Педагогикасы


Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі



бет40/50
Дата14.10.2023
өлшемі298,41 Kb.
#114753
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50

Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі


Қазіргі жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі ӛте күрделі және ӛзекті болып табылады. Қазіргі психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде «кәсіби құзыреттілік» ұғымының мәнін анықтауға деген нақты концептуалдық кӛзқарастар толық қалыптаспады.
Н.М. Борытко оқытушының кәсіби құзыреттілігі ретінде оның білім беру тәжірибесінде әлеуметтік қолдау тапқан құндылықты бағдарлар жүйесін жүзеге асыру және кәсіби-тұлғалық ӛзін-ӛзі дамытуда жоғары нәтижелерге жету қабілеттілігін атайды.
Н. Кузьмина құзыреттілікті адам сапасы ретінде қарастыра отырып оның келесі түрлерін ажыратады:

  • әлеуметтік-психологиялық құзыреттілік, ол индивидтің ӛзін қоршаған тұлғааралық қарым-қатынас жүйесінде қоршаған адамдармен табысты ӛзара әрекеттесу сапасы ретінде анықталады (әлеуметтік жағдайларда бағдарлана алу, қарым-қатынастың тиесілі тәсілдерін таңдай алу);

  • коммуникативті құзыреттілік – қарым-қатынастың вербальды (сӛйлеу, дикция, дауыс, тембр және т.б.) және вербальды емес (ым, жест, пантомимика, поза және т.б.) іскерліктері мен дағдылары;

  • кәсіби-педагогикалық құзыреттілік, ол педагогикалық жүйе анықтайтын жағдайларда тиімді ӛзара әрекеттесе алу сапасы ретінде айқындалады.

Н. Кузьмина пікірінше, кәсіби-педагогилық құзыреттіліктің негізгі элементтеріне жатады:

  • оқытылатын пән саласындағы арнайы және кәсіби құзыреттілік;

  • білім, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру тәсілдері саласындағы

әдістемелік құзыреттілік;

  • қарым-қатынас саласындағы әлеуметтік-психологиялық құзыреттілік;

  • мотивтер, қабілеттер, бағыттылық саласындағы дифференциалды- психологиялық құзыреттілік;

  • ӛз тұлғасы мен іс-әрекетіндегі артықшылықтар мен кемшіліктер саласындағы ауто-психологиялық құзыреттілік.

А. Бодалев, В. Жуков, Л. Лаптев пікірінше кәсіби құзыреттілік – ол субъектіні кәсіби даярлау және оның іс-әрекет міндеттерін, тапсырмаларды орындау қабілеттілігі, оның кәсіби әрекет талаптарына сәйкестігінің ӛлшемі мен негізгі кӛрсеткіші. Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің негізгі құрамдас компоненттері:

  • білім – адам санасында қалыптасқан оның қоршаған сыртқы және ішкі әлемі туралы ақпарат;

  • іскерліктер – білімді тәжірибеде қолдану, іс-әрекет тәсілдерін меңгеру қабілеттілігі;

  • дағдылар – бірнеше қайтара қайталап орындау негізінде машықтану деңгейіне жеткізілген әрекеттер;

  • кәсіби ұстаным – әрекет пен мінез-құлық сипатын анықтайтын қатынас, құндылық бағдарлардың жүйесі, тәжірибені, шынайылықты және перспективаларды бағалау.

  • адамның жеке-психикалық ерекшеліктері – адамның сапаларында кӛрініс табатын және оның даралығын, іс-әрекет стилін, мінез-құлқын анықтайтын психиканың түрлі құрылымдық-функционалдық компоненттерінің үйлескен жиынтығы;

  • акмеологиялық нұсқалар – ӛзін-ӛзі дамытудың, шығармашылықтың және ӛзін-ӛзі жетілдірудің қажеттілігін негіздейтін ішкі ынталандырушы күштер.

Педагогтың кәсіби білімін педагогикалық үрдісті ұйымдастыру үшін қажет жалпымәдени, психологиялық-педагогикалық білімдер, жоғары білікті мамандарды даярлау үшін қажетті арнайы білімдер құрайды. Кәсіби білімдер құрылымында ажыратады:

  • студенттердің жас және дара ерекшеліктерін, оқыту үрдісіндегі қатынастар мен қарым-қатынас ерекшеліктерін, кәсіби әрекеттің жағымды және жағымсыз сапаларын ескере отырып оқу материалын оқытуға мүмкіндік беретін психологиялық білім;

  • әдіснамалық, теориялық, әдістемелік және технологиялық деңгейлерде қалыптасқан оқыту түрлерін, әдіс-тәсілдерін, құралдарын таңдауды анықтайтын педагогикалық білімдер;

  • белгілі бір мамандықтың ерекшелігі, мамандықтың жағдайы мен даму болашағы, кадрларды даярлау жүйесі туралы кәсіби бағытталған білімдер кешені;

  • ғылыми-зерттеушілік білімдер – ғылыми әдебиетпен жұмыс, экспериментті ӛткізу, ғылыми байқау нәтижелерін ӛңдеу.

В.А. Сластенин, И.Ф. Исаев, А.И. Мищенко және Е.Н. Шиянов пікірінше педагогикалық құзыреттілік – педагогикалық іс-әрекетті тиімді
жүзеге асыруға, педагогикалық қарым-қатынасты мақсатты ұйымдастыруға мүмкіндік беретін және педагогтың тұлғалық дамуы мен жетілуін кӛздейтін интегративті құбылыс, оның мәні педагогикалық білім, тәжірибе, педагогтың сапалары мен қасиеттерінің жүйелілік бірлігі.
А.К.Маркова кәсіби құзыреттіліктің тӛрт түрін ажыратып кӛрсетеді: арнайы, әлеуметтік, тұлғалық, дара.

  1. Арнайы, немесе әрекеттік кәсіби құзыреттілік іс-әрекетті жоғары кәсіптік деңгейде меңгеруді сипаттайды және ӛзіне тек арнайы білімдерді ғана емес, сонымен бірге оларды тәжірибеде қолдана алу іскерлігін де қамтиды.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет