1. Психолингвистикада эксперимент рөлі. Ассоциативті эксперименттің процедурасы



Дата27.11.2022
өлшемі17,75 Kb.
#52898
Байланысты:
12 апта


1.Психолингвистикада эксперимент рөлі.
2.Ассоциативті эксперимент. Ассоциативті эксперименттің процедурасы.
3.Ассоциативті эксперименттің жауаптарының интерпретациясы.
4.Семантикалық дифференциал әдісі
 Психолингвистикада эксперимент рөлі.
Лингвистикада эксперименттің қажеттігі жөніндегі мәселені ең алғаш рет 1938 жылы Л.В.Щерба өзінің «Тіл біліміндегі тіл құбылыстардың үш түрлі аспектісі және эксперимент жайында» деген мақаласында көтерген болатын. Ғалымның байымдауынша, тілдік жүйені, яғни сөздік және грамматиканы сәйкес мәтіндерден, яғни,сәйкес,тілдік  материалдардан алып шығаруға болады. Оның пікірінше, өлі тілдер үшін бұдан басқа әдіс қолданудан басқасы жоқ екені анық.
«Лингвисттердің көпшілігі әдетте тірі тілдерді тура өлі тілдер секілді 
қарастырады, яғни тілдік материалды жинақтайды, басқаша айтқанда мәтіндерді жазып алады, соңынан өлі тілдердің принциптері бойынша жөндеулер жүргізеді,» - деп жазды.
Ассоциативті эксперимент. Ассоциативті эксперименттің процедурасы. Сыналушыларға сөздердің тізімі беріледі де, оларға ойыңа келген бірінші сөзбен жауап беру ұсынылады Әдетте әрбір сыналушыға 100 сөзге жауап беруге 10 минут беріледі. Ассоциативті сөздіктердегі берілген реакциялардың көпшілігі университет және колледждің 17-25 жас аралығындағы студенттерінен алынған, олар үшін стимулдар тілі ана тілі болып табылады. 



Ассоциатвиті эксперименттердің бірнеше түрлері бар: 
1. Еркін ассоциативті эксперимент. Сыналушыларға реакцияда ешқандай шектеу 
қойылмайды.
2. Бағытталған мақсатты ассоциативті эксперимент. Сыналушыларға белгілі бір 
грамматикалық немесе семантикалық клас бойыша ассоциация беру талап етіледі 
(мысалы, зат есімге сын есім таңдау).
.Ассоциативті эксперименттің жауаптарының интерпретациясы.
Ассоциативті эксперименттердің нәтижелерін интерпретациялаудың көптеген мүмкіндіктері бар. Ғылыми айтыстардың егжей-тегжейіне жетпей, олардың кейбірін қарастырып шығаыйқ.
Ассоциативті эксперименттің жауаптарының анализі барысында, ең алдымен, синтагмалық (7) және парадигмалық (8) ассоциациялар жіктеледі:
(7) аспан – көк, машина – айдау, шылым шегу – жаман
(8) стол – стул, әке – шеше
Синтагмалық асоциациялар деп сөз-стимулдың грамматикалық класынан реакцияларының грамматикалық класы ерекшеленетін ассоциацияларды айтамыз. Парадигмалық ассоциацияларда сөз-реакциялар сөз-стимулдың грамматикалық класымен бірдей болып келеді. Бұлар «минимальды контраст» принципіне бағынады, яғни сөз-стимулдар сөз-реакциялардардан семантикалық компоненттерінің құрылымы жағынан неғұрлым азырақ ерекшеленетін болса, сөз-реакциялардың ассоциативті процестегі актуализациясы мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Бұл принцип неліктен ассоциация характері бойынша сөз-стимулдардың семантикалық құрамын қалпына келтіруге мүмкін екенін түсіндіреді: сөздерге берілген көптеген ассоциацияларда сөз-стимулдардың мағынасына ұқсас белгілердің қатары бар.
Семантикалық дифференциал әдісі (грек сөзінен semantic differential, semantikos – білдіруші, differenta - әртүрлілік) психолингвистика және экспериментальды психосемантиканың әдістеріне жатады. Ол субъективті семантикалық кеңістіктерді құру үшін қызмет етеді және шкалалау әдісіне қатысты болып келеді. Соңғысы (шкалалау) психологияда белгілі бір объектіге деген қарым-қатынасты бағалау үшін сандық көрсеткіштерді алу мақсатында қолданылады. Объекті ретінде физикалық та және әлеуметтік процестер де ұсынылады. Ал психолингвистикада зерттеу объектісі ретінде сөз жұмсалады. Психолингвистикадағы семантикалық дифференциал – бұл сөздің мағынасын әрбір полюсінде антонимдік сын есімдер жұбының градациясы бар екіполюстік шкаланың көмегімен сандық (бірмезгілде сапалық) индекстілеу әдісі.
Бұл методиканың көмегімен эксперимент жүргізу процедурасының мәні мынада: сыналушыларға сөз беріледі және олар сол сөз жайындағы түсінігіне сәйкес келетін санды белгілеулері тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет