Педагогикалық тексеру


Психологиялық – педагогикалық тексеруді



бет3/5
Дата12.04.2022
өлшемі29,75 Kb.
#30740
1   2   3   4   5
Байланысты:
Педагогикалық тексеру нәтижелері

Психологиялық – педагогикалық тексеруді медициналық тексеруден кейін жүргізген дұрыс, себебі есту қызметі бұзылған балада психикалық даму қызметінің диагностикасы үшін амнестикалық мәліметтер, соматикалық, неврологиялық, психикалық статустары, есту қызметі мен оның диапозон деңгейінің төмендеуі, қимыл және көру қызметтерінің сақталуы туралы мәліметтер өте маңызды.Ең алдымен бала қалдық есту қызметін тұрмыста қалай пайдаланатыны, қарым-қатынаста сөйлеу тілін пайдалануы, пайдаланса қандай көлемде екенін анықтау қажет. Психолог осы мәліметтерді талдауға, тексеруді қажетті бағытта жүргізуге, зерттеу әдісі, тәсілін мақсатты түрде қолдануына мүмкіндік береді.

Тексеруді баланы алып келген анасымен әңгімелеуден бастаған дұрыс, осы кезде жаңа жағдайға, бейтаныс адамдарға үйренуге уақыт беріледі.                             Жасқа толмаған, қимыл- қозғалысы ауыр бұзылған балаларды тексеру баланың көңілін ашық дыбыстарға аударып, мейірімді дауыспен, біртіндеп абайлап, тактильді қатынасты қолдану қажет. Ересек жастағы балаларды тексеруге қатыстыру үшін әр түрлі тапсырмаларды бір ойынға топтастыруды қолдану арқылы жүргізіледі.

Тексеруді баланың дербестігін бақылаудан оның белсенділігінің, адекваттылығын, ойын, заттың іс- әрекетінің сан алуандығын белгілеуден бастаған дұрыс. Егер бала ойыншықпен ойнай алмаса, онда ересек ойыншықпен ойнаудың әр түрлерін көрсетеді.Тексеруді жүргізу үшін заттар мен ойынщықтардың қажетті жиынтығы болуы  керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет