1-жұмыс. Ас қорытуды фистулалық әдістермен зерттеу а Шықшыт сілекей безінің өзегін терінің сыртына шығару



бет1/14
Дата26.12.2023
өлшемі2,87 Mb.
#144222
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Ас қорыту жүйесінен тәжірибелік жұмыстар 2


АС ҚОРЫТУ ФИЗИОЛОГИЯСЫ

Тақырып: Ас қорыту. Ас қорытуды зерттеу әдістері. Ауыздағы, қарындағы астың қорытылуы.

Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері мен аннотациясы.

1-жұмыс. Ас қорытуды фистулалық әдістермен зерттеу
а) Шықшыт сілекей безінің өзегін терінің сыртына шығару
Шықшыт безінің қалай шырын шығаратынын ұзақ созылмалы тәжірибе жүзінде И.П. Павлов зертханасында істейтін Д.Л. Глинский (1895) сол бездің өзегін терінің сыртына шығару әдісін ұсынды. Операция наркозбен ұйықтатылған итке жасалады.
Жұмысқа қажет заттар: хирургиялық аспап құралдар, әрбіреуін түйме тәрізді етіп, жұмсақ сым темірден жасалған диаметрі әр түрлі (0,15; 0,20; 0,25; 0,30; 0,35мм) зондтар.
Операция жасау. Операцияға дайындалып наркоз берілген итті операция үстелінешалқасынан жатқызып, таңып бекітеді. Хирург иттің үстіңгі ернін езуімен бірге айналдырып қояды да, шықшыт сілекей без өзегінің папилласын тауып алады. Өзек папилласы көбінесе 2 және 3 азу тістерінің тұсында, кілегейлі қабығының томпайып тұрған жерінде орналасады. Сілекей безінің өзегіне 2-3 см тереңдетіп зонд (диаметрі дәл келетін) кіргізеді де, сол өзекті маңайындағы еттен абайлап сылып, босатып алады. Сабақтаулы жіңішке инемен өзек ұшын кілегейлі қабығымен іліп алады. Терісін әбден тазартқан соң, иттің ұртын скальпельмен тесіп жіберіп, жіппен іліп алған өзек ұшын терінің сыртына шығарып, тігіп тастайды.

б) Қарынға фистула қою және эзофаготомия. Итті "жалған тамақтандыру" тәжірибесіне дайындау.
1) Қарынға фистула қою әдісін алғаш 1842 жылы орыс хирургі В.А. Басов ұсынған. Операция наркозбен ұйықтатылған аш итке стерильді жағдайда жасалады.
Жұмысқа қажет заттар:хирургиялық аспап құралдар, байлауыш жіп (лигатура), фистула.
Операция жасау. Операцияға дайындап наркоз берген соң, итті операция үстелінебайланады. Құрсақтың орта сызығының бойымен төстің семсерше шеміршегінің ұшынан төмен қарай тері мен оның астындағы еттерді ұзындығы 6-8 см-дей етіп тіледі де, қарынды суырып алып тері бетіне (төселген салфетканың үстіне) салады. Қарынның алдыңғы жағын жіппен сопақтау етіп, дөңгелетіп көктейді де, қарынды тігістің іш жағынан скальпельмен тіледі. Бұдан пайда болған қарын тесігіне фистуланың бір ұшын кіргізеді де, жіптің екі ұшынан абайлап тартып тұрып ілінген жиектерін ішіне қарай қайырып, фистуланы айналдыра қысып тастайды. Қарынды қайтадан құрсақ қуысына салады да, фистуланың ұшын терінің сыртына шығарып айналдыра тігіп тастайды.
2) Эзофаготомия (өңешті кесу ) операциясын 1890 ж. И.П. Павлов зертханасында істейтін И.О. Шумова – Симоновская ұсынған. Мұндағы мақсат ауыз қуысымен жұтқыншақтан келетін рефлекстердің қарын мен ішек қызметіне тигізетін әсерін зерттеу.
Операция жасау. Алқымды орта шенінен байлап отырып, ұзындығын 6-8 см етіп тіліп жібереді де, сол арадағы еттерді ысырып тастап, өңешті 3-5 см бойлай жалаңаштайды, сонан соң оны жартысына дейін көлденеңінен кеседі де, кесілген ұшын мойын терісіне тігіп, тастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет