Педагогикалық зерттеудің Әдіснамалық негіздері мен әдістері



бет8/10
Дата11.10.2024
өлшемі30,62 Kb.
#147709
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Педагогика

Білім беру дегеніміз – табиғат және қоғам жайлы ғылымдар жинақтаған білім жүйесін жеке тұлғаның меңгеруін және оны өмірде тиімді қолдана білуі. Бұл ұғымды тұңғыш рет енгізген – швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцци.
Оқыту – бұл оқушы мен мұғалімнің мақсатты түрде өзара әрекет жасау үрдісі. Бұл үрдістің барысында білім беру, тәрбие беру және адамның дамуы, оның білім алуы жүзеге асырылады.
Жеке тұлғаның дамуыбұл ішкі және сыртқы, басқарылатын және басқарылмайтын факторлардың ықпалымен жеке тұлғаның қалыптасып жетілу үрдісі. Жеке тұлғаның дамуында, жетілуінде, қалыптасуында мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие мен оқыту негізгі роль атқарады. Қазіргі қоғамның әлеуметтік және ғылыми-техникалық өркениеті үздіксіз білім алу принципі негізінде оқу-тәрбие жүйесін қайта құруды талап етіп отыр. Сондықтан «өздігінен білім алу» заңдылығы, оның мазмұны қазіргі қоғам дамуының қажеттілігіне айналды. Осыған орай педагогиканың анықтамасының құрамына: «тәрбие», «білім беру», «оқыту» ұғымдарымен қатар, «өздігінен білім алу» ұғымы қалыптасты.
Өздігінен білім алу – тұлғаның мақсатқа бағытталған арнайы көздеген жұмысы, өздігінен білім алу адамның өзі қызығатын мәселеге байланысты ізденіп, қажетті білімді меңгеруі, сонымен қатар ақпараттық технологиялар мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы білімін жетілдіру болып табылады. Сонымен бірге, адамның «қалыптастыру», «жетілу», «дамуы», «өзін өзі тәрбиелеу», т.б. ұғымдармен бүгінгі педагогика ғылымының зерттейтін проблемаларының шеңберін толықтырады. Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор.
Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық дағдысына бағытталған іс-әрекеті.


Педагогиканың міндеттері.
Бүгінгі күні педагогиканың негізгі міндеттеріне:
• үздіксіз білім берудің біртұтас жүйесін жетілдіру
• оқу-тәрбие үрдісін интеграциялау, ізгілендіру және демократияландыру, ғылыми-теориялық принциптерін ашу;
• қоғам өміріндегі тәрбиенің ролі мен жеке тұлғаның қалыптасуы туралы оқушылардың танымдық ерекшеліктерін ескеру, қоғамның дамуы мен тұлғаның өзара қарым-қатынасы жайындағы теориялық мәселелерді айқындау;
• білім беру мазмұнының ғылыми негіздерін жасау, жалпы, политехникалық және кәсіптік білім беру арасындағы қатынасын анықтау, оқутәрбие үдерісіне тиімді әдістерді қолдану, ғылыми-практикалық маңызын жетілдіру;
• оқыту үрдісін «технологияландыру», оны мектеп тәжірибесіне енгізу;
• этнопедагогиканың педагогика ғылымындағы орнын, жүзеге асырылу жолдарын айқындау, ұлтымыздың ерекшеліктерін білім мазмұнына пайдалану;
• қоғамдағы мұғалімнің әлеуметтік орнын және оқу-тәрбие үрдісіндегі ұстаздың ролі мен беделін көтеру және елімізде үздіксіз педагогикалық білім берудің мазмұнын жасау, өздігінен білім алудың ғылыми-практикалық негізін айқындау жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет