Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары


«Педагог-зерттеуші» біліктілік санатын мерзімінен бұрын алуға мынадай талаптардың кемінде алтауына сәйкес келетін педагогтер қатысады



бет13/17
Дата01.11.2022
өлшемі73,69 Kb.
#46698
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

«Педагог-зерттеуші» біліктілік санатын мерзімінен бұрын алуға мынадай талаптардың кемінде алтауына сәйкес келетін педагогтер қатысады:


  • білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық, халықаралық деңгейлерде кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болып табылатын адамдар;

  • білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық, халықаралық деңгейлерде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған адамдар;

  • білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген, басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторлары (тең авторлары) болып табылатын адамдар;

  • ғылым кандидаты/докторы немесе PhD докторы ғылыми дәрежесі және кемінде үш жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғалар;

    • кәсіпорыннан, бейінді ұйымнан педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар адамдар;

    • Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Сарапшылардың электрондық базасына» сәйкес немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіретін адамдар;

    • еліміздің, облыстың телевидениесінде трансляциялау үшін енгізілген бейне -, телесабақтар дайындаған адамдар;

    • облыстық деңгейдегі «Үздік педагог» атағына ие болған адамдар;

    • «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылатын адамдар;

    • Уорлд скилс (WorldSkills) республикалық немесе халықаралық чемпионаттарының жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған тұлғалар.


      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет