Педагогикалық тәжірибеде мектепшілік басқарудың жағдайын диагностикалау


Диагностиканы төмендегі бағыттарды зерттеу үшін жүргізуге болады



бет4/5
Дата16.05.2022
өлшемі0,74 Mb.
#34674
1   2   3   4   5
Байланысты:
7 сем

Диагностиканы төмендегі бағыттарды зерттеу үшін жүргізуге болады:
  • бір мектеп көлемінде бір мақсатқа бағытталған ұжым мүшелерін басқару арқылы кәсіби және тұлғалық қажеттіктерін зерттеу және дамыту мүмкіндігі;
  • басқару үрдісінде мұғалімдерді өз педагогикалық әрекеттерін талдай алуына көмектесіп, ізденістік жұмыстарына бағыт беру, кәсіби санатын көтеру мүмкіндігі;
  • әдістемелік, педагогикалық кеңестер арқылы ұжымдық бірлескен әрекеттерді талдау, жобалау, модельдеу, қорытындысын саралау мүмкіндігі;
  • оқыту мен тәрбие барысында оқушыларды бақылау арқылы өсу жолдарын айқындау;

Оның мазмұны мектеп мүмкіндіктерін зерттеу және соған сай ұжым мүшелерінің ұсыныстары мен бастамашылдығын қолдау, ұйымдастыру міндеттерін айқындайды. Олар:
  • ұжымда өзіндік танымға, рефлексиялық әрекеттерге түрткі жасалуы үшін қолайлы орта туғызу;
  • түрлі педагогикалық және қоғамдық қызметтерге тарту арқылы әр педагогтың өзіндік танымына мүмкіндік беру және оны жүзеге асыруға көмектесу;
  • тұлғаның өзіндік бағытталуына қажетті құндылықтарын дамытуға жағдай жасау;
  • өзінің білім алу әрекетін өз өмірі үшін мәнділікке айналдыру көздерін анықтауға бағыттау.

Диагностика нәтижелерін талдау негізінде проблемалар мен мүмкіндіктер анықталып, оны орындаудың төмендегідей жолдары белгіленеді:
  • кері байланыс қызметі арқылы әр түрлі деңгейдегі педагогикалық әрекеттерді талдау деңгейін білу;
  • педагогикалық-коррекциялық қызмет негізінде оқулықтарды жоюдың жүйесін жасақтау;
  • ынталандыру мен стимул қызметтері, кәсіби-педагогикалық санатын көтеру, т.б. шаралар;
  • бақылау қызметі арқылы нәтижелік деңгейін үнемі қадағалап отыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет