Педагогикалық зерттеулер методологиясының мәселелері


-дәріс. Психологиялық-педагогикалық зерттеулердегі жалпы ғылымилық және нақты ғылымилық әдістер



бет36/175
Дата28.09.2022
өлшемі2,12 Mb.
#40599
түріСеминар
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   175
Байланысты:
ППЗәәдіснамасы

5-дәріс. Психологиялық-педагогикалық зерттеулердегі жалпы ғылымилық және нақты ғылымилық әдістер.

5.1.Зерттеу әдістері және әдістемесі туралы жалпы түсінік


5.2.Педагогикалық зерттеу әдістерінің жіктелуі.


5.1. Зерттеу әдістері және әдістемесі туралы жалпы түсінік.

“Әдіс” грек тілінен аударғанда “методос” – таным амалы, тәсілі деген мағынаны білдіреді. Субъектінің кез келген формадағы әркетінің амалы. “Әдіс” белгілі ереже, амал, тетігі, таным және әрекет нормаларының жиынтығы. Сонда әдіс ақиқатты зерттеуді жеңілдетіп, уақытты үнемдейді, мақсатқа жетуді көздейді. Мақсат көздеген нәтиже алуға бағытталған әрекет. Сонда әдіс ақиқатты игерудің практикалық және теориялық тәсілдерінің жиынтығы, адамды мақсатқа жету жолында ұстанымдар жүйесімен, қойылатын талаптармен, ережелермен қаруландырады. Осы әдістерді зерттеумен арнайы шұғылданатын біртұтас білім аймағы - әдіснама. Әдіснаманың маңызды міндеттерінің бірі – таным әдістерінің шығуын, мәнін, тиімділігін зерттейді. Зерттелетін пәннің сипатына қарай қолданатын әдістер түрлі-түрлі болып келеді. Ғылыми танымның әдістерін ғылыми зерттеу үдерісінде қолдану аймағына байланысты: диалектикалық және метафизикалық деп бөлінеді. Соның ішінде диалектикалық әдістер эмпирикалық және теориялық деп бөлінеді. Педагогикалық зерттеу әдістері – оқыту, тәрбиелеу, дамытудың объективті заңдылықтарын тану тәсілдері мен құралдары. Педагогикалық зерттеулердің әдістері: педагогикалық құбылыстарды тану процессі логикалық танымдық әдістерді қолдануды қажет етеді.


Педагогикалық зерттеу әдістерін үш топқа бөлуге болады:
Мазмұнды әдістер: Фактілерге, бақылау нәтижелеріне, тәжірибеге абстракция, анализ, синтез арқылы жүгіну. Бұл педагогикадағы мазмұнды әдіс. Педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің қатарында педагогикалық бақылау, педагогикалық тәжірибелік жұмыс, пікірлесу, анкета жүргізу, оқушылардың жазба жұмыстарын талдау, мектеп құжаттарын зерттеу, педагогикалық эксперимент, педагогикалық әдебиеттерге талдау жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет