2. «Әдістеме», «технология», «оқыту технологиясы», «педагогикалық технология» ұғымдарының арақатынасы. Ерекшелігі мен қолдану орнына қарай инновацияларды жіктеуге болады:
Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады:
Модификациялық инновация -бұл қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу.
Комбинаторлық инновация - бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновацияға - білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педогогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педогогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние.
Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегі алғы шарттар қажет:
оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру. Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, азарда ұстау;
жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандарты мен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу;
оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.
Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық және телекоммуникациялық технологиясын игеру - міндетіміз.
3.Қазіргі педагогикалық технологияларды әр түрлі тұрғыдан жіктеу. Инновациялық үрдістің негізгі жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі XVII ғасырда Я.А.Коменскийдің жасаған сыныптық- сабақтық жүйесі А.С.Макаренко және В.А.Сухомлинскидің іс-тәжірибиелері, сондай-ақ Шаталовтың қолданған тірек-конспектілері жаңалықтарды, ой- идеяларды өз уақытында да, қазірде де қолдануды тиімді деп тауып отыр.
Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған анықтамаларын қарастырып, талдай келе бұл ұғым белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау дегенді білдіреді. Осыларды негізге ала отырып, инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме енгізу құралы» деп ұғатын боламыз.
Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырады. К.Ангеловский, М.Поташник, В.Я.Ляудис т.б. ғалымдар мұғалімнің жаңалыққа қабілеттілігіне ерекше көңіл бөлді. Енгізіліп отырған жаңа әдістемені ерекше жағын көре білу, түсіне білу және оның басқа әдістемелермен қандай байланысты екенін білу керек.
Инновациялар классификациясы негізінде білім беру мекемелерінің қызметіндегі туындайтын саналы педогогикалық ой - идея жүйесі жатыр. Мектеп өмірінде болып жатқан өзгерістер, олардың инновациялық бағытқа бет бұруы болашақ мұғалімді даярлаудағы әдістемелік өзгерістермен тығыз байланысты. Инновация көлемділігі оның жүйелілігі мен классификациясын тудырады.