Шәкәрім атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Дәріс
Тақырыбы:Мұғалімнің кəсіби іс-əрекетіндегі оқытудың педагогикалық технологиялыры.
Орындаған: Науамбаев А.К.
Тобы: ДМО-201с
Тексерген: Мухметова Р.Ж.
Семей 2022жыл.
Педагогикалық технология туралы түсінік. «Инновация» термині ағылшын тілінің “innovation” деген сөзінен шыққан, аудармасы «жаңашылдықты енгізу».
Инновациялық процесс - білім беру процесіне тұрақты жаңа элементтер кіргізетін, жүйенің бір жағдайдан екінші жағдайға көшуіне апаратын жаңалық, жаңадан ендірілетін әрекет. Білім беру ұйымдарының жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты қызметі.
Инновациялық процестің дамуына екі фактор ықпал етеді: Объективті фактор - инновациялық қызметтің дамуына ықпал ететін және оның нәтижесінің ұғымын қамтамасыз ететін жағдай жасау;
Субъективті фактор - инновациялық процестің субъектісімен байланысты, ол инновациялық процестердің субъектілері педагог-ғалымдар, мұғалімдер мен инновациялық бағыттағы білім саласының қызметкері болып табылады.
XXI ғасыр табалдырығында тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңі - білім беру прогрестің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезеңге келіп жетті.
Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында қазіргі мектептер:
1) практикалық қызметте жинақталған барлық игіліктердің сақталуы;
2) қоғамның интеллектуалдық қуатын жетілдіру;
3) еліміздің материалдық - қаржылық әл- ауқатын әрі қарай дамыту;
4) орта білім беру жүйесін әрі қарай дамыту т.с.с. міндеттерді көздейді.
Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым- қатынас жасаулары керек.
Инновация дегеніміз білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни әдіс - тәсілдерді, амалдарды, құралдарды, жаңа концепцияларды жасап, оларды қолдану деп анықталған.
Инновация ұғымын ғалымдар әртүрлі түсіндіреді:
1) жаңалық, жаңаны енгізу, жаңарту үрдісі
2) өзгеріс
3) құрал, әдіс
Т.И.Шамова, П.И.Третьяковалардың еңбегінде «Инновация» дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз - тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация үрдісін мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптасуды анықтайды, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны еңгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз» делінген. Энциклопедиялық сөздіктерде «инновация» әр түрлі анықталады. Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым «жаңаша білім беру» деп түсіндіріледі.
Ал А.И.Кочетов «инновация» ұғымына төмендегідей анықтама береді: «Көрсетілген деңгейге апаруды қамтамасыз ететін теориялық, технологиялық және педагогиялық іс - әрекеттің бір тұтас бағдарламасы». В.Кваша мен В.Латинаның пікірлері бойынша «инновация» - бұл жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі болып табылады. Педагогикалық ғылымының тарихын саралап талдау көптеген педагогикалық инновациялардың ерте уақыттарда да болғанын көрсетеді. Мысалы, Сократ мектебі - «Қуаныш үйі», К.Д.Ушинский мен Л.Н.Толстойдың ғылыми идеялары және т.б.