Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары 1-тарау. Жалпы ережелер


Шет (қытай, түрік, араб және т. б.) тілдерінің педагогтеріне жеке өтініш және бірінші тіл ретінде сөйлейтін елдерде ресми танылған сертификат негізінде



бет15/34
Дата17.01.2023
өлшемі383 Kb.
#61618
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34
Байланысты:
Аттестатция жаңа ереже

80. Шет (қытай, түрік, араб және т. б.) тілдерінің педагогтеріне жеке өтініш және бірінші тіл ретінде сөйлейтін елдерде ресми танылған сертификат негізінде:
В2 деңгейі бойынша «педагог-модератор» біліктілік санаты,
С1 немесе С2 деңгейі бойынша «педагог-сарапшы» біліктілік санаты қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтаудан өткеннен кейін Біліктілік тестілеу рәсімін әрі қарай өтпей беріледі.
81. Педагогикалық білімі жоқ, бірақ жеке өтініші негізінде ағылшын тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаттары бар адамдарға аттестаттау рәсімінен өтпей-ақ біліктілік санаты беріледі:
«педагог-сарапшы»:
TEFL/TESOL (Teaching English to Speakers of Other Languages/ Teaching English as a Foreign Language);
«педагог-зерттеуші»:
CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A;
«педагог-шебер»:
DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above.
82. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 маусымдағы №390 «Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту қағидаларын бекіту туралы (Арнаулы бағдарлама)» қаулысымен бекітілген арнайы бағдарлама бойынша жұмысқа қабылданған педагогтерге (арнайы бағдарлама) жеке өтініш негізінде аттестаттау рәсімінен өтпей-ақ біліктілік санаты беріледі:
жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне – «педагог-модератор»;
«педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» біліктілік санаты бар педагогтарға – бір саты жоғары.
Алынған біліктілік санаты арнайы бағдарлама бойынша жұмыс істеу кезеңіне сақталады. Басқа жұмысқа ауысқан кезде алдыңғы біліктілік санаты беріледі.


4-тарау. Біліктілік тестілеуін өткізу тәртібі

83. Біліктілік тестілеуін тапсыру үшін педагог дипломда көрсетілген мамандығы немесе негізгі лауазымы бойынша осы Қағидалардың 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымға өтініш береді. Біліктілік тестілеуінен өтуге өтініш берген кезде педагогтер тапсыру тілін (қазақ, орыс), күнін, уақытын таңдайды.


84. Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым Біліктілік тестілеуін өткізудің операторы болып табылады. Біліктілік тестілеуі электрондық форматта өткізіледі.
85. Педагогтің тестілеу тапсыру үшін берген өтініші білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымның деректер базасына түседі. Уәкілетті орган ретінде белгілеген ұйым педагогтің жеке кабинетіне осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуге рұқсаттама жібереді.
86. Біліктілік тестілеуі білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімде педагогтің өтінішіне сәйкес өткізіледі.
87. Педагогикалық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірген, педагогикалық қызмет өтілі жоқ кандидаттар Біліктілік тестілеуін табысты өткеннен кейін жұмысқа қабылданады. Осы өтілі жоқ кандидаттар үшін білім беру ұйымында «педагог-тағылымдамашы» біліктілік санаты беріледі.
88. Біліктілік тестілеуі:
педагогтер:
күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет – ақысыз;
күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет қайта өту ақылы негізде;
күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет мерзімінен бұрын аттестаттауға өтініш берген педагогтер – ақысыз;
сынақ (педагогтің қалауы бойынша) – күнтізбелік жыл ішінде ақылы негізде;
техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар өтілі жоқ кандидаттар, педагогикалық қызметті қайта бастағысы келетін адамдар:
күнтізбелік жыл ішінде 1 рет – ақысыз; күнтізбелік жыл ішінде қайта – ақылы негізде;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет