Педагогикалық зерттеулер методологиясының мәселелері



бет128/175
Дата28.09.2022
өлшемі2,12 Mb.
#40599
түріСеминар
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   175
Тарихи-генетикалық әдіс - пайда болуынан бастап жойылуына дейінгі өздерінің даму процесінде тарихи құбылыстардың зерттелу әдісі. Өзінің логикалық табиғатына қарай, бұл әдіс талдаушы-индуктивті болып табылады (нақты құбылыстар мен деректерден жалпы тұжырымдарға қарай өрлеу), ал ақпаратты көрсету формасына қарай – сипаттаушы болып саналады. Ол тарихи объектінің «биографиясын» береді (мемлекет, ұлт және т.б.).
Тарихи-генетикалық әдіс тарихи процестердің динамикасын талдауға бағытталған. Ол тарихи дамудың заңдылықтары мен олардың себепті-салдарлы байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан, бұл әдісті тарихи шындықтың инвариантты элементтерін және статиканы сипаттауға қолдануға болмайды. Оны қолданатын тарихшылар тарихи объектілерде болып жатқан өзгерістерді ескере алады және олардың тәуелсіздік және тұрақтылық деңгейін есепке ала алмайды. Нәтижесінде тарихта жаңа сапалы күйдің пайда болуына әкелген сандық өзгерістер жағдайы есепке алынбауы мүмкін (мысалы, Шығыстың дәстүрлі қоғамында).
Тарихи-генетикалық әдісті қолдануда нақты тарихи деректер мен оқиғаларды сипаттауға ерекше көңіл аударылады. Әсіресе, осымен ерекше Т.Карлейль, И.Лелевель, Т.Нарбут сияқты тарихшы-романтиктер айналысты. Олардың шығармаларының беттері кей кезде тарихи романдарды еске түсіреді. Дәл осылай ғалым-неокантиандар туралы айтуға болады. Атап айтсақ, Г.Риккерт, В.Виндельбанд, А.С.Лаппо-Данилевский тарихтағы қайталанбайтын бірегей құбылыстарды ашуға ерекше мән берді.
Г.Риккерт тарихтағы негізгі әдіс ретінде идеографиялық (сипаттаушы) әдісті атады. Бұған жаратылыстануда қарама-қарсы әдіс ретінде номотетикалық әдісті атады, бұл әдіс заңдарды құрастыруға және жалпылау жасауға мүмкіндік береді. Г.Риккерт идеографиялық әдістің мәнін ғалым-тарихшылардың дара ерекшеліктерін, қайталанбайтын тарихи деректерді сипаттауға байланысты маңызды деп атап көрсетті. Оның пікірінше, тарих оқиғаларды дараландырады, олардың арасынан «тарихи индивиддум» деп аталатын ұғымды белгілейді, бұл ұғым арқылы ұлт, мемлекет, жеке тарихи тұлға түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет