қайта аттестаттауға жатады.
Егер білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы Біліктілік тестілеу қорытындысы бойынша ең төменгі өту балын жинамаған жағдайда, аттестаттау комиссиясы «қайта аттестаттауға жатады» деген шешім қабылдайды.
148. Қайта аттестаттау бұрынғы аттестаттау комиссиясы шешім шығарған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кейін өткізіледі. Аттестаттау комиссиясы қайта аттестаттаудан өткізгеннен кейін мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
атқаратын лауазымына сәйкес келеді;
еңбек шартын бұза отырып, атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.
«Еңбек шартын бұза отырып, атқаратын лауазымына сәйкес келмейді» шешімін қабылдау кезінде Біліктілік тестілеу нәтижелері, аттестаттау кезеңіндегі қызметтің негізгі көрсеткіштерінің орындалу динамикасы, сондай-ақ сұхбаттасу нәтижелері ескеріледі.
149. Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшыларын ерікті аттестаттау нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
мәлімделген біліктілік санатына аттестатталды;
мәлімделген біліктілік санатына растаумен аттестатталды;
мәлімделген біліктілік санатына аттестатталмаған.
150. «Мәлімделген біліктілік санатына аттестатталмаған» шешімін қабылдаған кезде Комиссия үш жұмыс күні ішінде аттестатталушының электрондық поштасына жібереді немесе осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссияның барлық мүшелері қол қойған біліктілік санатын беруден (растаудан) бас тарту туралы негіздемесі бар жазбаша хабарламаны басшының профиліне бекітеді.
151. Аттестаттау қорытындысы бойынша білім саласында сапаны қамтамасыз етудің өңірлік департаменттері (бұдан әрі – БССҚЕД) аттестаттау рәсімінің дұрыс жүргізілуіне және осы Қағидаларға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігіне іріктеп бақылау жүргізеді.
2-параграф. Білім беру ұйымы басшысының орынбасарларын, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшысының орынбасарларын және әдіскерлерін аттестаттаудан өткізу тәртібі
152. Білім беру ұйымы (әдістемелік кабинет (орталықтар) басшысының орынбасарларын аттестаттау лауазымға тағайындалған (жұмысқа қабылданған) сәттен бастап үш жыл өткеннен кейін алты айдан кешіктірілмей жүргізіледі және осы Қағидалардың 4-тармағында жазылған кезеңдерді қамтиды.
153. Аттестаттау рәсіміне қатысатын білім беру ұйымы (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшыларының орынбасарлары атқаратын лауазымында үш жыл болғаннан кейін «үшінші біліктілік санаты басшысының орынбасарынан» бастап, «екінші біліктілік санаты басшысының орынбасары» немесе «бірінші біліктілік санаты басшысының орынбасары» кезектілігін сақтай отырып, біліктілік санаттарын беруге өтініш береді.
154. Аттестаттау рәсіміне қатысатын әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері атқаратын лауазымында үш жыл болғаннан кейін «педагог-модератордан» бастап «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» кезектілігін сақтай отырып, біліктілік санаттарын беруге өтініш береді. Біліктілік санаты үш жылға жарамды.
Достарыңызбен бөлісу: |