Педагогикалық зерттеудің Әдіснамалық негіздері мен әдістері



бет11/35
Дата25.03.2023
өлшемі213,6 Kb.
#76065
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35
Тәжірибелік инновациялар. Жаңа әдістер, ережелер, бағдарламалар, дидактика саласындағы ұсыныстар, тәрбиелеу теориясы, мектептану, білім берудің техникалық құралдары, приборлар мен нұсқалар, табиғи объектілер, тәжірибелік инновацияларға жатады.
Білім беру және тәрбиелеу саласында жаңалықтар енгізуден жаңа білімді ажырата білу керек. Бір жағдайда жаңа идея, жаңа білімнің құрылуы іске асса, екіншісінде оны қолдану орын алады.
Инновациялар уақыттық және сапалық параметрлеріне қарай ажаратылады. Жаңалықтар енгізу уақытқа тәуелсіз бағалануы қажет. Бұл көзқарас бойынша, белгілі жағдайды іске асырған педагогтарды жаңашылдар деп есептеген жөн. Ғылыми жұмыста іс басқа. Бұндай басымдылыққа ғылымда жаңа білімді алғаш кім алса, сол мәселеге қоғамның назарын аударса, сол ие болады. Белгілі бір дәрежеде техникаға тән түсініктер оқыту немесе тәрбиелеу әдістемесіндегі жаңалықтарды сипаттауға қолданылуы мүмкін. Идея әр оқу ұйымдарында белгілі болып, әр аймаққа таралып өз әсерін тигізгенімен, бірақ арнайы жаңа жағдайларда қаралмайтын болады. Білім беру саласында жаңалықтар енгізуді бағалау үшін сапалы талдау керек. Ол алынған білімнің белгілі білім қатарындағы орнын және сабақтастығын көрсетеді.

Нақтылау деңгейі. Бұл деңгейде инновация білім алу тәрбиеге байланысты жеке теориялық немесе тәжірибелік қағидаларды нақтылайды. Педагогика ғылымында бұл деңгейді жаңашылдықтың модификациялық тұрпаты деп атайды (М.М. Поташник). Оның мазмұнына ұқсас нәрсені тиімді ету, түр өзгерту (бағдарлама, әдістеме, құрамы) жатады. Өзгертуді белгілі әдістемені жаңа пәнді оқытуға көшіру деп те түсінеді. Оған мысал, П.М. Эрдниевтің математикалық материал негізінде жасаған дидиктикалық бірліктерді ірілендіру әдісін тарих және басқа да оқу пәндеріне көшіру мысал бола алады.

Толықтыру деңгейі. Инновация білім алуда және тәрбиеде белгілі теориялық және тәжірибелік жағдайды кеңейтеді. Бұрын әйгілі болмаған білімнің жаңа қырларын ашады. Оны толық өзгертпей, жаңа толықтырулар енгізеді. Оған мысал ретінде, Мәскеу қаласының №109 орта мектебінің бастауыш сыныптар мұғалімі Е.Н. Потапованың алты-жеті жасар балаларды жазуға үйрету әдістемесін жасау тәжірибесін келтіруге болады (Қараңыз: Потапова Е.Н. Радость познания.-М.,1990).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет