«педагог» біліктілік санатына: тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар немесе «педагог-тағылымдамашы» санатына қойылатын талаптарға сәйкес келетін қайта даярлау курстарынан өткен және кемінде 1 жыл педагогикалық өтілі бар адамдар; тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар немесе қайта даярлау курстарынан өткен адамдар, бастапқыда «педагог-тағылымдамашы» санатын беруге ұсынылатын, Біліктілік тестілеуінен сәтті өткен адамдарды қоспағанда, оның ішінде: педагогикалық лауазымдағы жұмысын қайта бастаған (жалпы педагогикалық өтілі 1 жылдан кем емес 5 жылдан аспайтын педагогикалық лауазымға қайта бастау мерзімі) және біліктілік санаты жоқ; білім беру ұйымдарына білім беру саласындағы уәкілетті органнан, білім беруді басқару органдарынан, әдістемелік кабинеттерден, біліктілікті арттыру институттарынан, жоғары оқу орындарынан ауысқан;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мамандығы бойынша оқуда (тағылымдамада) болған;
педагогикалық қызметті жүзеге асырған және Қазақстан Республикасына жақын және алыс шет елдерден келген;
тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар немесе 2021 жылғы 3 желтоқсанға дейінгі мерзімде педагог ретінде білім беру ұйымдарына қабылданған, біліктілік санаты жоқ қайта даярлау курстарынан өткен адамдар, сондай-ақ арнайы пәндер бойынша педагог лауазымдарына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметке кіріскен педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері;
қосымша білім беру жүйесінде 5 және одан да көп жыл кәсіби өтілі бар адамдар. «Педагог» санатына үміткер педагогтер № 338 бұйрыққа немесе кәсіптік стандартқа сәйкес біліктілік талаптарына және мынадай кәсіптік құзыреттерге сәйкес келуі тиіс:
оқу пәнінің, оқу-тәрбие процесінің мазмұнын, оқыту және бағалау әдістемесін біледі; білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлайды және ұйымдастырады, білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысады, білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асырады, кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгерген, цифрлық білім беру ресурстарын қолданады;
лессон стади Lesson Study сабақты зерттеуді жүргізеді, акшин ресерч Action Research әдісін қолданады;
«Педагогикалық этиканың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20619 болып тіркелген) сәйкес педагогикалық этиканың негізгі нормаларын сақтайды;
2) «педагог-модератор» біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен адамдар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін кемінде екі жыл педагогикалық өтілі бар адамдар:
«педагог» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа:
оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
кәсіби шеберлік конкурсының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес білім беру ұйымының, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушы немесе жүлдегер немесе жеңімпаз оқушылары бар;