Педагогикалық зерттеулер методологиясының мәселелері



бет15/175
Дата28.09.2022
өлшемі2,12 Mb.
#40599
түріСеминар
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   175
Байланысты:
ППЗәәдіснамасы

Қалыптасатын дағдылар:
-бітіріші түлектің дипломдық жұмысты дайындау және қорғай алуы;
- түрлі санаттағы адамдармен кәсіптік әрекет барысында ақпарат пайдалана алу;
-әлеуметтік саласы маманы ретінде өз білімдері мен дағдыларын күтпеген жағдаятта қолдана алу.
Дәрістер мазмұны


1-дәріс. «Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы және әдістері» оқу курсына кіріспе: пәні, негізгі міндеттері, құрылымы, негізгі оқу әдебиеті. Педагогика мен психологиның әдіснамасы: мәні, құрылымы, және қызметтері. Педагогика мен психологиның әдіснамасының даму тарихы және кезеңдері. Психологиялық-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері.


1.1. «Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы және әдістері» оқу курсына кіріспе: пәні, негізгі міндеттері, құрылымы, негізгі оқу әдебиеті.
Курстың мақсаты: студенттердің ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері саласындағы білімдерін жүйелі қалыптастыру.
Курстың міндеттері:
-студенттерді психологиялық-педагогикалық зерттеулердің теориялық-әдіснамалық негіздерімен таныстыру;
-қазіргі замануи зерттеу әдістерін білетін, оларды оларды кәсіби әрекеті практикасында қолдана алатын педагогтарды қалыптастыру;
-студенттердің кәсіптік-педагогикалық ойлауын қалыптастыру;
-қазіргі замануи зерттеу зерттеу әдістермен таныстыру;
-студенттерді сараптамалық бағалау әдістерін қолдануға үйрету.
«Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы және әдістері» курсы мазмұны студенттердің ғылыми зерттеулердің әдіснамасы және әдістері саласындағы жүйелі білімдерін қалыптастыруға бағытталған.
«5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы студенттері педагогика мен психологияны оқып-үйрену үшін қажет әдіснамалық тұғырлар және ұстанымдармен танысады.
Пәннің мазмұнына психологиялық-педагогикалық факт, психологиялық-педагогикалық теория, психологиялық-педагогикалық заңдылық туралы арнайы білімдер енеді. Студенттер психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдістерін ойластырып, психологиялық-педагогикалық факт мен құбылысты зерделеу туралы тұжырымдар жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет