Психологиялық – педагогикалық тексеру нәтижелері:
Баланың сезімдік және коммуникативті даму деңгейін анықтау және мінездеме беру.
Сенсорлық және қимыл- қозғалыс қызметтерінің даму деңгейін анықтау және мінездеме беру.
Ақыл-ой және сөйлеу тіл деңгейін (сөйлеу тілінің психологиялық қызметін зерттеу) анықтау және мінездеме беру.
оқужәне ойнау, манипулятивті, заттық қызметтерінің даму деңгейін анықтау және мінездеме беру,
Әлеуметтік – тұрмыстық бағдарлау деңгейін анықтау және мінездеме беру.
Бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасқа мінездеме беру.
Психикалық дамуды бағалау, баланың өз мүмкіндіктерін, сол сияқты түзету көмегінің жағдайы мен жолдарын анықтау.
Балаға түзете көмек көрсететін ата-аналарға, мамандарға арналған нұсқауларды жетілдіру.
Психологиялық – педагогикалық тексерудің негізгі әдістеріне бала анасымен әңгіме (сұрау), баланың психологиялық жағдайын бақылау және зерттеу жатады. Баланың анасымен әңгімелесу баланың психикалық және сөйлеу тілінің дамуы туралы нақты мәліметтерді алуға бағыттылған. Анасына қойылатын сұрақтар баланың дамуын анасының бағалауына емес, оның өмірінің нақты жағдайлары туралы мәліметтерді алуға негізделген. Баланың анасымен әңгіме барысында оның балаға деген көзқарасын, онымен сезімдік қарым-қатынасын ұғынуға мүмкіндік туады. Тексеруші баланың өз пікірін сөзбен білдіруді талап ететін вербальды нұсқауды орындаудың шектеулі болғандықтан, есту қызметі бұзылған баланы тексеруді бақылау әдісі негізгі әдістердің біріне жатады.Баланы бақылау тексеру барысында жүргізіледі. Психолог бақылау барысында баланың психикалық даму ерекшеліктерін білдіретін белгілі бір кезеңдерді анықтай алады: жаңа жерге, бөтен адамдарға реакциясын, қарым-қатынасқа түсу ерекшеліктерін, вербальды қатынас құралын пайдалану жалпы көңіл-күйін, баланың белсенділігін, қоршаған ортаға деген қызығушылығын, тапсырманы орындаудағы жетістік пен сәтсіздіктерге, ересектің ескертуі мен қолдауына, сезімдік реакциясы өз ісін сынауы, мінез-құлық реакциялары: гипо және гипербелсенділік, әсерлі лабильділік, қатты қозу, әлсіреу және т.б., сол сияқы анасының балаға деген сезімі, олардың арасындағы әсерлі өзара қарым-қатынас.
Баланың психикалық даму ерекшеліктерін терең зерттеу, оның бұзылу деңгейі мен түрін анықтау үшін « оқыту» тәжірибесі түрінде берілетін байқау зерттеу әдістерін қолдану қажет. Оқыту тәжірибесі әдістемесі баланың оқуға жарамдығын анықтау мақсатында әр түрлі көмек түрлерін енгізуге негізделген. Тексеру үдерісіндегі көмектің келесі түрлері пайдаланылады: іс-әрекетті еліктеу бойынша орындау, іс-әрекеті ишаратты пайдалану, еліктеу және сөздік нұсқау бойынша орындау.
Достарыңызбен бөлісу: |