Педагогика ғылымының әдіснамасы дегенді қалай түсінесіз?
Педагогика ғылымының әдіснамасының деңгейлеріне тоқталыңыз.
Философиялық заңдар, заңдылықтарға тоқталыңыз.
Педагогикалық теориялардың мәнін ашыныз.
Педагогика әдіснамасынығ даму тарихы.
4-тақырып. ЖЕКЕ ТҰЛҒА ТӘРБИЕСІНІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Тәрбие философиясы.Шығыстың ғұлама ойшылы әл-Фараби «Адамға ең бірінші тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне және қоғамға үлкен апат әкеледі»,- деген тұжырымы қоғам алдына үлкен жауап-кершілікті мақсат етіп қояды. ХХІ ғасырдың сұранысы әлемдік білім көшіне ілесе алатын, құзыретті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
Тәрбие философиясы тұлғаның өздігінен дамуын мәдениет-тендіру мен әлеуметтендіруді біртұтас тұрғыда қарастырады. Адамның даралық қасиеті оның құндылық сипатын көрсетеді. Сол даралық си-паты өзгелердің назарына ілініп, төңірегіндегі адамдар сол қасиеттері үшін оны құрметтейді. Баланың мінезін қалыптастыру үшін ата-ана мен мұғалім оның жалпы дамуымен қатар, ішкі жан дүниесіне де күшті ықпал етуі тиіс. Адамның жеке тұлғалық қасиетінің жетілуі оның өзін-өзі құрметтеуіне, өмірде табысқа жетуіне тәрбиелейді.
Адамды педагогикалық тұрғыдан табиғи, әлеуметтік, тарихи, белсенді мүше ретінде түсінуде педагогиканың негізгі категориялары тәрбие, білім, оқыту, құзыреттілік және т.б. негізгі орын алады. Тәр-биенің педагогиканың категориялары қатарындағы орны - тәрбиенің тарихилығының айқындалуы, мақсаты, міндетіне, әдіс - тәсілдеріне сәйкес мазмұнын жүйелі құра білу, бірізді, сабақтастықта ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан рухани мәдени дәстүрлер тәрбие үдерісіне жаңа-шыл көзқарастармен енгізе отырып, тұлға бойындағы ізгілік қасиет-терді оның іс – әрекеті, қарым - қатынас, мінез – құлқында көрініс табуына бағытталады. Қазіргі таңда тәрбиенің әдіснамалық негіздері тәрбие парадигмасына қоғамның дамуына байланысты өзгеріп отыра-тын жаңашыл әдіс тәсілдерді, ұстанымдарды, тұғырларды қажет ететін зерттеу әрекеттерін қалыптастыру мүддесін негізге алады.
Адамның дамуындағы және оның тұлға ретінде қалыптасуын-дағы биологиялық, әлеуметтік арақатынас тұжырымдамасы қалып-тасты.
Жеке тұлға біртұтас құрылым. Сондықтанда оны бойындағы барлық сапаларымен кешенді түрде қарастыру керек. Тұлғаның ішкі көзқарасы тұлғаның мінез-құлық әрекетінде ашылады. Әдетте адам қалай тәрбиеленген болса, солай әрекет етеді. Сонымен бірге педагог тәрбиеленушілік ситуация туғызу әдісі сияқты мінез-құлықты айқын-даудың диагностикалық тиімді тәсілін де қолданады. Ол екі міндетті бірлікте шешуге мүмкіндік береді:талап ететін сапалардың даму дең-гейін диагностикалау және осы сапаларды тәрбиелеу.
Тәрбиелеуші жағдаят – табиғи немесе тәрбиеленуші әрекет ету-ге және өзінің әрекеттерінде өз бойындағы белгілі бір сапалардың қалыптасу деңгейін көрсетуге мәжбүр болуға әдейі жасаған жағдай.
Соңғы жылдары педагогикада проблемалық тәрбиелеуші жағдаяттарды жасауға көңіл бөлуде. Осылайша балалар алға қойылған мәселені шешуге мәжбүр, ал тәрбиеші бұл кезеңде ұжымның және оның әрбір мүшесінің қандай жағдайда болатынын айқындап, нә-тижесінде тәрбиелік үрдісті дұрыс құратын болады.
Тәрбиелік баға негізіне оның жекелеген сапалары емес, тұл-ғаның жалпы адамгершілік бағыттылығы жатқызылуы керектігін әр-қашан есте сақтаған жөн.
Мұғалім мен оқушылар арасындағы бірлескен іс-әрекет қарым-қатынас құралы ретінде. Мектептегі педагогтар мен оқушылар ара-сындағы өзара қарым-қатынас бүкіл қоғамдық, саяси, құқықтық, мо-ральдық қатынастарды қамтып, педагогтың басшылығымен бағыты айқындалып, шешімін тауып отырады. Мектептегі педагогтар мен оқу-шылар арасындағы қалыпты қарым-қатынас ізгілікті немесе басқа сөз-бен айтар болсақ, педагогикалық мақсатты қатынастар болып аталады. Мұндай қарым-қатынастың орнығуы тәрбиеліктің нәтижесін көрсете-ді, ол оқушылардың педагогтың беделін, құқын, тәжірибесін құрмет-теп, мүмкіндігінше сондай педагогқа ұқсауға еліктейді.
Мұғалім оқыту үдерісінде, оқу бағдарламаларын іске асыру бары-сында оқушылармен өзара қатынастарын нығайтады. Онда оқушы-лардың оқу әрекетіне, еңбекке оқушылармен саналы қарым-қатынасын қа-лыптастыру көзделеді. Мұғалім оқушылардың өзіндік қызметі мен белсенділігін арттырып, олардың әлеуметтік тәжірибесін ізгілік негі-зінде дамытады. Оқушының өзіндік өмірлік ұстанымы қалыптаспай, кез келген күрделі жағдайда, адамгершілікке негізделген шешім қа-былдай алмайды. Педагог осы жағдайды педагогикалық үдерісті бас-қару ісінде ескеруі тиіс.