Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары


Мынадай санаттағы педагогтерге



бет11/17
Дата01.11.2022
өлшемі73,69 Kb.
#46698
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

Мынадай санаттағы педагогтерге:

«санаты жоқ» біліктілік санаты «педагог» біліктілік санатына теңестіріледі;

«екінші санат» біліктілік санаты «педагог-модератор» біліктілік санатына теңестіріледі;

«бірінші санат» біліктілік санаты «педагог-сарапшы» біліктілік санатына теңестіріледі;

«жоғары санат» біліктілік санаты «педагог-зерттеуші» және (немесе) «педагог-шебер» біліктілік санаттарына теңестіріледі.


«Өзін-өзі тану» пәнінен сабақ беру кезінде педагогтің біліктілік санаты білім беру бағдарламалары бойынша «Өзін-өзі тану» пәні бойынша біліктілікті арттыру курстары туралы уәкілетті органмен келісілген құжаты болған кезде бұрын оқытылған пән бойынша біліктілік санатына теңестіріледі және қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
«Көркем еңбек» пәні бойынша сабақ беретін педагогтер «Технология», «Бейнелеу өнері», «Сызу» мамандықтары бойынша дипломмен аттестаттаудан өтеді; «Графика және жобалау» пәні бойынша – «Бейнелеу өнері», «Сызу», «Информатика» мамандықтары бойынша диплом, сондай-ақ бұрын берілген біліктілік санатын ескере отырып кәсіптік оқыту ескеріледі.

Педагогтерге біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын беру тәртібі

Бiлiктiлiк санатын мерзiмiнен бұрын беруге кезектi аттестаттаудан кейiн екi жыл өткен соң жол берiледi. Педагог Біліктілік тестілеуін сәтті тапсырғаннан кейін және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен соңғы екі жыл ішінде тиісті қызмет нәтижелері болғаннан кейін осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мерзімінен бұрын аттестаттауға өтініш береді.

«Педагог-модератор» біліктілік санатын мерзімінен бұрын беруге педагогтер кемінде мынадай екі талапқа сәйкес болған жағдайда қатысады:


  • пәнді ағылшын тілінде оқыту құқығымен жоғары оқу орнын бітірген, ағылшын тілін С1 деңгейінен төмен емес (сефр (CEFR) шкаласы бойынша) білетіндігін растайтын сертификаты (куәлігі) бар немесе ғылыми-педагогикалық бейіні бойынша «магистр» академиялық дәрежесі берілген дипломы бар адамдар;

  • білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес аудан (облыстық/республикалық маңызы бар қала) деңгейінде кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болып табылатын адамдар;

  • білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық деңгейде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған адамдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет