Педагогикалық зерттеулер методологиясының мәселелері



бет119/175
Дата28.09.2022
өлшемі2,12 Mb.
#40599
түріСеминар
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   175
Байланысты:
ППЗәәдіснамасы

Дескрептивті әдіснама – ғылыми білімдердің құрылымы мен ғылыми таным заңдылықтары жөніндегі білім ретінде зерттеу үрдісіне бағыт-бағдар береді, ал прескрептивті әдіснама – зерттеу іс-әрекеттерін реттеп барудың жол жобасын белгілеп, көрсетеді.
Дәстүрлі әдіснамалық талдауда ғылыми іс-әрекеттерді жұзеге асыру тиімділігімен танылған ұсыныстар және ережелеріне байланысты құрастыру міндеттері басымдау болса, ал дескриптивті талдауда ғылыми таным үрдісінде іске асырылған зерттеу әрекеттерін қайталап баяндау, түсіндіру қызметтері атқарылады.
Педагогикалық ғылыми әдебиеттерде “әдіснамалық ұстанымдар” ұғымы сирек кездесетіні белгілі. Әдіснамалық білімдер жүйесінде “әдіснамалық талаптар” ұғымы педагогиканың теориялық және практикалық әрекеті ретінде әдіснамалық ұстанымдардың бір түрі ретінде үлкен маңызға ие. Сол себепті “әдіснамалық талаптар” ұғымы “әдіснамалық ұстанымдардың” қолдану аспектісін нақтылай түседі.
Әдіснамалық ұстанымдардың мазмұны мен құрылымы Б.Г. Ананьев, В.И. Андреева, В.И. Беляева, Ю.К. Бабанский, Л.С. Выготский, Б.С. Гершунский, В.И. Загвязинский, А.Н. Леонтьев, Б.Т. Лихачев, В.А. Сластенин, Н.Д. Хмель, Ш.Т. Таубаева және т.б. педагог және психологтардың еңбектерінде көрініс тапты.
Педагогикалық зерттеудің негізін қалаушылардың ішінде В.И. Загвязинский әдіснамалық білімдер жүйесіндегі ұстанымдар мен талаптарды белгіленген заңдар мен заңдылықтардың жалпы зерттеушілік тұғыры деп қарастырады. Оның пікірі бойынша ғылыми ұстаным ұғымының терең ғылыми негіздемесі болуы қажет деп есептейді.
В.И. Загвязинский педагогикалық зерттеудің мынадай ұстанымдарын көрсетеді:

Көптеген зерттеуші ғалымдар педагогика және барлық қоғамдық ғылымдарға қоғамдық құбылыстарды меңгерудің негізгі әдіснамалық ұстанымдары ортақ екендігін ескеріп, мынадай негізгі ұстанымдарды ұсынады:

  • барлық нақты – тарихи қоғамдық құбылыстарды меңгерудің жан-жақты байланысы мен бағыныштылығы;

  • бір ғылыммен екінші бір ғылым заңдылықтарының сәкессіздігі (зерттеу нысаны мен ерттеу пәні жақын болса да);

  • жалпы педагогикалық құбылыстардың диалектикалық бірлігі ;

  • тәрбие мен өмірдің бірлігі;

  • педагогикалық теория мен практиканың өзара байланысы мен өзара бағыныштылығы;

Жалпығылымдық әдіснама қоршаған болмыс құбылыстары мен үрдістерінің жалпыланған байланысы және өзара шарттастығына негізделген жүйеліліктен танылуы мүмкін. Ол әрбір зерттеуші мен практикті белгілі құрылымға, сондай-ақ өзінің жасау заңдылықтарына ие өмір құбылыстарының белгілі жүйесін бағдарлайды.
Жүйелілік мәніне орай әрқандай салыстырмалы дербес бірліктер өз бетінше шектелмей, өзара байланысқан даму мен қозғалыста қарастырылады. Осыдан ол жүйені құраушы элементтерде көріне бермейтін біріктіруші жүйе қасиеттері мен сапалық белгілерді анықтауға көмектеседі. Жүйеліліктің заттасқан және тарихи қырлары мынадай зерттеудің ұстанымдарын бірлікте іске асыруды қажет етеді: тарихилық, нақтылық, көптарапты байланыстар мен дамуды ескеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет