Байланысты: Педагогикалық технология кестесін және технологиялық картасының сызбасын түсіру
Педагогикалық Технология - мұғалімнің жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметінің, іс - әрекетінің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болады. Мұғалімнің міндеті – оқушының бойындғы жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету, яғни оның шығармашылық белсенділігін дамыту болып табылады. Шығармашылыққа баулуда сын тұрғысынан ойлау технологиясының орны ерекше.
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Оқушының бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының қазіргі таңдағы талаптарға сай білімді жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында алатын орны ерекше.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясыоқушыны болжам жасатуға, алдыға қойған мақсатқа сын тұрғысынан қарауға үйретеді. Ғалым-әдіскерлер сын тұрғысынан ойлау технологиясының төмендегідей тиімді жақтарын атап көрсетеді:
оқушылардың өз бетімен жан-жақты білім алуы;
сабақ кезінде уақытты ұтымды пайдалану;
оқушылардың өзара пікір алмасуы;
мұғалім мен оқушылар арасында ізгілік қарым-қатынастардың орнауы.
Оқушының үлгерімі, оқу сапасының жоғары болуы мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру деп қана түсінбей, оқу үдерісін сауатты ұйымдастыра білуі шарт.
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы оқушыны саналы түрде ізденуге, өзінің көзқарасын қалыптастыруға, басқалардың да пікірімен санасуға, өзіндік қате тұжырымынан бас тартуға көмектеседі. Аталған технология ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызды рөл атқарады.
Әдіскер-ғалымдар аталған технологияның төмендегідей сұраққа жауап іздеуге ықпал ететінін айтады:
Мен не білемін?
Мен жаңаша нені білдім?
Менің білімім қалай өзгерді?
Мен осы біліммен не істей аламын?
Жалпы сыни тұрғыдан оқыту ойлау технологиясы жан-жақты қолданылып жүр. Ол өзінің тиімділігін дәлелдеді. Сонымен сыни тұрғыдан оқыту технологиясы оқушының өзіндік және жеке ойлауын қалыптастырады. Оқушы өз ойлары мен пікірлерін білдіруге дағдыланады. Яғни оқушы үшін басқа біреу ойлай алмайды, сондықтан ол өз пікірін айтуға үйренеді. Оқушы үшін ақпарат ойлаудың ең бастапқы межесі болып табылады. Оқушы үшін фактілер мен идеялар, мәліметтер мен тұжырымдамалар және т.б. терең ойлауға қажет материалдар болып саналатындықтан, ол оны өңдеуден өткізеді. Яғни оқушы ақпаратты сұрыптауға дағдыланады. Аталған технология оқушыны сыни тұрғыдан ойлау сұрақтарын қоюға жетелейді. Сол арқылы ол айналамыздағы құбылыстар мен өзгерістерді білуге ұмтылады. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда әр мұғалімнің жеке тәжірибесі, педагогикалық шеберлігі қалыптасқан өз шеберханасының болуы заңды құбылыс.
Ресей педагогтерінің озық тәжірибесінде педагогикалық шеберхана оқытудағы мақсатқа жетудің бірден- бір тиімді жолы деп саналады.
Өйткені шеберхана-оқушының сыныптағы іс-әрекетін жаңаша ұйымдастыру тәсілі. Шеберхана балаға тек мектептегі пәндік ғылымды меңгертіп қана қомайды, ол сонымен бірге нақты білімнің қалыптасу жолын, тәсілін де гүсіндіреді. Педагогикалық шеберхана технологиясы мұғаліммен шеберхана өткізбестен бұрын дайындықты, жан-жакты ізденісті талап етеді. Ал шеберхана барысында мұғалім тек бағыт-бағдар беруші, бақылаушы ролінде болады.
Шеберхананы құрушының қағидасы - оқушы әрекетінің еркіндігіне, оның тұлғалық ерекшелігіне , ой талғамына құрметпен қарауға негізделеді.
Оқушылардың шығармашылық белсенділігінің артуына, білімінің нәтижесіне мұғалімнің өткізетін «шебер-сынып» сабақтарының ықпалы өте кең. Бұл сабақтарда өте жақсы нәтиже беретін кезең - индукция кезеңі. Тақырыпты ашуда индуктор (құрал) кез-келген зат не құбылыс болады. Мысалы, үнтаспа үні, зат, сурет, тіпті бір нүкте болуы мүмкін. Оқушылар оқу тақырыбын өздері шығарып алып, осы тақырыпқа деген қызығушылықпен құлшына сабақ барысын өздері құрастырады.
Екінші кезең - деконструкця кезеңі. Бұл кезеңде оқушылар сызбаға не месе тірек схемасына сүйеніп, жұмыстарын жалғастырады. Мысалы; тақырыпқа байланысты не біледі, соны жазады өз біліміне, тәжірибесіне сүйеніп , өздері тақырыптық сызба жасаулары мүмкін. Бұл жұмыстарды орындау барысында балаларда өз күшіне деген сенімділік пайда болып, білімдері кеңейеді.
Үшінші кезең – реконструкция кезеңінде балалар дайын сызбамен сыныпта оқушыларды бағдарламадан тыс қосалқы мәтінмен жұмыс жасау өте қызықтырады. Сыныпта оқушыларды бағдарламадан тыс қосалқы мәтінмен жұмыс жасау өте қызықтырады. Аяқталмаған мәтінді топ ішінде талдап, өз ойларын көршілес топтың ойларымен салыстырып, негізгі ойды табу арқылы мәтінге ат қояды.
Әлеуметтендіру кезеніндегі мұғалімнің көмегімен мәтіннің жалғасы таратылады. Оқушылар қай топтың нұсқасы сәйкес келетінін ажыратады.
Бұл кезендерде оқушылардың зерттеу, сынау, салыстыру, ажырату қабілеттері дами түседі.Өтілген тақырыпқа байланысты сурет салғызуға, өлең жолдарын шығартуға, шағын шығарма жазғызуға болады.
Сабақ соңында сурет салғанда бар жан-дүниесін, эмоциясын сол жұмыста қағаз бетіне бейнелейді. Жарнамалау (афиширование ), кезеңінде әр бала немесе әр топ бар жұмыстарын қорғайды. Оқушылар бір-біріне жұмыстарын көрсетеді. Осы кезеңді ұжым мүшелерін біріктіретін, ынтымақтандыратын кезең деуге болды.