Педагогикасы



бет41/50
Дата14.10.2023
өлшемі298,41 Kb.
#114753
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50
Әлеуметтік кәсіби құзыреттілік кәсіби қауымдастықта қабылданған кәсіби қарым-қатынас, бірлескен кәсіби әрекет және ынтымақтастық тәсілдерін меңгеруін сипаттайды.

  • Тұлғалық кәсіби құзыреттілік кәсіби құлдырауға тӛтеп беру құралдарын, ӛзін-ӛзі кӛрсету және ӛзін-ӛзі дамыту тәсілдерін меңгерумен сипатталады. Осында маманның ӛз кәсіби әрекетін жоспарлауға, шешімдерді дербес қабылдауға, мәселені кӛре білуге қабілеттілігін жатқызады.

  • Дара кәсіби құзыреттілік ӛзін-ӛзі реттеу тәсілдерін меңгеруін, кәсіби ӛсуге даярлығын, тұрақты кәсіби мотивацияның болуын сипаттайды.

    А. К. Маркова бойынша педагогтың кәсіби маңызды сапаларының құрылымы келесі сипаттама блоктары арқылы кӛрініс таба алады.

      • объективті сипаттамалар: кәсіби білімдер, кәсіби іскерліктер,

    психологиялық және педагогикалық білімдер;

      • субъективті сипаттамалар: психологиялық ұстанымдар, тұлғалық ерекшеліктер.

    А. К Марков бойынша маңызды кәсіби сапаларға жатады:
    педагогикалық ой-ӛріс, педагогикалық мақсаткерлік, педагогикалық (тәжірибелік және диагностикалық) ойлау, педагогикалық интуиция, педагогикалық импровизация, педагогикалық байқағыштық, педагогикалық оптимизм, педагогикалық тапқырлық, педагогикалық болжампаздық және педагогикалық рефлексия.
    Қазақстан Республикасының жаңа формация педагогына үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасында қазіргі педагогқа қойылатын келесі талаптардың сипаттамасын анықтайтын: Жаңа формация мұғалімі – үздіксіз ӛзін-ӛзі жетілдіруге ұмтылатын, педагогикалық құралдардың бүкіл алуан түрлілігін кәсіби меңгерген, рухани дамыған, әлеуметтік кемелденген, шығармашыл тұлға, құзыретті маман. Ол ӛзіне жоғары білімді және шығармашыл тұлғаны қалыптастыру мен дамыту үшін жауапкершілікті алады.
    Кәсіпқой мұғалім ӛз пәнін жетік біліп қана қоймай, педагогикалық үрдістегі әрбір қатысушының орнын кӛре білу, оқушылардың әрекетін ұйымдастыра алу және оның нәтижелерін болжай алу, мүмкін ауытқушылықтарды түзете алу тиіс.
    Жаңа формация мұғалімі меңгеруі тиіс педагог құзыреттілігі құзырлықтардың үш тобының қалыптасу деңгейіне байланысты: әдіснамалық
    (психологиялық-педагогикалық) құзырлық; жалпы мәдени (дүниетанымдық) құзырлық; пәндік бағдарланған құзырлық.
    Педагогикалық әрекеттің шығармашылық бағыттылығы мұғалім бойында келесі білім, іскерлік, сапалардың болуын қарастырады:

    1. жаңа формация мұғалімі ретінде ӛз мүмкіндіктерін объективті бағалай алу, аталған мамандық үшін маңызды (ӛзін-ӛзі реттеу, ӛзін-ӛзі бағалау ерекшеліктері, эмоционалдық кӛріністер, коммуникативті, дидактикалық қабілеттер және т.б.) мықты және әлсіз жақтарын білу;

    2. интеллектуалдық әрекеттің жалпы мәдениетін (ойлау, есте сақтау, қабылдау, қиял, зейін), мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін, оның ішінде педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі;

    3. мәні қазіргі білім беру полимәдениетті болып бара жатқанын, сәйкесінше мұғалімнің кең тілдік даярлығын қажет ететін, жүріп жатқан интеграциялық үрдістерде, әлемдік білім беру кеңістігі дамуының тенденцияларында бағдарлана алу.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет