питер, 2001.

5. Педагогика. - Алматы, 2003.

Назарларыңызға рахмет!!!



http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет