1-параграф. Біліктілік бағалауын өткізу тәртібі
138. Біліктілік бағалауы ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім бөлімі, облыстың (облыстық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін), республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Білім басқармалары органдарында, тиісті саладағы уәкілетті органда (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) өткізіледі.
139. Біліктілік бағалауы аттестатталушылар ұсынған құжаттардың: жеке басын куәландыратын құжаттың, білімі туралы дипломның, білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген, кемінде 72 сағат «Білім берудегі менеджмент» бағдарламасы бойынша курстардан өткені туралы құжаттың, қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелеріне сәйкестігін қарауды қамтиды.
140. Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары мен басшы орынбасарларының, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерінің құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда, тиісті деңгейдегі аттестаттаушы органның Персоналды басқару қызметі құжаттарды қабылдамайды және дәлелді бас тартуды ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |