Педагогикалық зерттеулер методологиясының мәселелері



бет137/175
Дата28.09.2022
өлшемі2,12 Mb.
#40599
түріСеминар
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   175
Байланысты:
ППЗәәдіснамасы

4. Салыстыру объектілердің ұқсастығы немее айырмашылығы туралы пайымдаулар негізіндегі танымдық операция. Салыстыру көмегімен заттардың сандық және сапалық сипаттамалары анықталады. Салыстыру – бұл олардың арақатынасын анықтау мақсатында бір затты екіншісімен салыстыру. Салыстыру арқылы анықталатын қатынастардың қарапайым және маңызды типі – бұл ұқсастық және айырмашылық қатынастары. Салыстырудың класс құрайтын «біртекті» заттардың жиынтығы арқылы маңызы болады. Класс бойынща заттарды салыстыруды қарастыру үшін, мәнді белгілер бойынша жүзеге асырылады.
5. Жалпылау - заттардың жалпы қасиеттері мен белгілерін қалыптастыру процесі. Абстракциямен тығыз байланысты. Жалпылаудың гносеологиялық негізі ретінде ортақ және бірлік категориясы алынады.
Жалпы – бірлікті бірнеше құбылыстарға немесе аталған кластың барлық заттарына жататын, ұқсас, қайталанатын белгілерді айқындайтын философиялық категория. Жалпының екі түрін бөліп қарастыру қажет:
А) абстрактілі-жалпы, бірқатар бірлікті заттардың жеңіл ұқсастығын білдіретін сыртқы ұқсастық . Жалпының аталған түрі салыстыру жолымен анықталады, танымда шектелген, бірақ маңызды рөл атқарады.
Б) нақты-жалпы, өзара іс-әрекеттегі бірқатар бірлікті құбылыстардың болуы мен дамуының заңы. Жалпының аталған түрі топтағы ұқсас, ішкі, қайталанатын, терең құбылыстардың негізін, оның дамыған формасындағы мәнін айқандайды, яғни заңды айқындайды. Жалпының екі түріне сәйкес, ғылыми жалпылаудың екі түрін бөліп қарастырады: кез келген белгілерді анықтау және мәнді белгілерді анықтау.
Басқа негізі бойынша, жалпылауды анықтауға болады:
А) жеке деректер мен оқиғалардан олардың ойлаудағы көрінісіне (индуктивті жалпылау);
Б) бір ойдан екіншісіне, жалпы ойға өту (логикалық жалпылау). Жалпылау шексіз болуы мүмкін емес. Оның шекарасы ретінде текті ұғымдары жоқ және жалпылауға келмейтін, философиялық категорияларды атауға болады.
6. Индукция – бақылау мен эксперимент нәтижелерін жалпылаумен және жекеден жалпыға қарай жүретін ой қозғалысымен байланысты, зерттеудің логикалық тәсілі. Индукцияда аталған тәжірибелер жалпыға қарай жүреді. Тәжірибе шексіз және толық болмағандықтан, индуктивті тұжырымдардың мәселелі (мүмкін боларлық) сипаты болады. Индуктивті жалпылаулар әдетте, тәжірибелі шындықты немесе эмпирикалық заңдарды қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет