№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-
педагогтік колледжінің "Бастауыш білім беру"
мамандығының 31 «Б» топ
білім алушысы
Жиенбаева Гүлбанудың «Баланың мектептегі
алғашқы күндері» практикасының
Есебі
1.09.2023-16.09.2023 жж күндері аралығында Бостандық ауданында
орналасқан №146 мектеп-лицейінде «Баланың мектептегі алғашқы күні»
атты практикадан өттім. Практиканың алғашқы күні Кенжеевна Гульжан
Курбановна келіп, бізді практиканың мақсат-міндетімен, мектеп ішіндегі
тәртіппен таныстырды, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты:
Балалардың мектептегі алғашқы күндері жаңа
ортаға бейімделу кезеңінің
ерекшеліктерін бақылау және талдау (балалар бақшалары мен мектептің
сабақтастығы). Мектептің 1 сыныбындағы балаларды оқыту мен
тәрбиелеу әдістері мен құралдыраның мазмұны мен мақсаты туралы
білімдерін тереңдету.
Міндеттері:
•Балалармен мектепке алғашқы аптада жүргізілетін оқу тәрбие
жұмыстарының
ерекшеліктерін,мазмұны мен әдістемесін зерделету;
•Балалардың мектепке дайынлдық деңгейіне диагностика жүргізу,талдау
және балалар бақшаларымен мектептің сабақтастығы жұмыстарның
нәтижелерін анықтау.
«Алғашқы қоңырау» рәсімінде ҚР-ның мемлекеттік туы көтеріліп,
әнұран орындалды. Бірінші құттықтау сөз директордың оқыту
жөніндегі
орынбасары Ақмарал Аманкелдіқызына берілді. Алғашқы қоңырау
соғылды. 1-інші сынып оқушылары алғаш рет мектепке қадам басып
келеді. Бостандық ауданының полиция басқармасы,мектеп ұжымы
сонымен қатар жоғарғы сынып түлектері алғаш мектеп табалдырығын
аттайын деп отырған бүлдіршіндерге
өз ақ тілектерін айтты,сыйлықтарын
да табыстады.
Практика кезінде бізді 1-сынып оқушыларын бақылауға бөлді. Мен
1«Б» сыныбына түстім. Сынып жетекшісі Тойлыбаева Улмира
Шакирхановна бізді жылы шырайда қарсы алды.
Тойлыбаева Улмира
Шакирхановнадан
үйренерім өте көп болды. Алғашқы күні оқушылармен,
олардың сабақ кестесімен танысып алдым.
Осы практика барысында 1-сыныптың қабылдап алу құжаттарымен,
оқушыларға қажетті оқу құралдарымен таныстым. Керекті құжаттар: жеке
іс-қағазы, баланың туу туралы куәлігі, өтініш, ¾ фото,
бала денсаулығы
құжаты және 30 беттік файл екендігін білдім. Ата-аналар жиналысының
жоспарын құруды, ата-аналарға, оқушыларға арналған сауалнама түрлерін
жинақтауды үйрендім. Сауалнама арқылы оқушылардың әрқайсының мінезі
қандай екендігі туралы мағлұмат алуға болады. Практика барысында
Улмира
Шакирхановна
күнделікті
өткізетін
сабақтарды
түрлі
көрнекіліктермен, интербелсенді тақтаны тиімді пайдалана отырып,
жаңаша әдіс- тәсілдерді қолданып өтті.
Оқушыларға мектеп ішіндегі
тәртіпті, мәдениетті үйретіп жүрді. бізге білмеген жерімізді үйретіп, көп
тәжірибе жинауға өз үлесін қосты. Біз күнделікті оқушыларды қабылдап
алып, мұғалімге барынша көмектесіп жүрдік. Оқушыларды асханаға
апарып тамақтандырып, асхананың талаптарымен таныстырдық.
Тақырыпқа арналған көрнекіліктер жасап келіп едік,
оқушыларға өте
қызықты болды. Сабақты түрлі көрнекіліктер жасап, ойындар ойнату
арқылы өткен оқушылардың қызығушылығын арттырады екен.
Қорытындылай келе, «Баланың мектептегі алғашқы күні» практикасы
өз мәресіне жетті. Мұғалім алғаш мектеп табалдырығын аттаған
кішкентай бүлдіршіндердің
өмірінде ерекше орын алатын, алғаш қалам
ұстауға үйрететін маман иесі екенін ұғынып, жауапкершілігі өте жоғарғы
екендігіне тағы бір көзім жетті. Мен осы практикада өзіме бөлінген 1«Б»
сынып оқушыларымен жақсы жұмыс жасай алдым деп ойлаймын.
Бойымдағы қабілеттерімді барынша тиімді пайдалануға тырыстым.
Оқушылардың білімін шыңдайтын, келешекте
елімізге еңбегін сіңіретін
балаларды тәрбиелеп шығатын мұғалім болуға деген шабытым одан әрі
шыңдалды. Болашақта осы іс-тәжірибеде жіберген қателіктерді жасамай,
білікті де білімді маман иесі болып, жинаған тәжірибемді тиімді
пайдалануға тырысамын.
Практика жетекшісі: Кенжеева Г.К
Студент-практикан
т: Жиенбаева Г.О