Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы Жоспары



бет3/3
Дата11.07.2023
өлшемі20,54 Kb.
#104215
1   2   3
Әңгіме – қажетті ақпарат алу немесе анық болмағанды түсіндіру мақсатында қолданылатын зерттеудің өздік немесе қосымша әдісі. Әңгіме түсінікті қажет ететін мәселелері жекеленген, алдын ала белгіленген жоспармен жүргізіледі. Педагогикалық тәжірибені оқу білікті мұғалімдер тәжірибесі мен қатардағы мұғалімдертәжірибесінен шығатын озық тәжірибені оқуға көзделген. Олардың қиыншылықтары педагогикалық үрдістің нақты қарама-қайшылықтарын жетілген немесе тақалған мәселелерді бейнелейді.
Сауалнама – сауал арқылы бұқаралық материал жинақтау әдісі. Сауал, кімге арналған, сол жазбаша сұрақтарға жауап береді.
Педагогикалық зерттеуде тәжірибе ерекше орын атқарады – педагогикалық тиімділігін анықтау үшін әр түрлі әдісті тексеру қолданылады. Педагогикалық тәжірибе – педагогикалық құбылыстардағы себеп-салдарын оқу мақсатындағы зерттеу қызметі, ол педагогикалық құбылыс пен оның жағдайларының қозғалуының тәжірибелік моделін ұсынады; зерттеушінің педагогикалық құбылысқа деген белсенді әсері; педагогикалық ықпал мен әрекеттесмтігі нәтижелерінің өлшемі.
Тәжірибені табиғи (қарапайым оқыту процесі жағдайы) және зертханалық тексеруге жасанды жағдай жасау. Көбінесе табиғи тәжірибе қолданылды. Ол ұзақ немесе қысқа мерзімді болуы мүмкін. Педагогикалық тәжірибе жинақталған дәрежеде болуы мүмкін, яғниүрдістегі істің нақты жағдайын ғана белгілейтін немесе түрлендіруші, мұнда жағдайды анықтауға мақсатты түрде бағытталған ұйымдастыру жүргізіледі.
Тест жүргізу – қалыптасқан сұрақтар мен тапсырмаларда тұратын белгілі маңыздылық көрсеткіші бар психологиялық-диагностикалық әдіс. Жеке ерекшеліктерді анықтау үшін қолданылады. Педагогикада оқытудың ұзақтылығын көбейтумен және оқу бағдарламасын күрделендірумен байланысты қолданылатын диагностикалық әдіс. Ол жеке тұлғаның даму деңгейін, дағдысын, білімнің, ерекшеліктерін анықтауға жағдай жасайды. Тесттердің көптеген түрлері бар. Бұлар – жетістік, зерделеу, креативті, проектілік, т.б. тесттер.
Тұлғалар арасындағы тесттер түрлі топтардағы адамдар қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдістердің кейбіреуі қалыптасқан топ іші қатыныстары жүйесіндегі ерекшеленсе, кейбіреуі – қалыптасқан қатынастар жүйесіндегі адам орнын, үшіншісі – берілген тұлға енетін әлеуметтік топ психологиясын айқындайды. Мысалға, социометриялық әдіс тәжірибеге түсетін тұлғааралық қатынас жүйесінің өзі еніп отырған топтарға орнын анықтауға мүмкіндік тудырады. Осы әдіс көмегі арқылы жүргізілетін зерттеуге кемінде 10 адам қатысады және кем дегенде 1 жыл жүргізіледі.
Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу математикалық тәсіл, формула, мөлшерлік есеп әдісі деп аталады, олардың көмегі арқылы тәжірибе барысында алынған мөлшерлік көрсеткіштерді жинақтауға, жүйелеуге болады.
Математикалақ статистика (орта арифметикалық, дисперсия, мода, медицина, т.б.) ауыспалы көрсеткіштер арасында кездесетін саралауға берілген тәжірибедезерттелетін статистикалық байланысқа мүмкіндік береді.
Рейтинг – білікті тұлғалар тұжырымына негізделген бағалау әдісі. Өзгеше айтқанда, рейтинг – қосалқы бақылау әдісі. Рейтинг немесе өрнектеу мәні зерттеушінің өзіне жақын таныс адамының кейбір қасиеттерін бағалау үшін «сотқа» жүгінуі.
Көрсеткіштік – сапалық белгілерді сандық мөлшгерге айналдыру тәсілі. Өрнектеу оқушылардың кәсібі сапалық бағасын (қабілеттілігі, ұжымдағы қатынасы, кәсіби ерекшеліктері, т.б.) анықтауда

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет