Педагогикалық зерттеулер методологиясының мәселелері


Педагогикалық тәжірибенің объектісі



бет40/175
Дата28.09.2022
өлшемі2,12 Mb.
#40599
түріСеминар
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   175
Педагогикалық тәжірибенің объектісі. Педагогикалық тәжірибенің объектісі болып бүкіл педагогикалық процесс арнайы ықпалмен және де арнайы білім беру процесі мен тәрбиелеу және оқушылардың дамыуына мақсатты бағытталған әрекет болып табылады. Педагогикалық тәжірибенің объектісі болып табылады.

  • Педагогикалық процестегі білімдердің, қабілеттердің және дағдылық, іс-әрекет тәсілі (оқу-танымдық, коммуникативті, операциялық-әрекетті т.б.) пайда болуы.

  • Белгілі шарттар процестегі білімдердің, қабілеттердің және дағдылық, іс-әрекет тәсілі (оқу –танымдық, коммуникативті, операциялық-әрекетті т.б.) пайда болуы.

  • Белгілі шарттар мен бағыттардағы мұғалімнің қызметі (оқушы қызметін құрастырудағы жаңа тәсілдерді белгілі пән бойынша білімдерді, дағды мен білікті басқару, әртүрлі дидактикалық амалдар арқылы оқушыларда өз бетімен жұмыс істей алуға дағдыландыру)

  • Оқушылардың барлық түрлеріндегі әрекеті (қызмет түрлері, мінез, бағытталуы, дегейлері т.б.). Жеке оқушының жүріс-тұрыс нормасы, жұмысқа қарым-қатынасы, айналадағы заттарға қатынасы, адамдарға, тәрбиеге, үйретуге деген ықпалы, білім алу және дағдылану жолдары. Оқушылар коллективті (жүйе, бағытталу, топтық жұмыс, жеке адамдар арасындағы іс-жөніндегі қарым-қатынасы);

Педагогикалық тәжірибенің функциясы болып, тұжырымдаманы педагогикалық жүиелердің ықпал етуі мен қорытынды әр элементтің байланысымен тексерілді. Сондықтан, ізденуші –педагогқа ең алдымен тұжырымдаманың теориясымен ғылыми танымның формасы ретінде білуі керек.
Болжам бұл дәлелденбеген тезис, сұраққа мүмкін болатын жауап бере алатын, ізденуші өз алдына қойған және зерттеліп жатқан оқиғалармен фактілер арасындағы болжанған байланыстан тұрады. Тұжырымдамада екі момент қосылады: кейбір ереженің шығуы, содан кейін логикалық және практикалық дәлел пайда болды. Тұжырымдамада іздену жолындағы белгілі бағыттап, жұмысқа керек дәл материалдпрды жинақтауды ұйымдастырады. (Кыверялт А.А.) Ғылыми болжамдарға қойылатын талаптар мыналар:
1 эмперикалық тексеру
2. теоретикалық негіздеме
3. логикалық негіздеме
4. болжау
Педагогикалық болжамдар суреттелетін және түсіндірілетін деп бөлінеді. Суреттейтін болжамдарда тәжірибе қортындысымен сапаларының педагогикалық дидактикалық және әдістемелік, құрал тәсілдерді бір-бірімен байланыстырады. Түсіндіррмелі болжамдарға ішкі механизм шарттарымен себеп салдары мен зерттеу қортындылары ашылады. Ғылыми болжамдарда заттардың мазмұны, құрылымы , функциялары және айтылу формалары көрсетіледі. Заттардың мазмұнында оқу тәрбие процесінің байланысы және ғылыми ойлардың жетістіктерінің тәжірибеге енгізу ппрцесінің байланысы және ғылыми ойлардың жетістіктерінің тәжірибеге енгізу процесінің ерекшеліктерін көрсетіледі.
Педагогикалық тәжірибенің зерттеу әдістерінің жүйесіндегі орны. Педагогикалық құбылыстың зерттелуі көптеген өзара байланыстарда әртүрлі зерттеу әдістемелер жүйесінде дұрыс жолын табу қажет, әдістің жіктелуін, түрлерін , типтерін, топтары туралы нақты түсінігі болуы қажет, Ғылыми әдіс ол күнделікті құбылыстарды тану тәсілдері, олардың бір-бірімен дамуы. /3,60б/ Ортақ дәрежесі бойынша педагогикада әдістердің үш категориясы белгіленеді:

  1. дидактикалық әдістеме (жалпы әдістеме, барлық ғылымда оның кезеңімен ғылыми жұмыстың сатыларында қолданады).

  2. ғылыми танымның жалпы әдісі.

  3. жеке ғылыми әдістеме

Ғылыми зерттеулердің әдістерін шартты категория деп қарастыру қажет, ол зерттеу процедураларының ортақ моделі мен ғылыми ойдың пішінін осымен қоса зерттеу іс- әрекетінің жасау әдіс-тәсілдерін де біріктіреді.
Б.Г.Ананьев ұсынған әдістемелер классификациясы жаңадан бастаған зерттеушіге қызықты болып табылады. (қазіргі кездегі адамтану проблема-М; 1997 ж) Ол зерттеу әдістерін төрт үлкен топтарға бөлген:
1. ұйымдастыру
2. эмперикалық
3. берілгенді талдау
4. түсінік беру
Ортақ бағытты зерттеулердің барлық кезеңдегі бағытын анықтайтын ұйымдастыру әдістемелерінде салыстырмалы, логитюдті және комплексті әдістер жатады. Салыстырмалы әдіс педагогикалық ықпал етудің тиімділігін зерттеуге әдістемесін оқыту жолының білім ұғыну деңгейін салыстыру жолын т.с.с. тәсілдері қолданылады. Салыстырмалы әдіс көлденең тексеру ретінде білім сапасын, шеберлігін, жеке тұлға қасиеттерін белгілі бір оқыту кезеңінде, көрсету мақсатында қолданылады.
Ғылыми деректерді табудағы және оны табу жолын анықтайтын эмперикалық әдістерге жататын: бақылау, өзін-өзі бағалау, диагностикалық, праксиометриялық, библиографтық әдістер және тәжірибе.
Диагностикалық әдістер оқулықтың тәрбиелілігі мен оқу деңгейін анықтауда, психиканың даму дәрежесін анықтауда жеке тұлғаның қасиеттері мен жағдайын, пікірін зерттеу, олардың қатынастарын (интервью, анкета, сұрақ, тест) үлгерім арқылы зерттейді.
Праксиометриялық әдіс әр түрлі мінез-құлық актілерін зерттеуде, оқу қызметіндегі құрылымын бейнелеуде, оқу қызметінің сараптамасында (бақылау жұмысы, реферат, шығарма) қолданылады. Тәжірибе зерттеу құбылысы арасындағы байланыс пен тәуелділігін ашу мақсатымен қолданылады. Берілгенді сараптау әдістемесі эмперикалық нәтижелердің анализдердің сапалы әдістемесін санын сараптау жатады. Сандық әдістемесі педагогикалық құбылыстың әр түрлі жағының сипаттауын сан ретінде көрсетуін және олар арасындағы байланысты білдіруге мүмкіншілік береді, ал сапалық әдістер зерттелген бірлестіктің бағалаудың критерийлердің негізінде олардың талдаудағы қатынасы мен типтік емес жағдайын классификациялау, диференттеу және бейнелеу жатады.
Интерпритация әдістеріне жалпылау тәсілмен белгіленген деректердің түсіндірілуі мен бір-бірінің қатынасын тапсырыс ететін екі негізгі жүргізуші әдіске жатады: генетикалық және құрымдылық. Генетикалық әдісті іске асыруда өңделген материал зерттелетін құбылыстың генетикалық байланыс тұрғысынан түсіндіріледі. Ал құрылым әдістемені іске асыруда алынған деректер өзінің тұтастығымен және бөлімдердің бір-бірімен қарым-қатынастың сипаттамасы мен терминдермен түсіндіріледі.
Педагогикалық тәжірибе бақылау, әңгімелесу, анкета сұрақтары, интервью т.б. педагогикалық тәжірибенің алғашқы кезеңдегі әдістемесін біріктіре отырып, комплексті қолдануды шамалайды.
Тәжірибелеуші өзінің зерттеуінің жалпы стратегиясын құрып, қолданған әдістеме жүйесін анықтап, соның ішіндегі тиімдісін қолдану қажет, ғылыми педагогикалық зерттеудің мақсатын шешудің әрбір әдістің орнын, қатынасын нақтылап, тәжірибенің жоспарлау тәртібін және әрбір анықталған кезең мен зерттеу сатысындағы әдістемені басқа әдістеме мен қатар ұтымды байланыстырып қолдану керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет